Ақтөбеде кішкентай сәбидің шабында ісік пайда болды

    Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында бір айлық нәрестенің жыныс мүшесінде үлкен жара пайда болды. Оған үшінші рет ота жасалмақ. Кішкентай Айсана Исмаилованың ата-анасы болған жағдайға дер кезінде ем жүргізбеген дәрігерлерді кінәлайды.

    Әйтеке би ауданының тұрғыны Айдана Исмаилова биыл ақпан айында дүниеге келген. Алайда туғанына небәрі бір ай болған сәбидің күтпеген дене қызуы көтеріліпті. Ата-анасы жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда екпеден кейін баланың жағдайы мүлдем нашарлап кетеді.
    - Фельдшер балаға қызуды басатын дәрі екті. Бірақ алергияға сынама алған жоқ. Келесі күні Айдананың жағдайы мүлдем нашарлап кетті. Оның шабы мен қуық тұсы қызарып, ісік пайда болғанын байқадық. Дәрігерлер “баланың денесіне жөргек кигеннен кейін аллергия шыққан “деді. Бізге бепантен жақпамайын жағып, үйде емделуге кеңес берді. Келесі күні де баланың денсаулығы жақсарған жоқ. Баланың жаны қиналғанын көріп, Әйтеке би аудандық ауруханасының бас дәрігеріне хабарластық. Ол балаға деозалин беру керектігін айтты, -дейді сәбидің әкесі Дәурен Исмаилов.
    Ата-анасы бұл жағдайға дер кезінде медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлерді кінәлап отыр. Өйткені ақхалаттылар тек төрт күннен кейін ғана сәбиді облыс орталығына жіберген.
    - Баланың жағдайы мүлдем жақсарған жоқ. Қызуы түспеді. Әлсіреп, үнемі жылай берді. Түнде ұйықтамайтын, емшек те ембеді. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері оған “ некротикалық флегмона” деген диагноз қойды. Балаға екі рет ота жасады. Ол 5 күн реанимацияда жатты.Дәрігерлер іскен жерді кесіп, ірің алды. Енді үшінші рет ота жасалуы мүмкін. Барлығы дәрігерлердің салғырттығынан болып отыр. Олар дер кезінде диагнозды анықтай алмады.Соның кесірінен оның дерті асқынып кетіп отыр
    Баласы ауыр дертке шалдыққан ата-ана Әйтеке би аудандық ауруханасының үстінен полиция мен облыстық прокуратураға шағымданған. Бұған қоса Денсаулық сақтау министрлігіне арызданыпты. Олар кінәлілердің жазаланып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын қалайды.
    -Қазір баланың дене қызуы түскен. Бірақ дәрігерлер нақты болжам жасамай отыр. Ота жасаған күннің өзінде оның жағдайы не болмақ?!Бала жазылғанмен, оның ұрпақ таратуына әсер ете ме деп алаңдаймыз. Ертеңгі күні кез-келген сәби оның орнында болуы мүмкін. Сондықтан тексеру жүргізіп, кінәлі адамдарды жұмыстан шығаруын талап етеміз,-дейді туысы Жанболат Құлғарин.
    Қазір сәби аурухананының неонталды хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты.
    -Науқаста нәрестенің флегмонасы,яғни сәбидің алғашқы аптасында болатын тері асты май қабатының іріңді қабынуы анықталып отыр. Нәрестенің терісі жұқа әрі нәзік болады. Сондықтан тері асты май қабатының жақсы қандануы әсерінен кішкене жарақаттардан инфекция қанға түсіп , қабыну туғызады.Аурудың бастапқы сатында дене қызуы 38-39 С болады. Нәресте мазасыз және нашар еметін болады. Денесінде аллергияға ұқсас қызару пайда болады. Сондықтан аудан дәрігерлері жөргек кигізгендіктен, гигиена талаптары бұзылғандықтан, аллергиялық әсер пайда болды деп есептеген. Оған қызуды басатын дәрі тағайындап, тиісті ұсыныстар берілген. Алайда терісі ісініп, некроз пайда болғандықтан, облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Сәби 18 наурыздан бастап қажетті емнің барлығын алып жатыр. Жамбасындағы,шабы мен ішіндегі процесс тоқтатылды,-деп хабарлады облыстық денс аулық сақтау басқар масы басшысының орынбасары Светланна Есенаманова.
    Жауапты орган болған жағдайға қатысты қызметтік тексеру жүргізбек. Оған сәйкес, облыс және аудан дәрігерлерінің жұмысына баға беріледі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде сал болып қалған сәбидің денсаулығы жақсара бастады
  • Ақтөбелік әйел дәрігерлерді сотқа берді
  • Ақтөбелік дәрігерлер сәбидің өлімі үшін жауап берді
  • Нәрестенің артық аяқтарын УДЗ көрсетпеген
  • Ақтөбеде салмағы 7 келіге жуық бала туылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге