Ақтөбе облысында ер адам көршісінің банкаларын ұрлап кеткен

    Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 59 жастағы ер адам сотқа келді. Ол көршісінің бос банкаларын ұрлап кеткен.

    Сот материалдарына қарағанда, оқиға қыркүйек айында Мәртөк ауданының Шаңды ауылында болған. Ер адам түн ортасында көршісінің ауласына кіріп, гаражына шегеленген тақтайды жұлып алады. Соңыра оның ішіне кіріп, әр түрлі сыйымдылықтағы 30 банканы ұрлап кетеді. Соның нәтижесінде жәбірленушіге 5500 теңгеге жуық материалдық шығын келген. Сот отырысы кезінде айыпталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласты. Ер адам материалдық және моральдық шығынды толықтай өтегенін айтты. Мәртөк аудандық сотының судьясы Е. Нуршарыпов бос банкаларды иесіне қайтарып, айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға қаулы шығарды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бір үйір жылқыны ұрлап кеткен барымташы ұсталды
  • Жұмыссыз жігіт төрт баланың әкесін 500 теңге үшін өлтірген
  • Көршісіне әлімжеттік жасаған жігіт сотталды
  • Бес баласы бар фельдшер 17 жастағы қызды зорлаған
  • Родниковканың тұрғыны көршісінің ақшасына газ өткізіп алды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге