Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды

    Ақтөбелік археологтар Ойыл өңірінен ғұн дәуіріне жататын қорымдарды тапты. Қазба жұмыстарын жүргізіп, табылған нысандарға болжам жасады. Археологтардың айтуларынша ғұн тайпаларының жүріп өткен жері Ақтөбе облысының территориясына жатады

    Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды

    Ойыл ауданы Шиқұдық ауылы маңынан 3 шақырым жердегі Сарлақмолада археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірнеше күндік еңбектің нәтижесінде олар ғұндар жерленген төрт қорымды ашты.
    - Бұл деген үлкен жоба. Біздің жан-жақтан қазып жатқанымыздың себебі бар. Қорымның жүйесін түсінгіміз келіп тұр. Әуеден түсірілген суреттер арқылы ғұн дәуіріне жататын ескерткіштерді іріктедік. Ойылда 100-ден артық ескерткіш бар. Ізденіс жұмыстарының арқасында оңай болсын деп карта жастап алдық. Бұл жерде нысандардың түрлері көп. Қорған сияқты үйіндісі бар. Гантель, төртбұрышты тәрізді түрлері де бар,-дейді Тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының басшысы Аслан Мамедов.
    Археологтар қорғанды ашқан кезде адам сүйегінің ғұн дәуіріне жататынына күмән келтірмеген. Жерлеу ерекшелігі мен табылған бұйымдарына қарап болжам жасады. Дегенмен Ақтөбе өңірінде ғұндардың мекендегені туралы тарихта көп көрсетілілмеген.
    -Қазақстан археологиясының дамуында ғұн дәуірінің ескерткіштері әлемдік деңгейде қызығушылығын тудырып тұр. Б.з 1 ғасырында ғұндар сол кездегі санбилерден жеңіліп, қытай мемлекетінен қоныс аударуға мәжбүр болады. Ғұн тайпаларының жүріп өткен жері Ақтөбе облысының территориясында күш жинап тұр. Екі ғасырдай уақыт ғұндар осы аймақта болған. Бірақ осы уақытқа дейін ғұндардың Ақтөбе облысы территориясына мекендегені туралы ізін табу қиын болып келді. Көшпелі тайпалардың тұрақтары болмағанымен қорымдары табылу керек болатын. Соңғы уақытқа дейін табылмады. Оның қазір сыры ашылып жатыр. Олар сарматтар, сақтар сияқты өздерінің ескерткішін биік етіп салмаған. Олардың ескерткіштері көп жағдайда жерден кішкене ғана көтеріледі. Көзбен қараған кезде байқалмайды. Сол себепті көп уақытқа дейін таба алмадық,-дейді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Мейрам Дүйсенғали.
    Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды
    Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды
    Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды

    Осы уақытқа дейін бұл өңірді 1986 жылы орыс ғалымдары В.Кригер мен В.Иванов бастауымен қазба жұмыстары жүрді. 1991 жылы Әйтеке би ауданында Атпа 1, 2, 3 қорымдары болды. Сол жерлерде ғұн дәуірінің ескерткіштері зерттелген еді. 2001 жылы Мұғалжар ауданында халықаралық экспедиция жұмыс жасаады. Ал, 2007 жылы Хромтау ауданында Сарытау қорымы қазылды. Бұл кезде де ғұн дәуірінің ескерткіші анықталды.
    - 2017 жылы ғұн дәуірінің ескерткіштерін анықтау үшін кешенді жұмыс басталды. Оған көмекке келген жаңа технологиялар келді. Космостан түсірілген суреттің көмегі көп. 1950-1960 жылдары аэрофото түсірілім пайда болып болып, енді соны қолданып жүрміз. Ғұн дәуіріне жататын ескерткіштер Қобда мен Ойыл ауданының өзінен 100-ден аса қорымдарын таптық. Әлі де территория толық аяқталған жоқ. Бір ғана Ақтөбе облысының өзінде 1000-ға тарта нысандар бар. Қорғанды ашқанда ғұн дәуірі екеніне күмән келтірмедік. Мұны жерлеу ерекшелігі мен табылған бұйымдарына қарап анықтадық. Сол кезеңде шалқасынан жерленген, қабір шұңқыры солтүстікке қаратылған. Бұған дейінгі дәуірде сарматтарда адам басы батысқа қарайтын. Екеуінің арасында тез өзгеріс пайда болған. Жерлеу рәсімінің өзгерісіне қарап жаңа тайпалар келген тәрізді. Ақтөбе облысының территориясында ғұн дәуірінің ескерткіштері өте көп екендігіне көзіміз жетіп тұр. Тек оны алдағы уақытта кешенді түрде зерттеу керек. Бұл жердегі бір қиындық жаңа технологияның жетіспей тұр. Дегенмен қаражаттың азығына орай гоефизика әдісін қолдана аламай отырмыз,-дейді Мейрам Дүйсенғали.
    Археологтар енді жаңа технологияны пайдалну үшін қаражат жағынан тиімді тұсын іздеп жатыр. Өздеріне Ураина ғалымдарының ұсыныстары ұнап тұр. Алдағы уақытта қаражат болаты болса геофизикалық түсірілімдер жасаймыз деп отыр.
    Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды
    Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды

    - Ғұндар сол кездегі сенім бойынша заттарымен бірге жерленген.
    Ақбұлақ қорымнан табылған құман өте сирек кездеседі. Бұл біздің болжамымыз бойынша қытай импорты. Қоладан жасалған түйреуіште осы дәуірге тән. Ол кезде билік қолында болған адам бір нысанған, діни адам басқа нысанға жерленген болуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша төртбұрышты қорымда діни өкіл жерленген. Гантель тәрізді қорымға билік өкілі жерлеген. Сорлақмоладан төрт нысан қазып жатырмыз. Біреуі гантель, үшеуі қорған. Алдағы уақытта осындай зерттеулерді кеңейту керек. Қазіргі біздің жұмысымыз барлау жұмыстары болып табылады. Кең көлемде зерттеу жүргізетін мүмкіндігіміз жоқ,-дейді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Мейрам Дүйсенғали.
    Осы зерттеуге жергілікті бюджеттен 2 млн. теңгебөлінген. Оларға бөлінген қаражат екі ай жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Музейдің археологиялық жазғы экспедиациясына 8 млн. теңге көлемінде қаражат жыл сайын бөлініп тұрады.
    -Мақсатымыз – ескерткіштер тобын зерттеу. Облыстың ескерткіштер жинағын шығару. Сарлақмоладан қазылған бір оба көне дәуірдің өзінде тоналып кеткен. 25 күндік еңбектің нәтижесінде 3 адамның мәйіті табылды,-дейді Мейрам Дүйсенғали.
    Ақтөбелік археологтар обадан табылған ғұн дәуіріне жататын дамнығ жынысын анықтағанымен, жас айырмашылығын болжамаған.
    Зерттеп жатқан нысанның тағы бірі қорымның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Тізбектің шетінде қазу жұмысы жүріп, ғұн дәуірінің әйелі табылды. Жерлеу дәстүрі бойынша қабірдің өзі жіңішке келген. Адамның басы солтүстікке бағытталып, шалқасын жатқызылған. Мәйіттің жанында моншақ, қапсырма, айна мен пышақ, ұршық табылды. Заттарына қарағанда әйел адам екені белгілі болды. Жас ерекшелігі белгісіз. Қорымда біршама уақыт өткеннен кейін еске алу рәсімі де өткен. Жанынан ор табылып, сынған құмыра анықталды, - деді Тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының басшысы Аслан Мамедов.
    Айта кетейік, шетелдіктер ғұндар біздің ата-бабамыз деп қазақстаннық ғалымдардан кино түсіруге рұқсат сұрап жүрген көреді. Дегенмен олар толық зерттеп болмайынша келісім бермеген.

    Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды
    Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ғұн дәуірінің зираты табылды
  • Ескерткіштерді жою жағынан Ақтөбе алдыңғы орынға шықты
  • Бейіттің үстіне жерленген белгісіз әйелдің мәйіті табылды
  • Қызыл әскерлердің сүйегі қайта қазып алынуы мүмкін
  • Музей қызметкері “терроризмді насихаттағаны үшін” сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге