Екі бала вагон сөресінің астында қалды

    №309 Маңғышлақ- Ақтөбе пойызында екі баланың үстіне купенің сөресі құлап кетті. Бес жастағы екі бүлдіршіннің басы жарылып, құлақтары кесіліп қалған.

    Екі баланың анасы Меруерт Ақтаудан Ақтөбеге қонаққа келе жатады. Купе вагонға билет алған ол Ақтөбеге екі баласын түрлі жарақаттармен алып келді. Купенің екінші қабаты құлап, екі бала астында қалған.
    - Балаларды ұйықтатайын деп төменгі қабатына жатқыздым. Екеуі енді ұйықтап бара жатыр еді. Кенет купенің үстіңгі қабаты опырылып құлап түсті. Бір жақтауы ғана тіреп қалды. Әйтпегенде балаларым аман қалмас еді... Өзім балаларды ұйықтатып, жоғары қабатқа шыққалы отыр едім, құдай сақтады. Вагондар өте ескі. Кеңес кезінен келе жатқан бес вагон бар екен, олардың әбден тозығы жеткен. Бірақ, олар әлі жолда жүр. Вагон сәл қозғалғанға, үстіңгі забат опырылып құлап жатыр. Үстіңгі қабаты құлаған кезде үлкен ұлым толығымен астында қалды. Қабатты тіреп тұратын темір басына тиіп, басы жарылды. Екінші балам шықты, бір ұлым құлаған қабаттың астында қалды. Мен оны шығара алмадым. Көрші купедегі адамдар келіп есік қағып жатты. Сол жерде не болып кеткенін дұрыс түсіне де алмадым,- дейді Меруерт.
    Оның айтуынша, баланы құлаған қабаттың астынан көрші купенің адамдары алып шыққан.
    - Жолда санитарлық бригада келді. Құлсарыдан түсіріп алып қалғысы келді бізді. Екі баламен түн ішінде қайда барам деп келісім бермедім. 30 сағаттай жол жүрдік қой, Ақтөбеге келгенде хирург баланың басын тікті. Тексерген кезде балалардың миы шайқалғаны анықталды. Енді күн сайын түске дейін күндізгі стационарға барып ем алып жатырмыз,- дейді анасы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жаңа аялдама тұрғынның үстіне құлады
  • Ақтөбеде екі бала құм астында қалды
  • Ақтөбеде 3 жастағы бала екінші қабаттан құлап кетті
  • Екі жастағы бала баспалдақтан құлап кетті
  • Алтыншы қабаттан құлаған сәби аман қалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге