Ақтөбеде ауылдасын өлтірген мектеп оқушысы 9 жылға сотталды

    Ақтөбе облысында қатарласын пышақтап өлтірген мектеп оқушысына қатысты сот үкімі шықты. 17 жастағы Асылбек Сабыр кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Естеріңізге сала кетелік, қайғылы оқиға 2019 жылдың 26 қаңтары күні болған еді. Ақтөбе облысының Шалқар қаласындағы мұз айдынында коньки тебуге барған екі мектептің оқушылары өзара төбелесіп қалады. Жанжал кезінде сотталушы марқұмның жүрек тұсына пышақ сұғып алған. Жәбірленуші 2 литрге жуық қан жоғалтқан. Ақыры ес жимастан, ауруханада көз жұмады. Қылмыс болған кезде марқұм небәрі 15 жаста болған. Осы оқиғадан кейін Шалқардағы № 6 мектептің оқушысы Асылбек Сабыр қамауға алынды. 1 қазан күні Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дүйім елді дүрліктірген оқиғаға соңғы нүкте қойды.
    -Сотталушы Асылбек Сабыр ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабының 2-бөлігі,14-тармағы (“Қасақана адам өлтіру”) бо-йынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айрылсын. Ол жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтесін, - деді судья Алтынбек Сабыров.

    Сот үкіміне сәйкес, кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілі марқұмның әкесіне 1 миллион 618 мың теңге материалдық және 3 миллион теңге моральдық шығын өтеуі тиіс. Судья Алтынбек Сабыровтың айтуынша, жасөспірім оқиға орнынан қашып кеткен. Сот-психиатрлық сараптама кезінде сотталушының қылмыс жасаған кезде аффект жағдайында болмағандығы анықталған.Әрі сот тергеуі кезінде Асылбек Сабырдың “марқұм Мирасбек Дәулетияр тапаншамен қорқытты” деген уәжі де өз дәлелін таппапты. Судья үкім шығару кезінде сотталушының кәмелет жасына толмағандығын және қылмысын ішінара мо-йындап, өз ісіне өкінгендігін ескергендігін айтты. Ал сотталушы Асылбек Сабырдың туыстары сот үкімімен келіспейді. Анасы Алмагүл Сүлейменованың айтуынша, оның баласы өзін-өзі қорғамақ болған.
    -Қылмыстық іс біржақты қаралды. Балам басына тапанша тақағандықтан, өзін-өзі қорғауға мәжбүр болған. Бұл туралы алдын -ала тергеу кезінде айтылды. Алайда Шалқар ауданының тергеушілері дұрыс жұмыс істемеді.Табылған тапаншаны да жоққа шығарды. Балам жазықсыз деп отырған жоқпын. Бірақ ол қылмысты қасақана жасаған жоқ. Топтық төбелес болғандықтан, оған қатысқан басқа балалар да жазалануы тиіс еді,-дейді анасы.
    Қайғылы оқиға кезінде ұлынан айырылып, қара жамылған марқұмның әкесі сот үкіміне разы екендігін айтты.

    - Мұндай қасіретті жауыма да тілемес едім. Бұл жағдай енді қайталанбасын. Сот үкіміне разымын. Жастар мұндай қылмысқа бармас бұрын алдын-ала ойланып, осы істен қорытынды шығарса екен, - дейді марқұмның әкесі Жұмабек Оразалин. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Ал үкіммен келіспеген сотталушының туыстары енді аппелияциялық шағым түсірмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Алтын белгі” иегері 9 жылға сотталып кетті
  • Кісі өлтірген мектеп түлегі сот алдына келді
  • Ақтөбеде әріптесін атып өлтірген банк қызметкері сотталды
  • Ақтөбеде анасын өлтірген келіншек сотталып кетті
  • Жұмыстасын буындырып өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге