50 млн теңгені жымқырған емхана есепшісі сотталды

    Ақтөбе қаласының № 2 сотында емхана есепшісі Ақмерей Қарабалинаға қатысты қылмыстық іс қаралды. 51 жастағы әйелге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін айып тағылған. Сот материалдарына қарағанда, ол 2015 жылдың ақпан айы мен 2019 жылдың сәуір айында өзіне артық жалақы аударып, мемлекетке 50 млн 225 мың теңге зиян келтірген. Тергеу мәліметінше, сотталушының әрекетінен емхананың бас есепшісі де, бас дәрігері де хабарсыз болған. Өйткені әйел басшысының 600-ге жуық қызметкердің жалақысын тексеруге мүмкіндігі жоқтығын жақсы білген. Сол себепті ол қағаз түріндегі төлемге өзінің нақты еңбекақысын көрсетіпті. Алайда электронды төлем жасау кезінде бас есепшінің қолын жасырын қойып, өз есепшотына артық ақша аударған. Тіпті бір айдың ішінде өзіне 3 млн теңгеге дейін қаржы аударып, өз қажетіне жұмсаған. Оның дәніккені сонша - емханада күзетші болып жұмыс істейтін ұлына да екі жыл бойы артық жалақы аударып келіпті. Мекемеге 2015 -2017 жылдар аралығында аудиторлық есеп жүргізілген. Дегенмен ол кезде есеп бөліміндегі артық төлемдер анықтамаған. Есепші әшкере болғаннан кейін тексеру комиссиясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.
    Сот отырысы кезінде әйел өзіне тағылған айыпты жартылай мойындап, бұл “былыққа” бас есепшінің де қатысы барын айтты. Айтуынша, ол емханада 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Ал 2015 жылы оны бас есепші кабинетіне шақырып, жалақыдан бөлек ақша жасауды ұсыныпты. Ол ақшадан қысылғандықтан, бірден келісім беріпті-міс. Соңыра жымқырған ақшаны екеулеп бөліп алған көрінеді. Ол соншама қаражатты алмағанын, әлі күнге дейін несие төлеп, пәтерде тұрып жатқанын айтып ақталды. Дегенмен сотта бас есепші қоластындағы қызметкердің жымысқы әрекетін кездейсоқ анықтағанын жайып салды. Сол кезде әйел өзінің бұрынғы күйеуінің қарызын жабу үшін қылмысқа барғанын мойындапты. Таяуда Ақтөбе қаласының № 2 сотының судьясы Ербол Әбдіқалықов сотталушыны кінәлі деп тауып, үкім шығарды.
    -Сотталушы Қарабалина аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол сот залынан қамауға алынсын. Сотталушыдан қалалық емхана пайдасына 49 млн 191 теңге материалдық залал және мемлекет пайдасына мемлекеттік баж ретінде 1 млн 475мың теңге өндірілсін,-деді судья Ербол Әбдіқалықов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде сот қызметкері сауна иесінен ақша талап еткен
  • Тұрғын үй инспекциясының қызметкері 7 млн теңге ұрлаған
  • Есепші миллиондаған қаржыны өз қайын атасының есепшотына аударған
  • №39 мектептің бас есепшісі сотқа жәбірленуші ретінде қатысты
  • №39 мектептің бас есепшісіне қатысты сот басталды
  • Мәртөкте бас есепші сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге