Қарғалыда судьяны өлтірмек болған жігіт жазаланды

    Ақтөбе облысында Қарғалы ауданының 30 жастағы тұрғыны судьяға “өлтіремін” деп қоқан-лоқы жасаған. Сот үкімімен ер адам 300 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

    Қарғалы ауданының сотында Бадамша ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. 30 жастағы жігіт ҚР Қылмыстық Кодексінің 409 -бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi) бойынша айыпталды. Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, сотталушы ішімдікке тәуелді болған. Сол себепті Қарғалы аудандық ауруханасы оны мәжбүрлі түрде емдетпек болған. Алайда ер адам 2019 жылдың 17 қыркүйегінде азаматтық істі сотта қарау кезінде судьяға өлтіретіндігін айтып, оған қоқан-лоқы көрсеткен. Тіпті істі қараған судьяға ұмтылуға әрекет жасаған. Сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындағанмен, жауап беруден бас тартты. Сотқа жәбірленуші ретінде қатысқан судья да болған оқиғаны растады. Қарғалы аудандық сотының судьясы Абай Шәріпбаев сотталушыны кінәлі деп тауып, 300 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жөнінде жаза тағайындады. Бұған қоса уақытша жұмыс істемейтін жігіт мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емделетін болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сот қызметкері суицид жасады
  • Хромтауда анасымен ұрысқан ер адам үй заттарын өртеп жіберді
  • Ақтөбеде бала ұрған тәрбиеші қоғамдық жұмысқа жегілді
  • 7 жастағы қызды зорлаған педофил жазаланды

  • Ақтөбе облысында қызын сабаған ана қоғамдық жұмысқа жегілді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге