Тарихтағы ең құнды жәдігер Темірден табылды

    Ғалымдар ең құнды алтын адам Темір ауданынан табылды деп болжады. Енді ғалымдар Темір ауданы Тасқопа ауылынан табылған ескерткішті бір жыл бойы зерттемек. Ғалымдардың айтуынша, табылған алтын адамның бас киімі, сауыт-саймандары, қасына жерлеген атының әбзелдері таза алтыннан құйылған.

    Темірден табылған алтын адамға ерекше баға берген археологиялық институт зертханасының мамандары Ақтөбеде жүр. Олар өз кезегінде жәдігерді басқаларға қарағанда құнды деп бағалап отыр. Құнды жәдігер біздің заманымызға дейінгі 4-5 ғасыр бұрынғы сармат дәуіріне жатады. Археологтар табылған алтын адамды жер астынан құммен бірге ойып алған. Ал қорымның жанынан алынған алтын әшекей бұйымдары музейде тұр.
    - Тамыз айынан бастап үш ай бойы археологиялық зерттеу жүргізілді.
    Жұмыс тікелей облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасына байланысты болды. Тасқопа ауылынан бірегей қорым табылып, құнды дүниелер табылды. Алтын бұйымдар көп шықты. Ескерткіш бұрын тоналған. Тоналғанына қарамастан жақсы сақталған екен. Қазба жұмысы кезінде топырағымен бірге алынды. Алдағы уақытта кешенді түрде жүргізіледі. Болжам бойынша сармат тайпасының көсемі жерлеген болуы мүмкін. Ескерткіш ерте темір дәуіріне жатады. Оның бәрін жермен бірге қазып алдық. Монолит деп айтады. Соның бәрін енді реставрациялап, қалпына келтіреміз. Өз зертханамыз бар. Бірақ оған маман керек. Қазір оны қарап отырмыз. Мүмкін Ақтөбеде жасаймыз,- деді Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институттың Нұр - Сұлтан қалалық филиал директоры Талғат Мамиров.

    Осыған дейін ғалымдар бұл алтын адамды сенсациялық жаңалық деген болатын. Ғалымдар бұл қорымның сол заманнан бастап талай рет тоналғанын айтады. Соның өзінде осы күнге дейін сақталған алтын бұйымдарға риза болып отыр.
    - Есік қаласында табылған «Алтын адамда ағашқа алтын жалатылған болатын. Ал Тасқопада табылған жәдігерде темірге алтын жалатылған», - дейді ғылыми қызметкер Дархан Байтілеуов.
    Айта кетейік, алтын адам бүгінде мұражайдың қоймасына сақталып тұр. Енді оны жан-жақты зерттейді. Ол үшін археологиялық институт зертханасын Ақтөбеге көшіріп әкелуі мүмкін.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғыздан қола дәуіріне тән екі әйелдің сүйегі табылды
  • Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды
  • Ақтөбеде ғұн дәуірінің зираты табылды
  • Ескерткіштерді жою жағынан Ақтөбе алдыңғы орынға шықты
  • Ақтөбеге “Алтын адам” келді
  • Жолсеріктің алтын бұйымдары ұрланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге