«Халал той жасау сәнге айналды»

    Оның негізгі мамандығы – психолог. Бірақ бірде-бір рет өз мамандығында жұмыс жасап көрмеді. Ол – әдемілікті сүйеді. Ақтөбеде алғашқылардың бірі болып ерекше жобаны іске асырды. Айтқан уәдесінде тұратын жан. Бүгінде онымен жұмыс жасау біраз адамның арманы. Ол Ақтөбегі №1 той ұйымдастырушы. Ерекше атауға ие «Event» орталығының жеткешісі - Гүлнұр Жұмағалиева.

    «Халал той жасау сәнге айналды»

    «Ерекше жоба басқаны тамсандырады»

    Той саласында жүргеніне бүгінде 9 жыл болған Гүлнұр Жұмағалиева үшінші жыл қатарынан ерекше жобаны іске асырып келеді. Өнер адамдарымен жақсы араласатын оның жұмысы талай жанның көңілінен шығып жүр.
    - Біз жыл сайын «West wedding star» деген кеш өткіземіз. Өзім ойлап
    тапқан жеке жоба осымен үшінші жылға жалғасын тауып жатыр. Негізінде «Wedding star» деген ақтөбенің әншісі мен бишісі, асабасы мен фотографтарын жинап ең үзіктерін анықтайтын едік. Екі жыл қатарынан тек ақтөбеліктер бойынша өткіздім. Енді осы жылы Атырау, Орал, Ақтау, Ақтөбе үздіктерін жинап, батыс өңірін қамтитын боламыз. Бұл жобада той бизнесте жүргендерді марапаттаймыз. Алла қаласа бір жылдан кейін бұл жобаны республика бойынша өткіземін. Барлығына өзімнің қаражатымды бөлемін. Демеуші іздеп әуре болмаймын. Оларды қонақ ретінде шақыртып отырмын. Той бизнеске демалыс сияқты өтеді. Біз әркімнің тойларында жүреміз. Тіпті жаздың қалай өткенін білмей қаламыз. Сезілмей қалады. Жаз – тойдың маусымы. Қалай күз, қалай қыс болып кеткенін байқамаймыз. Сондықтан жыл сайын осындай шара ұйымдастырамын.

    «Идеяларым әлі де көп»
    2012 жылдан бастап жұмыс жасадым. Ақтөбедегі ең үздік орталық деп бекер айтпайды. Оны барлығы да біледі. Тойын жоғары деңгейде өткізгісі келетін адам маған келеді. Өкінішке орай тағы да той орталықтары шықты. Ол кісілер жұмыс жасай берсін. Бірақ олар бәсекелес емес. Олар ойланбай жұмыс жасайды. Мен бір келіншекті алып шығу үшін басынан аяғына дейін ойланамын. Енді ашылып жатқан орталықтар барлығын бізден қарап алады. Соны дәл сондай етіп көшіріп алғандар болды. Тіпті әуені, биі, әс-әрекеттері де өзгермейді. Өздерінің идеясы жоқ. Сосын олар менің ұсынатын ақшамнан төмен етіп көрсетеді. Мен оны дұрыс емес деп ойлаймын. Көптеген той орталықтары алдыма келді. Тұтынушы болып алдады. Қағаздарымды алып, суретке түсіріп алатын. Той жасаймыз деп алдап кететін. Әлеуметтік желідегі дайын программаларды алып жүргендер бар. Қандай той орталықтары ашылса да дұрыс жұмыс жасау керек. Себебі той көп. Таусылмайды. Бір күнде қаншама той болып жатады. Бірақ адамгершілікпен жұмыс жасаған дұрыс.

    «Біздің еңбегімізді бағалайтын - халық»
    Олар өздері де біздің қалай жұмыс жасайтынымызды көреді. Үйлестірушілерімнің қалай жұмыс жасайтынын жақсы біледі. Той ұйымдастыру ананы-мынаны щақыру емес. Бұл үлкен жұмыс. Маған келген клиент ек-үш ай бұрын келеді. Біз олармен жақсылап тұрып жоспар құрамыз. Тойда той иелері қонақ болып отырады. Олар ештеңе жасамайды. Қалғанының барлығын өзіміз қараймыз. Бір адам бір той жасағанда қатты қобалжиды. Мен 9 жылдан бері әр той сайын сондай әсерде боламын. Басқа ұйымдастырушылар біз сияқты абыройы үшін жұмыс жасайды деп айтпаймын. Маған бір тойды ұйымдастырған отбасылар екінші тойларына қайта шақыртады. Тіпті немерелерінің түсаукесер, бір жас деген ұсақ тойларын бізге тапсырып жатқандары да бар.

    «Халал той жасау сәнге айналды»

    «Ең үздік деген асабалармен жұмыс жасаймын»
    Ақтөбеде көптеген асабалармен жұмыс жасаймын. Қазақстан бойынша асабалар арасында үздік бестігім бар. Алдымен Орал қаласынан Нұрбек деген жігіт. Жахан Отарғалиев, Әли Байжұмат, Айбат Никулин, ақтөбелік Азамат Демисинов. Осы жігіттердің той жүргізгендері ұнайды. Көкшетаулық Әлібектің де той жүргізгенін жақсы бағалаймын. Бір қуантарлығы жақсы асбалар арақ-шарап қойылған тойларға шықпайды. Қазір осы жағдай сәнге айналып барады. Егер келесі жылы сіз Жаханға хабарласатын болсаңыз, ол шарабы бар тойды алмайды. «Назар аудар» тобындағы Ғазизді шақырғыңыз келсе, ол арақ қойылатын тойға бармайды. Бірақ той иесі асабаның Ғазиз болғанын қалайды. Сол үшін тойына арақ қоймайтын адамдарды кездестірдім. «Жарайды, біз тойды халал жасаймыз. Бірақ асаба Ғазиз болсын» дегендер болды. Қаражат жағына келгенде де бұрыңғыдай қымбат болмайды. Арақ-шарапсыз тойға жеңілдіктер бар. Бізде ақтөбеден Ерлан Отарбай деген асба халал тойларды өте жақсы жүргізеді. Басқа да жігіттер бір-бірте осылардың қатарына қосылып келеді. Келесі жылы біздер де халал тойларға 50 пайыз жеңілдікпен жасаймыз деп ойлап отырмын.

    «Қатып қалған баға жоқ»
    Клиент не алғысы келеді соның барлығын қосады. Баға 200 мыңнан басталып, жоғарыға қарай өсе береді. Өнер жұлдыздарымен жақсы араласатын болғандықтан, әншілер басқадан сұраған бағаны маған келгенде түседі. Көбісі ұйымдастыру орталығына тек байлар келеді деп ойлайды. Бірақ көбі қателеседі. Қарапайым халық та келеді. Сенімдерін ақтап, тойларын өткізіп береміз. Бүгінгі жастарға аса қазақы той қызық емес. Осындай бағдарлама жыл сайын артта қалып барады. Жастар қазір шет мемлекетте болған тойларға еліктейді. Бірақ мен арасында қазақы салт-дәстүрді әдемі етіп келтіремін. Жас қыздар келіп, «тойда әкем мені шығарса» деп сұрайды. Өазақта қызды жеңгелері шығарады. Бірақ олар Еуропа стилінде болғанын қалайды. Өзім оған қарсымын. Қазақтарға бұл жат нәрсе. Әкесі тойда қызына дұрыс қарай алмаған ғой. Қазаққа тән емес заттарды түсіндіруге тырысамын. «Менің жанымда екі жеңгенің ұстағанын қаламаймын» деген келіндер де кездесті. «Астымда тері түрмасын» деп айтатындары да бар. «Бұл не?» деп сұрайтын келіндердің де кездестірдік. Бірақ оларға барлығын түсіндіремін. Осы уақытқа дейін «той дұрыс өтпеді» деген жағдай боллған жоқ. Тіпті біз олардың тілектеріне дейін жазып береміз. Барлығын істеп береміз. Қалай тұру керектігін айтатын сәттер де болады. Сондықтан да біздің орталық №1 болып саналады. Өйткені ондай кемшіліктер жоқ. Келеңсіз жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ олар ресторанға қатысты болады. Жарық сөніп, қараңғы жерде той өткізген сәттер болды. Тойға келгендер қараңғы жерде отырды. Бірақ естен кетпейтіндей жақсы той болды.

    «Өзіме уәде бердім»
    Ең бірінші тойға шыққанымда өзіме уәде бердім. Мен бұл бизнесті өзгертемін деген едім. Айтқаным орындалды. Алғаш жұмысқа кіріскенімді асабалар өздеріне дұрыс қарамайтын. Тойға деген жауапкершілігі болмайтын. Кещігіп келеді. Тіпті күнде той болғандықтан шаштарын жууды, өздеріне қарауды білмейтін. Сол кезде жақсы асбаларды жаныма жинап алдым. Қазір олар өзгерді. Олардың киімдері, шаш үлгілері, жұмысқа деген жауапкершілігі, той жүргізу стилі өзгерді. Қазір басқа асабалар да бізге қарап бой түзеді. Артыма қарап қазіргі жағдайды салыстырсам, барлығы өзгерген. Асабалардың үстінде қымбат кастюмдер, дауыстары да өзгерген. Халықты бір сөйлеп өздеріне қаратып алатын жағдайға жеткен. Клиентпен қырылып, той жүргізбеймін деген әңгімелері жоқ.

    «Адам шошитын келіндерді көрдім»
    Жұмыс барысында неше түрлі адамдарды көремін. Бұрында енеміз не айтаса, соны тыңдайтын едік. Қазір керісінше болып кеткен. Кіліндері не айтса, енелері соны тыңдайды. Неше түрлі тойларды көрдім. Адам шошитын келіндерді деп көрдім. Мен олардың ата-енесін ойладым. Енелеріне саусағын шошайтқан келіндер де болды. Өзінің тойында арақ ішіп, дадада тұрып темекі шегіп тұрған келіндерді де көрдім. Әрине, барлығы ондай емес. Бірақ мен сондай келінденрді көргенде шошына қараймын. Бізді жалдап, мықты деген асабаларды шақыртып, жоғары деігейде тойды өткізеді. Бірақ сондай келіндерді көргенде көңілім түседі. Бірақ той иелері үшін басынан бастап дұрыстап өткіземіз. «Маған көрсетпе, өзім білемін» дегендері де болды. Сондықтанда келін аларда ойланып, әке-шешесіне қарап алуды дұрыс деп ойлаймын. Келінінң ата-анасы дұрыс болса, өзі де дұрыс болады. «Шешесіне қарап, қызын ал» деген мақалды енді түсініп жатырмын.

    «9 жыл бұрын өзіме сенімді едім»
    Үйлестіруші қыздарымды өзім сияқты тәрбиелеп шығардым. Шыны керек қыздарым менен де жақсы жұмыс жасайды. Бұрында бір күнде бес тойға дейін алатын едім. Енді түсіндім. Олай жасауға болмайды екен. Біріншіден, біз шаршаймыз. Екіншіден, ақшаға құныққандай керек емес. Қазір екі тойдан артық алмаймын. 9 жыл бұрын өзіме сенімді болдым. Кез келген бизнес адамның ниетіне байланысты. Егер адам алдамай, шын көңілден жұмыс жасаса жолы да ашық болады. Негізі мамандығым педагог-психолог. Адамның ниеті таза болса кез келген слада бірінші болып жүруге болады. 18 жасымда тұрмысқа шықтым. Балалы болдым. Балдарымды өсіремін дегенше жұмыс жасағаным жоқ. 25 жастан кейін ғана қандай бизнес ашамын деп ойладым. Өзімді қай бағытқа бұратынымды білмей жүрдім. Жылап тұрып Алладан сұрадым. Жол сілтеп, көмектесуін өтіндім. Бірде интернеттен інім үйленсе қандай ойындар ұйымдастырсам болады деп қарадым. Бір кезде ертегідегідей жағдай болды. Басыма бірдеңе түскендей сезіндім. Жаңа идея келді. «Гүлнұр, неге осылай жасамайсың?» деп өзіме сұрақ қойдым. Интернеттен қарадым. Алдыма тойы ұйымдастыру туралы біраз ақпарат шықты. Солардың жұмыстарын қарадым. Біздің Қазақстанда ондай жоқ. Астанадан енді ашылып жатқандар бар екен. Бірақ халық оның не екенін түсінбейді. Өзім де дұрыс түсінбедім. Бірақ бастап кеттім. Басында асабалар шошыды. Өздері жүріп үйреніп кеткен. Біреу бақыласа шошына қарады. Шетелде той ұйымдастырушы болмаса той өтпейді. Біздің халық та қазір үйреніп келе жатыр. Отбасым қарсы болған жоқ. Менің жолдасым әрқашан мені қолдайды. Менің жеткен жетістіктерімді көріп жүр. Жұмыстың ең кереметі – өзіңе жұмыс жасау. Қазір өзімді бақытты сезінемін. Өз жұмысымды жақсы көріп жасаймын. Түсінгенім мәселе ақшада емес екен. Адам өз саласынада өзін дәлелдеу керек. Басқалары мойындаса бұл жетістік.

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Халықтың батасы жетеді»
  • Қазақтың тойы қанша тұрады?
  • “Қазақстанда шоу – бизнес жоқ”
  • Саулентай Талғатқызы: “Бала – ата-ананың дәлме-дәл көшірмесі”
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге