“Кәмпитпен алдаған”: 74 жастағы педофил сотталды

    Ақтөбеде тапа-тал түсте 6 жастағы қызды зорламақ болған педофилге сот үкімі шықты. Жасы сексенге тақаған қария 6 жылға бас бостандығынан айрылды.

    Елді дүрліктірген оқиға биыл жазда Ақтөбенің іргесіндегі “Нұр Ақтөбе” шағын ауданында болған еді. 74 жастағы қария кішкентай қызды кәмпитпен алдап, денесін сипап, арам ойын жүзеге асырмақ болған. Алайда сол жерде жүрген тұрғындардың бірі оны көріп, дер кезінде арашалап қалады. Қария қылмыс жасаған кезде ішімдік ішкен. Осыдан кейін полиция күдіктіні қамауға алды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 124-бабының 1-бөлігі (жас балаға азғындық әрекет жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1 қазан күні Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотында Мырзағалы Таджияковке сот үкімі шықты.
    -Сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылсын. Оған 10 жыл мерзімге педагогикалық лауызымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымды айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалсын. Маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделсін,-деді судья Қуаныш Мұратов.
    Сот үкімін естіген 74 жастағы Мырзағалы Таджиков “мен ол жасқа дейін өмір сүрмеуім де мүмкін ғой” деп қалды. Белгілісі, сот отырысы кезінде ол өз кінәсін мойындамаған көрінеді. Жәбірленуші тарап сотта одан моралдық өтемақы да талап етпеген. Сот үкімі күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер кішкентай балаларға азғындық жасау үшін ішімдік ішкізген
  • Кішкентай қызды 6 жыл бойы зорлаған педофил сотталды
  • 7 жастағы қызды зорлаған педофил жазаланды

  • Бес жасар қызды зорлаған педофил 17 жылға сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге