Ақтөбелік журналист тойында анасының аяғын сүйді

    Үйлену тойында Анасының аяғынан сүйген ақтөбелік журналист елді сүйсіндірді. Бұл туралы «Керек.info» тілшісі хабарлайды.

    Той қазанның 21 күні болды. «Керек.info» газетінде бірнеше жыл еңбек еткен әріптесіміз Қамбар Мұқашев өзінің үйлену тойында анасының табанын сүйіп, тойға жиналған халықты сүйсіндірді. Қазақша дәстүрге сай жасалған «Қазақ» мейрамханасында алғашқылардың бірі болып той жасады. Мейрамхана тарихындағы алғашқы той да Қамбар мен Әзизаның шаңырақ көтеруімен бастау алды. Қызылорданың журналист қызын өзіне жар еткен тілшінің жасаған әрекетіне жиналғандардың барлығы риза болды. Тоғызда басталған той түнгі он екіде аяқталды. Үш-ақ сағатқа созылған тойдың ішінде тост та айтылды, би де биленді, ән де шырқалды. Асабаның ата-ана туралы айтқан сөзіне ешқандай қарсылығын білдірмей анасына деген ризашылығын білдірді.
    - «Анасының батасын алғаннан жаман болмайды», «Жұмақ ананың
    табанының астында»,-дейді тойды басқарған Қамбардың әріптесі, асаба Әлішер Садық.
    Үш сағаттық той ақтөбеліктер үшін қайталанбас жағдай. Себебі, Ақтөбедегі тойлардың көбі түнгі екіде аяқталады. Журналисттің анасына деген жасаған құрметі де мақтауға тұрарлық. «Керек.info» әріптесімізді құрған отауымен құттықтап, шексіз бақыт тілейді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • "Қазақ қызын мазақ етеді": Асхат Садырбай сұлулық байқауларын сынға алды
  • ҚАМБАР БАТЫР "АРАҒЫН ҚОЙДЫ". . .
  • Шалқарда тостсыз той өтті
  • Ақтөбеде өгей қызын өлімші еткен әке сотталды
  • Жоғалған оқушы ата-анасына ренжіген
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге