Сот қызметкері суицид жасады

    Ақтөбе облысының Алға ауданында сот отырысының хатшысы алаяқтығы үшін айыпталды. Алайда сот отырысы басталмай жатып, әйел өз-өзіне қол жұмсады.

    Сот қызметкері суицид жасады

    Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, ол Алға ауданының тұрғынын наркологиялық ұйымға мәжбүрлі емге жібермеу үшін шаңсорғыш пен қымбат әтір алыпты. Оқиға 2018 жылдың қазан-қараша айларында болған. Алға ауданының орталық ауруханасы 25 жастағы жігітті 6 айға еріксіз емге жіберу үшін сотқа шағым түсірген. Азаматтық іс сотта қаралуы тиіс еді. Алайда оны сот хатшысы таба алмайды. Сондықтан ол науқастың танысына хабарласып, науқасты мәжбүрлі емге жібермеуге көмектесуге келіседі. Бұл қызметі үшін сыйақы ретінде өзіне шаңсорғыш, ал шешім қабылдайтын судьяға қымбат иіс су алған. Алайда біраздан соң науқастың танысымен кездесіп, судьяға алған “Silver Ombre” маркалы әтірді қайтарып береді. Ал жалпы құны 24 мың теңгеге жуық “Самсунг” маркалы шаңсорғышты өзіне алып қалады. Тергеу органдары оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен иемдену) бойынша айып тақты. Басты сот отырысы 8 қаңтарда өтуі тиіс еді. Алайда әйел өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Сол себепті Алға ауданының соты қылмыстық істі тоқтатуға қаулы шығарды. Белгілісі, марқұм Алға аудандық сотында 25 жыл жұмыс істепті. Жоғары білімді. Отбасылы. Ол осыған дейін кепілмен бостандықта жүрген. Сот қызметкерінің құқығын қорғаған адвокат марқұмды арандатқан деп есептейді.
    - Қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы жаңа жылдың алдында өтті. Сотталушының ауыр психологиялық жағдайда екенін көргеннен кейін Алға аудандық сотынан ісі Ақтөбеде қарауын сұрадым. Бірақ сот төрағасы бас тартты. Адам кінәлі болған күннің өзінде оны осыншама қинауға бола ма?! Қорғау тарапы оның сыйлыққа не алғысы келгенін сұрап, әдейі арандатты деп есептейді. Ол шаңсорғыш керек екенін айтқан. Оған өзі 25 жыл жұмыс істеген соттың алдында жауап беру қиынға түсті. Егер сотты Ақтөбе қаласында қарағанда әйел әлі күнге дейін тірі болар ма еді?!-дейді адвокат.
    Марқұмның туыстары қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме беруден үзілді-кесілді бас тартты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Анасы мен қызы алаяқтықпен айналысқаны үшін сотталды
  • Алға ауданында мас тұрғын әкімнің көлігін айдап кетті
  • Алға ауданында қарасора өсірген әйел сотталып кетті
  • Дмитрий Васильевтің ісі сотқа түсті
  • Алға ауданындағы ІІБ бастығының орынбасары пара алғаны үшін сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге