Ақтөбелік жігіт өгей әжесін үйіне жиі келетіндігі үшін соққыға жықты

    Ақтөбеде өгей әжесін ыдыспен ұрған жігіт сотталды. 29 жастағы Рустам. Қ. жәбірленушіні үйіне жиі келетіндіктен жақтырмаған көрінеді.

    Ақтөбе қаласының №2 сотында қала тұрғыны Рустам Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Тергеу мәліметінше, 29 жастағы жігіт биыл шілде айында ішімдік ішкен күйі өгей әжесінің басынан ыдыспен ұрған. Соның нәтижесінде әйелдің бас сүйегі сынып, денсаулығына қасақана ауыр зиян келген.Сот отырысы кезінде жігіт өз қылмысын толықтай мойындады. Айтуынша, үйлеріне сол күні өгей шешесінің анасы келген. Ол егде жастағы әйелді көп келетіндігі үшін жақтырмайтын болып шықты. Бұл жөнінде әкесіне де бірнеше рет ескерткен. Алайда ол мұның сөзіне еш құлақ аспаған.
    -Сол күні кешкі ас ішу үшін ас үйге кірген едім. Қолымдағы ыдысқа тамақ салып жатқанымда ол қасыма келіп, “тамақты орнына қой, тиіспе” деді. Мен бұл сөзге ашуланып, оған «шаруаң болмасын, өзім білемін» дедім. Ол мені арқамнан ұстап, жұлқылады. Масаң күйде болғандықтан ашуланып, қолымдағы ыдыс табақпен оның басынан бір рет соққы жасадым. Кейін ол жерден кетіп қалдым. Жасаған іс-әрекетіме өкінемін. Жеңіл жаза беруіңізді сұраймын,-деді ол.
    Ал жәбірленуші қызының үйіне жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, көмекке барғанын айтты. Оның сөзінше,соққыдан кейін өзі есеңгіреп қалған. Басынан қан тоқтаусыз аққан көрінеді. Соңыра немересі басын ұстап отырған әйелді көріп, әке-шешесіне хабар берген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, жәбірленушіні ауруханаға алып кеткен. Ол сотталушыны кешіретіндігін айтып, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Алғашында бұл істі полиция қызметкерлері отбасылық жанжал санап, әкімшілік хаттама толтырған. Кейін іске Алматы ауданының прокуратурасы араласып, іс қылмыстық сотқа жетті. 31 қазан күні судья А. Бекмұхамбетова сотталушыны ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Сот үкіміне сәйкес, оның 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Ол пробациялық бақылауға алынды. Бұдан басқа сотталушы жаза өтеу кезінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ішімдік ішкен жігіт полицейлерді ұрып тастады
  • Ақтөбеде автобус жүргізушісін пышақтаған күдікті сотталып кетті
  • Ақтөбеде өгей ұлына азғындық жасаған әке сотталды
  • Ақтөбеде ер адам өгей ұлын 3 жыл бойы зорлаған
  • Ақтөбеде өгей қызын өлімші еткен әке сотталды

  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге