Прокурорға пара берген басшы айыппұл арқалады

    Ақтөбеде жүйке ауруына шалдыққандарға арналған мектеп-интернаттың директорына қатысты сот үкімі шықты. Прокурорға пара берген басшыға 22,5 млн теңге айыппұл салынды.

    Ақтөбе қаласының № 2 сотында жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін интернат үйінің директоры Клава Панға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот материалдарына қарағанда, ол өзі басқаратын мекемеге тексеріспен келген прокурорға 1,5 млн теңге пара берген. Осылайша ол мекеме қызметіндегі заңбұзушылықты жасырып, өз абыройын сақтап қалмақ болыпты. Алайда бәрі керісінше болып шықты. Прокурор парадан бас тартып, мәселені ақшамен шешпек болған директор сот алдында жауап берді. Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Айнұр Бекмұхамбетова оны кінәлі деп тауып, қомақты айыппұл салды.
    -Клава Пан Қылмыстық кодекстің “Пара беру” бабы бо-йынша айыпты деп танылып, оған 1,5 миллион теңгені 15 еселенген түрінде, яғни, 22,5 миллион теңге етіп қайтару жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ ол өмір бойына басшылық қызметті атқару құқығынан айырылсын, - деді ол.
    Бұған қоса Клава Пан осыған дейін марапатталған “Шапағат” медалін де қайтарып беретін болды. Айта кетелік, сотталушы жүйке ауруына шалдыққандарға арналған мектеп-интернатта 20 жыл жұмыс істеген. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Интернат директоры прокурорға пара берді
  • Байғанинде мектеп директоры орынбасарынан пара алған
  • ҚР ҰҚК-нің қызметкеріне пара берген сержант сотталды
  • Мектеп директоры 30 млн теңге айыппұл төлейді
  • Парақор тергеуші 1,5 миллион теңге айыппұл төлейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге