Ақтөбенің екі мектебінде оқушылар пышақтасты

    Ақтөбеде мектеп оқушылары бір –біріне пышақ сұғып алды. Оқыс оқиға екі бірдей білім мекемесінде тіркелді.

    Алғашқы оқиға Қызылжар ауылындағы М.Мақатаев атындағы №73 орта мектепте болған. Білім мекемесінің тоғызыншы сыныбында оқитын оқушы басқа балаға пышақ сұғып алған.
    -Қазан айында 8-9 сыныпта оқитын оқушылардың арасында кикілжің болып, екеуі төбелесіп қалған. Оған бірінің екіншісі туралы боғауыз сөз айтуы себеп болған. Оқиға ер балаларға арналған әжетхананың қасында болды. Төбелес кезінде 9-сынып оқушысы өзге балаға пышақ сұғып алған. Дереу балалардың шақыртуы бойынша сол жерге барып, жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бала жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бірақ оның ата-анасы арыз жазудан бас тартты. Қазір бұл мәселе толықтай шешілді. Оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс барысында оқушының қолындағы пышақтың суық қаруға жатпайтыны анықталды,-дейді мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Ахметова.
    Ал екінші жайт Кірпішті ауылындағы № 18 мектепте болған. Бұл жолы білім мекемесінің 9-сыныбында оқитын оқушылар өзара келіспей қалған. Ақыры бірі екіншісінің жамбасына пышақ сұғып алған.
    - Оқиға 17 қазанда тіркелді. Қазір кәмелетке толмаған жасөспірімге дене жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 293 -бабы 3- тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің арасында пышақ ұстап жүру фактісі бойынша қазіргі таңда Ақтөбе облысының Білім беру басқармасына оқу орындарында тесіп – кесетін заттарды ұстап жүруге тыйым салынатыны туралы мектеп Жарғыларына енгізу үшін ұсыныс жолданды,-деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
    Естеріңізге сала кетелік, бұл Ақтөбе облысының мектептерінде тіркеліп отырған алғашқы жағдай емес. Осыған дейін Ақтөбеде “Алтын белгі иегері” Бекназ Кеңшілік 9 жылға сотталып кеткен еді. Ол өзара кикілжің кезінде 18 жастағы жасөспірімге пышақ салып алған. №19мектептің түлегі көп қан жоғалтып, ауруханада көз жұмды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Байғанинде оқушылар пышақтасты
  • Ақтөбеде түнгі клубта төбелес болды
  • Ақтөбелік оқушылар суық мектепте оқуға мәжбүр
  • Қандыағашта оқушылар бір–бірін пышақтап тастады
  • Ақтөбеде екі оқушы өзін өзі өлтірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге