Ақтөбеде қылмыстық топ мүшесі оқушыны есірткіге үйреткен

    Ақтөбеде нашақорларға есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ сотталды. Олардың бірі 15 жастағы мектеп оқушысын марихуана шегуге үйреткен. Ер бала есірткіге қажет ақшаны анасынан қызымен қыдыратындығын желеу етіп, сұрап алған көрінеді.

    Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың 4 мүшесіне сот үкімі шықты. Олардың бірі-әйел адам. Сотталушылар 2017 жылдың наурызы мен 2018 жылдың ақпан айы аралығында ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан. Сот материалдарына қарағанда, қылмыстық топ мүшелері бірнеше рет нашақорларға газет орамасына салынған марихуананы 2 мың теңгеге өткізген. Ал полиэтиленді пакетке салынған есірткіні 10-12 мың теңгеге саудалаған. Осылайша еш жерде жұмыс істемейтін олар заңсыз жолмен пайда тауып отырған көрінеді. Тіпті есірткі тұтынушылардың арасында мектеп оқушысы да болған. Сотта кәмелетке жасы толмаған жасөспірім айына 4-5 рет есірткі сатып алғандығын айтты. Топ мүшелерінің бірі 15 жастағы жасөспіріммен көрші тұрған. 2017 жылдың ақпан айында ол мектеп оқушысын өз туған күніне шақырып, марихуана шегуге үйреткен.Тергеу кезінде жасөспірім есірткі сатып алуға қажетті ақшаны анасынан “қызын қыдыртамын” деген желеумен сұрап алғаны анықталды. Сот отырысы кезінде ол 2017 жылдың қыркүйегінен бастап есірткі қолданбайтындығын және сотталушымен араласуды тоқтатқанын жеткізді.
    Сотта қылмыстық топ мүшелері өздеріне тағылған кінәні ішінара мойындап, есірткіні тек өздері қолдану үшін сақтап келгендерін айтып ақталды.
    - Кінәлі емеспін. Маған ор қазды,-деп айқайлады сот отырысы кезінде сотталушылардың бірі.
    Дегенмен сотқа келген есірткі тұтынушылар олардан марихуана сатып алғандарын жасырмады. Куәгерлердің кейбірі сотта бүркеншік атпен жауап беріп, қылмыстық топты ұстауға көмектескендерін айтып берді. Әрі қылмыстық топ басшысының үйін тінту кезінде 54 келіге жуық марихуана тәркіленген. Сотталушылар биыл 27 ақпанда қамауға алынды.
    2 қазан күні Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушыларға сот үкімі шықты. Судья Алтынбек Сабыров сотталушыларды ҚР Қылмыстық Кодек сінің 262 бабының 2-бөлігі мен 297 бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп тапты. Қылмыстық топтың жетекшісі делінген Бекен Арыстанбаев 17 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейді. Бұған қоса топ мүшелері Ақылжан Сарин 16 жылға, ал Юлия Коробчук 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Осы уақытқа дейін ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен жүрген әйел сот залында қамауға алынды. Ал осыған дейін бірнеше рет сотталған Нұрғали Аташбаев 17 жылға сотталды. Бұрын адам тонап, бопсалаумен айналысқан оның ісі қауіпті рецидив деп танылды. Сот үкіміне сәйкес, сотталушылардың екеуі маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделеді. Бұған қоса оларға тиесілі ұялы телефондар, 415 мың теңге мен Nissan ALMERA маркалы автокөлігі мемлекет пайдасына тәркіленді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
  • Жұмыссыз ақтөбеліктен бір келіден аса марихуана табылды
  • Ақтөбеде жұмыссыз жігіттер есірткі сатқан
  • Ақтөбеде есірткі сатқан нашақор 10 жылға сотталды
  • Есірткі тасымалдаған ағайынды үш жігіт сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге