Отбасын сақтау орталығы ашылды

    Отбасын сақтау орталығы  ашылды

    Ақтөбе облысында ажырасу көбейіп барады. Биылдың өзінде сотқа некені бұзу жөнінде 1300-ге жуық талап-арыз түскен. Әсіресе соңғы тиынын құмар ойынға салып, отбасынан ажырасып жатқандар көбейген. Бұл жөнінде отбасын сақтау орталығының ашылуында айтылды.

    Жансая Есмағанбет
    Суретке түсірген Лилия Беликова

    Ақтөбедегі “Анаға тағзым” ғимаратында отбасын сақтау орталығы ашылды. Шара “Отбасылық сот” пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде өтті. Басты мақсат-ажыраспақ болған ерлі-зайыптылардың арасындағы дау-жанжалдарды реттеп, отбасын сақтап қалу. Өйткені соңғы кезде Ақтөбе облысында ажырасу көбейіп кеткен. Статистикалық мәлімет бойынша, 2019 жылдың 4 айында сотқа неке бұзу туралы 1264 талап –арыз түскен.
    - Осыған дейін жанжалдасқан ерлі-зайыптыларға некені бұзу туралы шешім шығарылатын. Заң аясында оларға татуласуға уақыт беріледі. Алайда қос жұптың арасындағы дау сол күйі шешілмей, олар сотқа қайта келеді. Сондықтан оларды ажырастыруға тура келетін. Облыста 2018 жылдан бері “отбасылық сот” пилоттық жобасы іске қосылды. Содан бері ажыраспақ болған ерлі-зайыптыларды татуластыру үшін оларға жан-жақты көмек көрсетіледі. Пилоттық жоба жүзеге асырылғаннан бері неке бұзу туралы шешімнің шығарылуы 30 пайызға төмендеді. Биыл 4 айдың ішінде 298 отбасын сақтап қалдық. Егер отбасын сақтау орталығы жұмыс істесе, бұл көрсеткіш одан әрі жақсара түседі,-Ақтөбе қалалық сотының судьясы Айгүл Абдулина.
    Мамандар ажырасуға әр түрлі жағдайдың себеп болатынын айтады.Басым бөлігі отбасы құрған алғашқы жылдары тұрмыстық қиындықтарға шыдамайды. Тіпті ұзақ жыл отасып, өмірдің ыстық-суығын бірге көрген қариялардың да шаңырағы шайқалатын көрінеді.
    -Некені бұзу жөніндегі талап-арыздарды талдаған кезде оның басым бөлігі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдан, зорлық-зомбылықтан, тараптардың бірінің ішімдікке, есірткіге әуестігінен ажырасатындығын кездестірдік. Қазір құмар ойынның кесірінен көптеген отбасылар бұзылып жатыр. Өйткені ерлі-зайыптылар бір-бірінің келісімінсіз банктен несие алады. Ақыры тараптар жанжалдасып, соңы ажырасумен аяқталады. Ортақ балалары болмағандықтан, жалақы алмағандықтан да шаңырақ шайқалады. Тіпті 30 жыл бір шаңырақтың астында тұрып, бөлек кетуге арыз бергендер де болды. Қариялардың балалары ер жетіп, өз бетімен өмір сүріп кеткен. Ортақ әңгімелері жоқтығын,бір –біріне көрші секілді қарайтындықтарын айтады. Кей жағдайда үлкен адамдардың балалары бөлек кетеді. Бірі қызының сөзін сөйлесе, екіншісі ұлын жақтайды. Әрі ер адамдарда орта жастың дағдарысы кездеседі. Мұндай кезде біз балаларын көмекке шақырып, оларға психологиялық көмек көрсетуге тырысамыз,-дейді судья.
    Орталықта кәсіби медиаторлар, психологтар мен ардагерлер жұмыс істейді. Олар ажырасуға ниетті жұптарға психологиялық, адамгершілік және құқықтық тұрғыдан көмек береді. Солардың бірі –көпбалалы ана әрі медиатор Бибігүл Әбдішүкірқызы. Алтын алқа иегері қазір жолдасымен бірге 10 бала тәрбиелеп отыр. Ол ұзақ уақыт пәтер жалдап жүріп, өмірдің барлық қиындығын жеңген. Тіпті ерінің қатерлі ісік ауруын толықтай жеңіп шығуына көмектесіпті. Қазір ол өмірден алған тәжірибесін шаңырағы шайқалудың аз-ақ алдында тұрған отбасыларға үйретіп, ақыл-кеңес беріп жүр.
    - Отбасы құрғаныма 31 жыл болды. Осы уақыттың аралығында жолдасым екеуміз талай қиындықты бастан кештік. 2007 жылы 6 сәбиімді дүниеге әкелдім. Сол жылы банк үйімізді тартып алып, далада қалдық. Осыны уайымдап, күйеуім қатерлі ісікке шалдықты. 15 жылдай пәтер жағалап жүрдік. Сөйтіп жүріп, 46 жасымда жоғары оқу орнының дипломын алдым. Еден де жудым. Балабақшада, мектепте жұмыс істедім. Алайда қандай қиындық болса отбасымды сақтап қалдым. Кейін жолдасым қатерлі ісік ауруын толықтай жеңіп шықты. Осының барлығы менің өмірден түйгенімді, ақыл –кеңесімді жас отбасыларға үйретіп, некелерін сақтап қалуыма себепші болды. Ажыраспақ болған ерлі-зайыптыларды татуластырып, бітімге келтіріп жүргеніме 9 жылдан асты. Көпшілігі таныс-тары арқылы біліп, хабарласады. Жас келіншектер көбіне жолдасының ішімдік ішетінін айтып шағымданады. Бірақ мен оған балаларының әкесі екенін, ешкімнің оның орнын баса алмайтындығын айтып түсіндіремін. “Сөз сүйектен өтеді” дейді. Өз қатесін түсініп, сөзімді жылап тыңдайтын ер адамдар да бар. Осы уақытқа дейін 407 отбасыны сақтап қалдым. Бір таңқалатыным, қазір ажырасқысы келетін жастар азайды. Олар алға қарай ұмтылып, жетістікке жетуге тырысады. Көбіне отбасы құрғандарына 10-12 жыл болған ерлі- зайыптылар жиі келеді. Оларға қартайғанда бір-біріне тірек болатындығын, қиындықтардың уақытша екенін айтып түсіндіремін,-дейді ол.
    Алдағы уақытта отбасын сақтау орталығы сотқа ажырасуға арыз берген ерлі –зайыптыларды қабылдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. Осы арқылы жергілікті билік неке бұзушыларды азайтып, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғап қалмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шаңырақ шайқалмасын
  • Талақтың талабын түсіндіретін орталық ашылды
  • Ажырасу ажал емес, бірақ...
  • Кейуананы ыстық үтікпен азаптап өлтірген ерлі-зайыптылар сотқа келді
  • АХАЖ: Ажырасуды азайту үшін медиаторлар көмегіне жүгіндік
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге