101 – атқыштар бригадасының «Данқ» музейі бар

    Ақтөбенің 150 жылдығы аясында өтіп жатқан шаралар шеңберінде, Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесі мен Отан қорғаушылар күніне арналған шара өтті.

    Салтанат ЕРЛАНҚЫЗЫ
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Халқы үшін қан майданда шайқасқан біртуар батырлар әрдайым ұлт жадында жаттаулы. Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлерін ұлықтау үлкен міндетіміз. Кеңес әскерінің фашистік Германияны жеңгеніне биыл 74 жыл толды. Осыған орай М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты шара өтті.
    - Бүгін мектеп қабырғасында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне, Жеңістің 74 жылдығына орай іс-шара өтіп жатыр. Екінші дүниежүзілік соғысқа және ауған соғысына қатысқан ардагерлерімізді шақырдық. Ардагерлерді болашаққа үлгі етіп, балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты шараны өткізудеміз, - дейді М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғазиз Қаламов.
    1941 жылы мектеп-интернат орналасқан ғимаратта 101-ұлттық дербес атқыштар бригадасы жасақталған. Қазіргі таңда дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте 101-атқыштар бригадасының «Данқ» музейі жұмыс жасайды. Музей 1985 жылы қараша айынан бері құнды жәдігерлер сақталатын орынға айналды. Соғыс және еңбек ардагері Мұқаш Кенбаев осы музейдің ашылуына мұрындық болған дара тұлға.
    - Жеңіс күніне санаулы күндер қалды. Бұл ең қасиетті тамаша мейрам. Осы мереке қарсаңында біз оқушылармен кездесу ұйымдастырамыз. Оларға жеңістің бізге қандай қиыншылықпен келгенін айтамыз. Бұл музей 101- атқыштар бригадасына арналған. Соғыс кезінде Алматыдан 100-бригада болса, ал Ақтөбеден 101- бригада қызмет етті. Екі бригада Мәскеуден 200 шақырымда орналасқан Ржев шайқасына қатысты. Біздің бригада «Марс» операциясын жалғастыра берді. Бұл операция 1942 жылы болды. 1941 жылғы тарих өте ауыр. Он жеті айға созылған марс операциясына 5000 адам қатысты. Одан тек 503 адам тірі қалды. Сондықтан да оны «өлім алаңы» деп атайды. Сталинградты сақтау үшін біздің жауынгерлерді бағыттады. Бұл өте қиын соғыс болды, - дейді «Қос шынар Әлия-Мәншүк» қоғамдық қорының төрағасы, әлиятанушы Ғалымжан Байдербес.
    Музейдің іші жәдігерлерге толы. Соның ішінде ерекшесі, соғысқа кеткен әкесіне қызының «әке, аман-есен елге орал» деп кестелеп жазған орамалы әлі күнге шейін сақталып тұр. Тарихқа толы музейдің ішінде жауынгерлердің анкеталары, тұтынған заттары бар. Майдан кезінде тамақтанған темір тостаған ыдыстар сұрапыл соғыстың естеліктері іспеттес.
    Жыл сайын елімізде соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, қаза болған жауынгерлерді еске алу үрдіске айналып отыр. Өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті жақындатқан ардагерлер әрдайым ел есінде болмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ржевте қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш ашылды
  • Соғыс ардагерлеріне 300 мың теңгеден беріледі
  • Ақтөбеде мереке қарсаңында соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
  • Ақтөбелік 101 атқыштар бригадасы қалай құрылды?
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 72 жылдығын тойлады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге