Қазақ неге қаңғыбас?

    Ақтөбедегі ғимараты ескі қаңғыбастар үйінде ішімдікке салынған 60 адам тұрып жатыр. Оның 53-і ер адамдар болса, 6-сы егде жастағы қариялар. Арасында ұзақ жылдар түрмеде отырып шыққандар бар. Бейімделу орталығының директоры соңғы жылдары ішімдікке салынып кеткен қазақтарға ренішін жеткізді. Әсіресе ауыл жастарының қаңғыбастар үйіне келгіштеп кеткендеріне налыды. Қаншама жыл өтсе де бұл орталықтан ішімдікті тастап, жақсы отбасы болып кеткен бірде бір адам шықпаған.

    Қазақ неге қаңғыбас?

    Бейімделу орталығына келетіндердің саны аязды күні күрт өсіп кетті. Әр жерде бір домалып, орталық базардың бір бұрышында қайыр сұрап отыратындардың барлығы қаңғыбастар үйінің есігін қақты. Бірін жергілікті полиция қызметкерлері әкелсе, екіншісі өз аяқтарымен келді. Ащы суға тойып алып, ауыр халде жатқан оларға жедел жәрдем қызметі де келмейді. Барар жері, басар таулары жалғыз ғана «қаңғыбастар үйі». Бұл жерден де денсаулығы жақсарып, ішімдіктен бас тартып шыққандар жоқ. Ауырса егілетіндері бір дәрі. Тіпті ғимараты ескі орталықтың арнайы дәрігері, түрмеден шыққандарды бақылауға алатын тәртіп сақшысы жоқ.

    «Түрмеден шыққандар келеді»
    - Орталыққа арақтың буына түскендер көп. Отбасынан
    ажырасып, далада қалғандар жиі кездеседі. 15-20 жыл түрмеде отырып шыққандар бар. Олары туғаны да, тумасы да қабылдамайды. Сондықтан біздің орталыққа келеді. Осы жерде құжаттарын қараймыз, жұмысқа орналастырамыз. Содан кейін өздері әрі қарай кетеді. Түрмеден шыққандарды біздерге жібергенде, тумалары іздеп келгендер болды. Бірақ қаншама жыл осында жатып, отбасын күткен жандарды ешкім іздемеді. Қазір олар жұмыс жасап жатыр. Бірі дала сыпырады, қар тазалайды. Тіпті шұжық шығаратын цехта жұмыс жасайтындары бар. Жаман әдеттері – ішіп кетеді. Айлығын алған кезде араққа жұмсайды. Осындай әрекеттерінен оңалмай отыр. Көбі ер адамдар. Бақылаусыз тастай алмаймыз. Күзетші далаға жібермейді. Қашып кетіп, ішіп кететіндер көп. Тәртіпті бұзатын болса, қабылдамаймыз. Шығарып жібереміз. Сосын бір жыл бойы бізге келе алмайды,-дейді орталықтың директоры Сабырғали Дәулетов.

    «Қаңғыбастар үйін паналайтын қазақтар көбейіп кетті»
    Жаз айынан бері қаңғыбастар үйіне ауыл қазақтары көп түскен. Бейімделу орталығындағы адамдардың күрт өсуі осыған дәлел. Әсіресе, Байғанин мен Шалқар ауданынан келгендер көп кездеседі екен.
    - Көбі ауылдан келген адамдар. Жаздан бері қазақтар көбейіп кетті. 15-
    20 жыл бұрын далада қаңғырып жүрген қазақты көрмейтінбіз. Қазір қайыр сұрайтын қазақ көп. Арақ ішетін қазақ көп. Далада құлап-сүрініп жүретін қазақ көп. Не болғанын түсінбей кеттік. Олар ішкесін арақтың буымен жүреді. Отбасы, жұмыс, бала-шаға деп басын қатырмайды. Далада қаңғырып жүрген орыстарды байқамаймыз. Тіптен жоқтың қасы,-дейді Сабырғали Дәулетов.

    «Оларды үйлендіріп, үй қыламын деп ойладым»
    Әлеуметтік бейімделу орталығының директоры Сабырғали Дәулетов көше қаңғыбастарын бір-бірімен некелестіріп көрген. Қанша рет тырысқанымен жақсы нәтиже болмапты. Басқа амалын таппаған басшының айтуы бойынша бір амалы болу керек дейді. Көше кезген қазақ пен арақ ішкен қазақты тоқтатудың амалын табу керек дейді ол.
    - Қазіргі кезде жастардың айтатыны боқ сөз. Ішетіні арақ болды. Осыны
    қалай да тоқтатуымыз керек. Қандай амалын таба аламыз? Мен тіптен осы жердегілерді үйлендіріп көрдім. Көлігіме отырғызып, неке сарайына алып бардым. Бір айдан кейін айырылысып кетті. Олардың өмірінде ешқандай мәселе жоқ. Бастарында несиесі жоқ. Отбасы жоқ. Отбасы болған жағдайда да арақпен ұмытып кетеді. Осында жатқан адамдардың денсаулығы нашар. Тіптен арақ іше алмайды. Бірақ арақты ойлап тұрады. Қайткен күнде арақ ішудің амалын қарастырып жүреді. Бүгінде орталықта 60 адам бар. Оның 7-і әйелдер. Алты зейнеткер мен алты мүмкіндігі шектеулі жандар тұрып жатыр. Сонымен қатар әлі күнге дейін 14 адамның құжаттары табылған жоқ. Он бес адам бұрын сотталған болса, тоғыз адам жұмыс жасап жатыр,-дейді орталықтың басшысы.

    «Құжаттарымды жоғалтып алдым»
    - Осында келгеніме 1 ай болды. Құжаттарымды жоғалтып алдым.
    Халыққа қызмет көрсету орталығына барған едім. Осында жіберді. “Құжаттарыңызды іздестіреді, дайындайды” деген болатын. Қалай жоғалтып алғанымды білмеймін. Біреулер ұрлап кеткен болуы мүмкін. Осындағылар құжат жасатып, зейнетке шығарып береді. Жасым 65-те. Екінші топтағы мүгедекпін. Құжаттарым дайын болса кеткім келеді. Әзірге мені ешкім іздеген жоқ. Ешкім келмеді. Дегенмен барлығы дайын болса, Ресейге кетемін,-дейді бейімделу орталығының тұрғыны.

    «Қаңғыбастар орталығына түсуіме үйімнің өртенуі себеп болды»
    2014 жылы далада үйсіз қалған Мыңтұрған Жолахановтың орталықта тұрып жатқанына 5 жыл уақыт болды. Бес жыл бойы құжатсыз жүрген 73 жастағы ақсақалдың бар уайымы осы.
    - Үйім өртеніп, осы жолға түсіп кеттім. Басымнан талай қиыншылық
    өтті. Отбасым бар. Бірақ ажырасқанмын. Артымнан ерген қызым бар. Бірақ іздемейді. Құжатымды дайындау үшін осындағылар Оралға дейін апарды. Көзім көрмейді. Кезінде аяғым аязда үсіп кеткен. Түнімен ұйықтай алмаймын. Тіпті ауруханаға жата алмаймын. Құжаты жоқ адамды аурухана қабылдамайды. Бір дәрімен ғана ем аламыз. Арасында медбикелер тексеріп тұрады. Құжаттарымды дұрыстасам, қарттар үйіне барамын. Тумаларымнан айырылдым. Арасында келіп тұрады. Бірақ одан не пайда? «Қаңғыбастар үйі» демесеңіздер, бізге деген күтімі жақсы. Киіндіреді, тамақтандырады. Бізге деген көзқарастары жақсы,-дейді 73 жастағы қария.

    «Үлкен ғимаратты армандаймыз»
    - Өте ескі ғимарат. Алпыс бес адамға арналған. Бірақ кешкісін 100
    адамға дейін толады. Себебі далада қаңғып жүргендер бір күнге қонып кетуге келеді. Оларды қуып жібере алмаймыз. Арнайы берілген жеке бөлме жоқ. Бір этажда әйелдер де, ер адамдар да тұра береді. Бізге үлкен ғимарат керек. Үлкен ғимарат болса, жағдай да өзгеретін еді. Себебі, қазір қиындық туғызып отырғаны — осы ғимарат. Құжаты дайындалғанша уақытша жататын адамдар бар. Көшеде жүрген қаңғыбастардың тек түнеп шығуына арналған бөліміміз бар. Екі бөлімге де бір есікпен кіреміз. Түнде атыңғы қабатқа қандай адамдардың келіп жатқаны белгісіз. Ауруы да, сырқауы да осында жүр,-дейді «Ауыр тұрмыстық тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтың» директоры Сабырғали Дәулетов.
    Ойлап қарасақ қайыр сұрайтын адамдар да жеке бір тұлға. Олардың өміріне ешкім араласа алмайды. Оларды осылай қайыршы қылған қазіргі заман да емес, қатыгез өмір де емес. Осындай жолды таңдаған олардың өздері. Біз қайыршылардың «крышасын» анықтағымыз келген. Қайыршылар арқылы ақша тауып отырғандар бір бөтелке арақпен алдап түсіреді. Қаншама адам қолға түспей жүр. Бірақ қайыршылық өмір мен арақтың буына түсіп кеткендерді қалай құтқара аламыз? Кім білсін?! Мүмкін, аяқ-қолы сау, тепсе темір үзетін жастар садақа сұрамай, арақ ішпей, жұмыс істесе қаңғыбастардың саны азаяр ма еді?! Сіз не дейсіз, оқырман?!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кішкентай сәбиі бар отбасы вокзалда түнеп жүр
  • Ақтөбелік қайыршылардың “крышасы” кім?
  • Бейімдеу орталығында 18 жастағы қыз жатыр
  • Көше кезбелеріне жылы киім керек
  • Көше кезбелерін қадағалайтын арнайы топ жұмыс істей бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге