Ақтөбеде мас әйел полицейдің мұрнын бұзды

    Ақтөбе қаласында ішімдікке сылқия тойып алған әйелдер полицейлерді соққыға жықты. Ашуға булыққан келіншектердің бірі тәртіп сақшыларын тістеп, мұрнын қанатып қойған.

    Ақтөбелік екі әйел полицейлерге шабуыл жасағаны үшін сотталды. Сот материалдарына қарағанда, олар биыл маусым айында мас күйінде Ақтөбедегі №5 қалалық емхананың жанында такси күтіп тұрған. Әйелдердің бірі жерге құлап кетпеу үшін металл қоршауды қолымен ұстап тұрады. Сол уақытта полицейлер қызметтік көлігімен өтіп бара жатады. Олар кішкентай баламен тұрған әйелдердің іс-әрекеті күдік туғызғандықтан тоқтауға мәжбүр болады. Сөйтіп, әйелдердің жеке куәлігін сұрайды. Алайда олар құжаттарын беруден бас тартып, тәртіп сақшыларын балағаттай бастаған. Полицейлер олардан мән-жайды анықтау үшін Елек полиция бөліміне баруларын сұрайды. Бірақ ашуға булыққан әйелдер оларды ұрмақ болады. Полиция қызметкері әйелдерді тыныштандыру үшін бірінің қолдарын артына қайырып, көліктің капотына жатқызған. Сол сәтте екінші әйел оларды балағаттап, полицейдің қолын тырнап алады. Біраздан соң әйелдер тынышталып, полиция бөліміне баруға келіседі. Бірақ жол бойында айқай шығарып, тәртіп сақшыларын аяқ-қолдарымен тепкілеп, ұрған. Тіпті полиция бөлімшесінің қасында бірінің оң иығын тістеп алыпты. Сотталушылар бұдан кейін де тыныштық таппаған. Елек полиция бөлімінің ішінде полиция қызметкерін ұрып, мұрнын қанатып қояды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі полицейлердің бірінің оң қиығы қанталап кеткенін, ал екіншісінің білегі мен сол жақ иығынында сызаттар бар екенін анықтады.
    Сот отырысы кезінде сотталушылардың бірі - 49 жастағы әйел өз кінәсін мойындады. Айтуынша, сол күні оған танысы келіп, бір-бір рөмкеден коньяк ішкен. Ал кешкілік 5 жастағы ұлымен бірге құрбысын үйіне шығарып салмақ болыпты. Сол кезде полицейлер олардан қоғамдық тәртіпті бұзғандарын айтып, құжаттарын талап еткен. Тіпті кішкентай баласының көзінше қолына күштеп кісен салып, полиция бөлімшесіне жеткізген. Тіпті тәртіп сақшылары ештеңе түсіндірместен, баласын кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызған. Әйел сотта полицейлерді кінәлап, өзін бұзақылық жасауға арандатты деп айыптады. Ал екінші сотталушы -53 жастағы әйел сотта өз ісіне өкініш білдірді. Ол өздерінің полиция бөлімшесіне баруға қарсы болып, полицейлерді ұрғандарын айтты. Мұны көрген ер бала қорқып, жылап қалған.
    -Әйелдер ішімдік ішкен еді.Оны текселген жүрістерінен байқап қалдық. Олардың қасында кішкентай бала болғандықтан, жағдайды анықтау үшін тоқтауға мәжбүр болдық. Әйелдерге олардың қоғамдық орында ішімдік ішіп, заңды бұзғандарын айттық.Содан кейін олардан жеке куәліктерін сұрадық. Алайда әйелдер құжаттарын беруден бас тартып, бізді балағаттап, ұрмақ болды. Кейін өз еріктерімен көлікке отырды. Жол бойында әйелдердің бірі мені басымнан жұдырықтай бастады. Мен көлікті тоқтаттым. Әрі қарай оның көлікті жүргізуге кедергі келтірмеуі үшін қолына кісен салуға мәжбүр болдым.Ұсталған әйелдер полиция ғимаратында да ә белсенді түрде қарсылық көрсетті. Бірі оң қолымның шынтағын тістеп алды. Өздерінің жеке бас мәліметтерін айтудан бас тартты. Сол себепті олардың аты-жөндерін интерфейс арқылы анықтадық. Медициналық куәландыру олардың орташа дәрежеде ішімдік ішкенін анықтады,-деді сотта полиция капитаны Ә.Сақи.
    Сот отырысы кезінде әйелдерден зәбір көрген полицейлердің әріптесі де куәлік етті. Ол ашуға мінген бұзақы әйелдің бірі бөлімшеде тәртіп сақшысының мұрнын бұзып, қанатып тастағанын айтты.
    Тергеу органдары әйелдерді ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі ("Билік өкiлiн қорлау"), және 380-бабы ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша айыптаған еді. Сотта олардың кінәлі екендігі толықтай дәлелін тапты.Өйткені сотталушылардың жөнсіз әрекеттері полицейлердің қызметтік көлігінің бейнетіркеуіш құралына жазылып қалған.
    - Сотталушылар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. Олар жергілікті атқарушы органдардың белгілеуімен 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылсын. Сот үкімімен оларға көңіл-көтеру орындарына баруға, тұрғылықты жері мен жұмыс орнын ауыстыруға тыйым салынады. Егер жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарса, ол бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстырылады,-деді № 2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Теміржан Алданов.
    Бұдан бөлек әйелдерге қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін айыппұл салынған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ішімдік ішкен жігіт полицейлерді ұрып тастады
  • Ішімдік ішкен әйел полицейлерді “ешкі” деп тілдеген
  • Полицей сотталған азаматты жасамаған қылмысын мойындауға мәжбүрледі
  • Веб-дизайнер полицейді тістеп алды
  • Ішімдік ішкен мектеп директоры полицияға қарсылық көрсетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге