Кәсіпкерден ақша бопсалаған жігіт сотталды

    Ақтөбе соты кәсіпкерді қорқытып, ірі көлемде қаржы бопсалаған ер адамға үкім шығарды. 32 жастағы сотталушы Магамед Закаев енді өмірінің 9 жылын түрмеде өткізеді.

    Қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Айыптау актісіне қарағанда, сотталушы екі сыбайласымен бірге кәсіпкерді қорқытып, 43,5 млн теңге бопсалаған. Сотта кәсіпкер сотталушылардың өздерін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырғандығын айтты. Жәбірленуші өзіне тиесілі дүкенде лицензиясыз алкогольдік өнімдерді сатумен айналысқан. Сол себепті ол қорқып, алғашында ақша бопсалаушыларға 500 мың теңге берген. Оңай олжаға дәніккендер мұнымен тоқтамаған. Өзі мен жақындарының өмірі үшін қорыққан кәсіпкер бірнеше рет қомақты қаржы беріп, олардың айтқанына келісуге мәжбүр болыпты. Алайда сот отырысы кезінде сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Ол кәсіпкерге танысының қарызын алу үшін барғанын айтып, ант-су ішті.
    Айта кетелік, осыған дейін бұл іс бойынша екі бірдей сотталушыға сот үкімі шыққан еді. Олардың бірі 10 жылға, ал екіншісі 11 жылға сотталған. Ал Магамед Закаевқа халықаралық іздеу жарияланған еді. Қазір түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушылар сотта өз сыбайластарының бұл іске қатысы жоқтығын айтып, оны ақтап алуға тырысты. Алайда сот Магамед Закаевты тек 40 млн теңгені бопсалауға ғана қатысы бар деп тапты. Оның қалған 3,5 млн теңгені бопсалауға қатысы болғаны сотта еш дәлелін таппаған. Сот оны кәсіпкерді бопсалағаны үшін кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін қарақшылық пен ұрлық жасағаны үшін сотталған ол рақымшылыққа ілігіп, жазасы жеңілдеген еді. Сондықтан оның әрекеті “қауіпті рецидив қылмыс” деп танылды. Бұдан бөлек ол жәбірленушіге 300 мың теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде сот қызметкері сауна иесінен ақша талап еткен
  • Такси жүргізушісін өлтіргендер ұзақ мерзімге сотталды
  • Ақтөбеде ақша бопсалаған ҰҚКД-нің қызметкерлері сотталды
  • Қарақшы топ кәсіпкерді интимдік бейнетаспамен бопсалаған
  • Ақтөбеде теракт үшін айыпталған 19 адамның жазасы жеңілдеді
  • Ақтөбе облысында кәсіпкерді ұрлап әкетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге