Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл

    Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл

    Ақтөбе жерінде қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың 90 жылдық тойы басталды. 15 маусым күні облыс орталығынан бастау алған ерліктің мерекесі батырдың туған топырағы Қобда жерінде жалғасады.

    Биыл Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл. Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен тұспа тұс келіп тұрған бұл атаулы датаны ақтөбеліктер атаусыз қалдырмақ емес. Батырдың тойына дайындыққа ақтөбеліктер былтыр кірісіп кетті. Ақтөбеде басталып, Қобдада жалғасатын бұл той халықтардың ынтымағын арттырған ерлік пен даңқтың, достықтың мерекесіне айналмақ.
    Соның бір айғағы – “Әлия гүлі” достарын шақырады” атты балалар мен жасөспірімдердің VI халықаралық фестивалі. Биыл бұл фестивальға Қазақстан мен Ресей, Татарстанның түпкір түпкірінен 300-ге жуық өнерлі жас жиналды.
    -Маусымның 15-18 аралығында Ақтөбеде “Әлия гүлі” достарын шақырады” атты дәстүрлі фестиваль өтеді. Оған мәскеулік “Перепляс” , Қазан қаласынан “Styles”, Набережные Челны қаласынан “Бисеринки” , орынборлық “Гранд”, Ор қаласынан “Орчаночка”, Соль-Илецктен “Каруселька” би ансамбльдері келді.Қазақстандық өнер ұжымдары да аз емес. Талантты балалар өз өнерлерін Әлия Молдағұлованың 90 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнамақ,-дейді Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Қорғанбаева.

    Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл

    15 маусым күні батырдың мерейтойы салтанатты шерумен басталды.Ақтөбедегі ұшқыштар даярлайтын әскери оқу орнының курсанттары аллея бойымен Совет одағының батыры атағын алған 25 жерлесіміз бен Даңқ орденінің кавалері болған 9 азаматтың суреттерін алып өтті. Шерушілер Батырлар аллеясымен әндете жүріп өтіп, Әлия Молдағұлованың ескерткішіне кеп тоқтады. Ескерткішке гүл қойды.
    Салтанатты шараға шетелдік қонақтармен бірге Әлия Молдағұлованың туыстары, өмірі мен ерлігін насихаттап жүрген азаматтар да қатысты. Солардың бірі “Қос шынар” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес Ұлы Отан соғысы жылдары майданға ақтөбелік қыз-келіншектердің өте көп аттанғанын айтады. Мысалы, Шалқар қаласынан 80 қыздың соғысқа кеткендігі туралы мәлімет бар. Ал қазақ даласынан бес мыңнан астам бойжеткен ұрыс даласына барып, қолына қару ұстады, - дейді ол.
    Әлия Молдағұлова ел басына күн туғанда қаймықпаған қайратты арулардың бірі. Батырмен туыс екендігін Сапар Молдағұлов та мақтан тұтады. Әлияның нағашысының ұлы Сапар Молдағұловтың айтуынша, оны перзентханадан қазақтың даңқты қызы шығарып алған.
    - Қазір жасым 74-те. 1941 жылы соғысқа аттанбас бұрын Әлия апамыз мені перзентханадан шығарып алған екен. Оның ерлігі туралы кішкен-тайымнан естіп өстім. Әлия қазір бір әулеттің ғана мақтанышы емес. Күллі қазақтың абыройы,-дейді Сапар Әубәкірұлы.
    Батырдың туысының бұл сөзін мерейтойға Мәскеуден арнайылап келген өнерлі жас Максим Вергунов та құптай жөнелді. “Перепляс” би ұжымының мүшесі “Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы көп білемін. Батырдың есімімен аталатын “Әлия гүлі” би ансамблімен түрлі байқауларда жолығып жүрміз. Ансамбль мүшелері біздің жақын достарымыз. Бірақ, өз басым Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Ақтөбе қаласы қатты ұнады. Қалаларыңыздан мерекенің иісі сезіледі. Қазақстандықтарды Әлия Молдағұлованың мерейтойымен құттықтаймын,- дейді “Перепляс” би ұжымының мүшесі Максим Вергунов.
    15 маусым күні кешкі сағат 19:00-де Студенттер Сарайында фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Онда ақтөбеліктер фестиваль қатысушыларының концерттік бағдарламасын тамашалады.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылықтарын дамыту ғана емес, сонымен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп, жақынға жан жылуын сыйлай білуді үйрету. Осы мақсатпен фестиваль қатысушылары 16 маусым күні Алға балалар үйіне барып, концерттік бағдарламасын көрсетті.
    Ақтөбеде басталған той бүгін яғни, 18 маусым күні Қобда жерінде жалғасады. Астана, Мәскеу, Қазан және басқа қалалардан келген балалардың өнерін батырдың тойына елдің түпкір түпкірінен келген қонақтар мен мерген қыздың жерлестері де тамашалай алады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қобдадағы той
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 70 жылдығын мерекелейді
  • Әлияның сіңлісі Монаковаға баруға қаржы таппай отыр
  • Әлия музейіндегі ең құнды экспонат Ақтөбеге қалай жетті?
  • Әлия Әшім – “Қазақ Аруы-2015“ байқауының жеңімпазы
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге