Ақтөбеде мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды

    █ Ақтөбедегі орта мектептердің бірінде оқушыдан құрт ауруы анықталды. Барлық оқушылардан манту сынамасы алынып, тексеру жүріп жатыр. Алайда дәрігерлер туберкулездің бұл түрі қоршаған ортаға еш зиянын тигізбейтінін айтады.

    Ақтөбедегі мектептердің бірінде бастауыш сыныптың оқушысынан туберкулез анықталды. Қазір білім ордасында оқитын басқа балалар жаппай тексеруден өтіп жатыр. Дегенмен дәрігерлер байбалам салуға еш негіз жоқ деп отыр.
    - Қазір Ақтөбеде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша, құрт ауруына шалдығу 11,2 пайызға төмендеді. Оның ішінде балалар арасында 28,7 пайызға азайды. Ал №10 орта мектептегі жағдайға келер болсақ, 5 қазан күні қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарлама түсті. Осыдан кейін мектепте жедел түрде тексеру жүргізілді. Барлық сыныптар дезинфекцияланды. Оқушымен қарым-қатынаста болған балалар қосымша дәрігерлік тексеруге жіберілді,-дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.
    Мамандар баланың отбасындағы 5 адамнан да ешқандай ауру белгілері анықталмағанын айтады. Оқушы жазғы демалысын Атырау облысының Құлсары қаласында өткізген. Сол себепті тексеру жұмыстары Атырау облысында да жүргізілетін болды. Заң бойынша мектепте туберкулез ауруы табылған жағдайда карантин жарияланбайды. Дегенмен қазір мектеп әкімшілігі ата-аналардың кіруіне тыйым салып, бетпердемен келуді талап етіп отыр.Ал ауру жұқтырған бала ауруханада ем алып жатыр. Туберкулездің бұл түрі қоғамға қауіпті емес дейді дәрігерлер.
    -Бала қазір ем алып жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық. Оның қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Туберкулездің жеңіл түрі деуге болады. Диагнозы – кеуде қуысындағы бездің туберкулезі. Ал мектеп оқушыларынан манту сынамасын алу-жоспарлы жұмыс.Бұл жұмыстар жергілікті емханаларда жүргізіледі. Егер оның манту сынамасы ісіп кетсе, әрі қарай тексеру жұмыстары жүргізіледі,-дейді облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Ерлан Тәтімов.
    Айта кетелік, биыл облыста 9 баладан туберкулез ауруы анықталған. Жалпы 679 бала арнайы сауықтыру орындарында ем қабылдап жатыр. Ал жыл басынан бері 18 адам құрт ауруынан көз жұмған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде оқу орталығының мұғалімі туберкулезге шалдықты
  • Ақтөбеде студенттерден туберкулездің ашық түрі анықталды
  • Туберкулезге шалдыққан 7 адам дәрігерлерден қашып жүр
  • Туберкулезбен ауыратын 14 ақтөбелік ем алудан қашып жүр
  • Мектеп оқушысы туберкулездің жұқпалы түрімен ауырған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге