Қалада ең таза аула анықталатын болады

    Қалада ең таза аула анықталатын болады

    Биыл Ақтөбеде «Таза бейсенбілік» акциясы өткізіледі. Сенбілік барысында қаладағы ең таза аула анықталатын болады.

    Салтанат ЕРЛАНҚЫЗЫ
    Суретке түсірген Лилия БЕЛИКОВА

    Ақтөбе қалалық әкімдіктің қаулысы негізінде 30 наурыздан бастап 1 маусымға дейін екі айлық тазалық кезеңі ұйымдастырылды. Барлық ұйымдар қала ішін қоқыстан тазарту үшін қауымдастық жұмыс күндеріне қатысады. Қоқыс жинау жұмыстары қаланың барлық көшелерінде, саябақтар және алаңдарында жүргізілетін болады. Шараға мемлекеттік мекемелер, шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлер мен мектептер ұжымы шақырылады. Биылғы тазалық акциясына барлығы 9500 адам қатысады. Тазалауға арнайы 20 шақты техника тартылған.
    Екі айдың ішінде «Таза Бейсенбі» науқаны қалалық жерлерді тазарту үшін өткізілмек. Қазіргі уақытта іс-шаралар жос-пары жасалып жатыр. Науқанға қаланың барлық ірі кәсіпорындары жолдар мен көшелерді тазалауға тағайындалды. Аталған іс-шаралар жүйесі жазғы кезеңнен кейін де жалғасын табады.Ұйымдар тағайындалған аумақтарда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуі керек:
    1. Ағаштарды отырғызу және суару;
    2. Гүлзарларды отырғызу және күтім жасау;
    3. Көшелер мен айналадағы жерлерді қоқыстан тазарту;
    4. Үлкен қалдықтарды және қоқыстарды жою;
    5. Ағаш түптерін ақтау;
    6. Аула қоршауларын бояу.
    Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қала тұрғындар айтарлықтай белсенді емес. Өйткені, тазалық жұмыстары шағын топтармен жүзеге асырылады. Ал сенбілік тек қоқыс жинаумен ғана шектеліп келді.
    - Ақтөбе қаласы бойынша 30 наурыздан бастап 1 маусым айы аралығында екі айлық сенбілік жарияланған болатын. Қазіргі уақытта сол жұмыстар апта са-йын жүзеге асып жатыр. Жұмыс барысында Ақтөбе қаласындағы барлық мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, үлкен және кіші кәсіпкерліктер бекітілген учаскелері бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бекітілген 20 арнайы техникадан басқа техникалар кәсіпкерлер тарапынан қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, сенбіліктің аясында «Таза бейсенбілік» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында Ақтөбе қаласы бойынша ірі компанияларды тарта отырып, оларға территорияларды бекітіп, қосымша жұмыстар жүргізуді қолға аламыз. Алматы және Астана аудандары бойынша әкімдіктер тарапынан барлық көшелер аумағы нақты бекітіледі. Жеке тұлғалардың белсенділік таныту жағы баяулау. Алдағы уақытта таза бейсенбілікте барлығымыз бірге атсалысып, қала тұрғыны ретінде жұмыс жасасақ, үлкен нәтиже болады деп ойлаймын. Айта кетсек, қатты тұрмыс қалдықтарды қаланың ауыл шаруашылық мақсатындағы сырттағы жерлерге апарып төгіп кету мәселелері бірнеше рет орын алды. Енді мұндай жағдай қайталанса, тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады. Біздерде қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын арнайы бекітілген орын бар. Қоқысты сол жерге апарып төксеңіздер болады. Қаланың кез келген жерлерін көзді ала бере ластай берген дұрыс емес. Сондықтан, бұл жағдайды қала халқы ескерулері қажет. Тәртіп бұзушылықты ескерген, көрген азаматтар болса, әкімдікке хабарласуын сұраймыз. Әрі қарай шара қолдануына бірлесіп ат салысуымыз керек. Сонымен қатар, сенбіліктің аясында «Таза аула», «Әдемі көше» сынды конкурс ұйымдастырылатын болады. Қала тұрғындары арасында жақсы бәсекелестік қалыптастыру мақсатында осындай акцияны ұйымдастырып отыр, - дейді Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ұшқын Мыңбаев.
    Оның айтуынша, байқау барысында жергілікті жерлердің тазалығы, балаларға арналған ойын алаңы және пәтер иелері үшін жасалған барлық жағдайлар қарастырылады. Байқаудың қорытындысы бойынша номинациялар анықталып, тұрғындар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе екі күнде тазарды ма?!
  • Ақтөбеде алғашқы күздік сенбілік өтті
  • Тазалық өзіңнен басталады
  • АҚТӨБЕДЕ АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
  • Ақтөбеде “Таза қала өзіңнен басталады” акциясы өтеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге