Ақтөбеде «Шәкәрімнің» мектебі бар

    Ақтөбеде «Шәкәрімнің» мектебі бар

    Ақтөбе қаласының №66 жалпы білім беретін мектепке ақын Шәкәрім Құдайбердінің аты берілді. Бауырластар елді мекенінде орналасқан бұл мектепте қазір барлығы 957 оқушы оқиды.

    Салтанат ЕРЛАНҚЫЗЫ
    Суретке түсірген Лилия БЕЛИКОВА

    Ақтөбедегі №66 қазақ орта мектебінде «Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы-руханият Меккесі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға қоғам қайраткерлері мен ардагерлер, ғалымдар, белсенді жастар және мектеп оқушылары белсене қатысты.
    Дүйім қазақ жұртына белгілі Шәкәрім Құдайбердіұлын танымайтын адам кемде-кем. Ол – қазақ ақыны, халқы үшін қам жеген қоғам қайраткері. Ақынға арналған шара барысында қатысушылар оның шығармашылығына кеңінен тоқталып өтті.
    - Бізде қазақтан белгілі адамдардың есімі ұлықталғанынан мен үлкен үміт күтемін. Өйткені, келешек ұрпақ бізден гөрі бірнеше есе білікті, білімді, өмірге икемі мол болып, үлкен азамат болып өсуді армандауға тиіс. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі қазақтың жас шәкірті кімге еліктейді? Олар қазақтың өзінен шыққан, мықты, тарихта белгілі адамдарға еліктейді. Сол тұлғалардай болсам дейді. Ең болмағанда, олардың ұлық өнегелерін бойларына сіңіріп өседі деп сенемін. Қазір біздің қазақ балалары қазақша сөйлегенменен, өзінің тарихын білмейді. Біздер аздап білетін тарихты айтпағанда, күні кеше не болғанын білмейтін жағдайға жетеміз бе деп қорқамын. Сондықтан, бұл қуанышты, өте үмітті нәрсе. Ілім тек қана мықтыны сыйлайды. Сол тұрғыдан алғанда білімді болу керек. Білекті бірді, білімді мыңды жығады деген баяғыдан айтылған сөз. Шәкәрім сияқты данышпанның есімі осы мектепке берілгеніне мен қуаныштымын. Бұдан басқа ақындардың есімдері де мектептерге беріліп жатыр. Олардың барлығынан зор үміт күтеміз. Өйткені, қазіргі қоғамның негізгі зары тамақ тойдыру, әдемі киініп, мүлік жинау болып бара жатқан секілді. Қазір жаңа ұрпақ өсіп келе жатыр. Бұл мектепте оқитын ұрпақ олардан да мықтырақ болуы тиіс. Осындай мектептердің әрбір кішкентай шәкіртінен бастап, үлкен басшыларына дейін осыны ойлауы керек. Тек қана пәндерді оқытқаннан басқа, адамға азаматтық тәрбиесі айтылуы керек. Шәкәрім – өте данышпан көрінген сауатты адам. Тағдыры өте қиын болған. Балаларға Шәкәрімнің тағдырын емес, ақыл-санасын, дүниетанымын берсін деп тілеймін, - дейді қоғам қайраткері Мейірхан Ақдаулетұлы.
    Ақынның есімін иемденген мектеп өз жұмысын 2017 жылдың 29 қыркүйегінен бастаған.
    - Біздің мектебіміздің ашылғанына қазір бір жарым жылдай уақыт өтті. 600 орындық, екі ауысымда 1200-ге дейін оқушы сияды. Мектебіміздің қазіргі жас ғұмырындағы бүгінгі өтіп отырған ғылыми-әдістемелік конференция мектеп өмірінің тарихындағы есте қаларлықтай елеулі оқиға болып тіркелетіні сөзсіз. Біз өте қуаныштымыз. Ұлы ғұламаның атын иемдену біздің мектеп үшін абырой деп санаймын. Болашағы үшін үлкен мерей болмақ. Ақынның атына лайық болу, ғұламаның жауһар жырлары мен өнегелі өлеңдерін, филасофиялық ойларын жас буынның санасына сіңіру - біздің ұжымның ең бас-ты мақсаты болып табылады, - дейді №66 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Марат Махамбетәлиев.
    Конференцияға мектеп шәкірттері белсенді қатысты. Зиялы қауым бұл шараның ұйымдастырылғанына риза екендіктерін жасырмады.
    - Мен Ш.Құдайбердіұлы атындағы мектебінде оқитыныма қатты қуаныштымын. Себебі, осы мектепте оқыған мен үшін үлкен бақыт. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірінің соңына дейін бізге мұра етіп көптеген кітаптар қалдырды. Ол Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленген. Оның осы уақытқа дейін жазып қалдырған еңбектері маған таныс. Ақынның кітаптарын оқу арқылы өмірде үлкен нәрселерді, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білемін. Ш.Құдайбердіұлы өзінің табиғи талантты, ақындық дарынымен көзге түскен. Қазақ халқының арасында кеңінен танымал ақындардың бірі болған, -дейді 8-класс оқушысы Бақыт Асқарқызы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл жеті мыңға жуық оқушы мектеп бітірді
  • Ақтөбеде жас ғалымдар бас қосады
  • Фариза атындағы мүшәйра өтті
  • Қазақ хандығы тақырыбы ғылыми конференцияға өзек болды
  • БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге