Ернар Айдар екі айлық баланы сахнаға шығарды

    Ақтөбеде қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ернар Айдардың жеке кеші өтті. 500 теңгеге кеш берген өнер иесі көптің көңілінен шықты. Тіпті сахнаға өзінің ең жасын тыңдарманын шығарып, халықты елең еткізді. Көрермендер тойдағыдай билеп, қалағандарынша әншімен суретке түсті.

    Әдемі дауыс пен әдемі өнердің иесі атанып кеткен Ернар Айдардың концерті қалалық мәдениет үйінде өтті. Халық жүрегін жаулаған әншінің жеке кешіне кіру бар жоғы 500 теңге болды. Билеттің де арзан болуы ақтөбеліктер үшін тапсырмас мүмкіндік еді. Екі сағатқа созылған концертте әнші өзінің ең жас көрермені 5-6 айлық бүлдіршін деп топшылады. Дегенмен зал толы көрермендер арасында екі айлық бүлдіршін де болды. Ернар өзінің ең жас көрерменін анасымен бірге сахнаға шақырды.
    - Екі айлық тыңдарманым бар екен. Міне, көрдіңіздер ме?
    Тыңдарман жағынан Ақтөбе озып тұр. Осында алып келіңіз,-деді Ернар Айдар.
    Сахнаға анасы алып шыққан кішкентай бүлдіршінді қолына алып, жоғары көтерді. Балаға деген махаббатын көрген әншінің тыңдармандары риза болды. Екі айында киелі сахнаға шыққан бүлдіршінің есімі – Расул. Анасының айтуы бойынша, алғаш концертке келген кішкентай Расул тып-тыныш отырған.

    - Ернар ең кішкентай көрерменім 5 айлық болды деген кезде, ең
    кішкетай көрерменің бар деп айтып қалдық. Оны естігеннен кейін бізді шақырды. Ұлымды екі қыздан кейін жеті жыл күттім. Балдарымның алды 11 жаста. Балам концерттен келгеннен кейін гуілдеп түнгі бірге дейін ұйықтамады. Содан кейін таңертең бір-ақ тұрды. Негізі түнде оянатын еді. Әжесі әзілдеп «баланы шаршату үшін концертке апарып тұрыңдар» деп қояды. Өзіміз жиі концерттен қалмаймыз. Ерке, Төреғали, Нұрболат, Шымбергеннің жеке шығармашылық кештерінен бардық. Балаларымды бірге апарамын. Ернар Айдардың әндерін тыңдаймыз. Осымен оның концертіне екінші рет барып тұрмыз. Екі қызым інілернің сахнаға шыққанына мәз болды. Өзім қатты таң қалдым. Басында мені концертке кіргізбеп еді. «Кішкентай баламен қалай отырасыз. Сізге кіруге болмайды. Балада қорқыныш болады. Қазір бала жылайды» деді. Дегенмен мен билетті алып тұрған жандарды тыңдамай, залға кіріп кеттім. Бізді концертке кіргізбегені былай тұрсын, тіпті сахнаға да шығып кеттік ғой. Бұл біз үшін кішкентай болса да қуаныш. Ернардай қарапайым әншімен ұлымды бірге көргенде қуандым,-дейді Расулдың анасы Айнамкөз Назарғалиева.
    Айта кетейік, әнші өзімен бірге сахнаға шығып, өнер көрсеткен тыңдармандарына жаңа үнтаспасын сыйға тартты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үйленгенін жасырған Ернар Айдар неке жүзігін тақпайтынын айтты
  • Ернар Айдар жасырын отау көтерді
  • Ақтөбеліктер Төреғали мен Еркені өлтіріп қоя жаздады
  • Бейбіт Оралұлы: Ән айту еріккеннің ермегіне айналды
  • Рахман Сәтиев Bala Turkvizyon-2015 сахнаға бірінші болып шығады
  • Жадыра Арыстанова: Той әндерін сахнаға алып шығу дұрыс емес!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге