Хромтаудағы шахтада жарылыс болды

    Хромтаудағы шахтада жарылыс болды

    █ Хромтау ауданындағы Дөң кен байыту комбинатында жарылыс болды. Жоспарлы жарылыс кезінде серіктесімен келіспегенінің салдарынан бір адам ауруханаға түсті. Өзінің әріптесі сол сәтте қаптың артындағы қауіпті аймаққа барғанын білмеген шахта қызметкері таулы массаны жарып жіберген.

    Оқиға 12 қазан күні болды. Өзінің әріптесінің тау жыныстарының қауіпті аймағында болғанын білмей, шахта қызметкері ауыр массаны жарып жіберген. Апат салдарынан зардап шеккен 42 жастағы Мейрамбек Кенжеғалиев қазір облыстық ауруханада жатыр. Ол бас жарақатын алған.
    - Ең бастысы зардап шеккен ер азамат жазылып келеді. Оның көптеген зақымдары бар. Бірақ науқас жақсы. Оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді,-дейді жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.
    «Қазхром ТНК» АҚ басшылығы жәбірленуші мен оның отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді. Қазіргі кезде инспекторлар жарылыстың себебін анықтауда.
    - Қызметкеріміз сағат 22.40 минутта жоспарлы жару жұмыстарын жүргізу кезінде тау-кен жыныстары шашырайтын қауіпті аймақта болған. Апатты жағдайдан комбинаттың 42 жастағы кен жарушысы зақымданды. Жазатайым оқиғаны тексеру бойынша комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталады. Тексеру нәтижелері бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қосымша нұсқаулар жүргізіледі,-дейді «Қазхром» ТҰК» АҚ Корпоративтік коммуникация қызметкері Виктория Машкарина.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Sinooil”- дағы жарылыстан зардап шеккен екі оператор көз жұмды
  • “Sinooil”- да жарылыс болып, екі адам зардап шекті
  • Ақтөбеде жеке компанияның қызметкері өзін-өзі жарып жіберді
  • Саяжайдағы жарылыс кезінде “ҚазТрансГазАймақтың” слесары зардап шекті

  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге