[/b] Ақтөбедегі №51 мектеп-гимназиясының электронды мекенжайына мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. 600-ден аса адам эвакуацияланды. Күдікті әлі табылған жоқ. [b]
Шұғыл хабарды естіген қауіпсіздік қызмет органдарының қызметкерлері оқиға орнына барды. Оқушыларды, оқытушылар құрамы мен техникалық персоналдарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Барлығы 600-ден астам адам эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері барлық ғимараттарға жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ,- деп хабарлайды ПД баспасөз қызметінің жекетшісі Ерболат Сарқұлов.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.