“Аштық жариялаймыз”

    “Аштық жариялаймыз”: Ақтөбеде мұнайшылар жалақысын көтеруді талап етті

    Ақтөбе облысының Темір ауданында мұнайшылар жалақыларын көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. “СНПС Ақтөбе мұнайгаз” компаниясына қарысты “КМК Мұнай” мекемесінің екі жүзге жуық жұмысшысы Президентке видеоүндеу жариялап, көмек сұрады. Олар жалақылары екі есе көтерілмесе, жұмысты тоқтатындықтарын айтты. Тіпті талаптары орындалмаса, аштық жарияламақ ойлары бар.

    “Аштық жариялаймыз”

    Ақтөбе облысы Темір ауданының Көкжиде кенішіндегі “КМК Мұнай” компаниясының жұмысшылары наразылыққа шықты. Ашынған жұмысшылар жалақыларын 100 пайызға көтеруді талап етіп отыр. Айтуларынша, мұнай компаниясында жұмысшыларға жағдай жасалмаған.
    -Біз адал еңбекақымызды 100 пайызға өсіріп беруіңізді сұраймыз. 12 қаңтар күні біз “КМК мұнай” басшыларына және облыс басшыларына жалақымызды көтеру жөнінде хат жолдаған едік. Біздің бұл талабымызды орындағылары келмей отыр. Оған себеп жоқ екенін алға тартады. Себеп бар. Біздің компания- Ақтөбе облысындағы ең озық, беделді компаниялардың бірі. Мұнай өндіруден жыл сайынғы жоспарды асыра орындап келеміз. Ал жұмысшылардың жалақысы басқа мұнай компанияларымен салыстырғанда өте аз. Қазіргі пандемияның уақытында азық-түлік, коммуналдық қызметтер бірнеше есе қымбаттап кетті. Айлығымыз несиемізді жабуға немесе азық-түлігімізді алуға артылмай отыр.Өзіңіз де білесіз, Ақтөбе облысының мұнайшылары ең төменгі жалақы алады. Біздің жалақымыз мұғалімдер, дәрігерлер мен зейнеткерлердің еңбекақысынан да төмен. Біз қаңтар айының 25-інен бастап жұмысқа шықпауға бел байладық. Осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз. Біздің компанияға тексеріс жіберуіңізді талап етеміз,-дейді жұмысшылар.
    Жалақыларын көтеруді талап еткен мұнай-газ операторының бірі (аты-жөнін атамауды сұрады –ред) жұмысшылардың ай сайын алатын еңбекақылары 130-150 мың теңгенің аралығында екенін айтады. Айтуынша, оларға жұмысшылардың жағдайын жақсартып, еңбекақыларын көтеруді талап еткендері үшін басшылық тарапынан қысым да көрсетілген.
    -Екі жүзге жуық адам жиналдық. Вахта ауысып, жұмысшылар үйлеріне қайтуы тиіс еді. Алайда олар кеніштен үйлеріне қайтқан жоқ. Айлық өте төмен. Жасыратыны жоқ, еңбекақымыз ештеңеге жетпейді. Беретін тамақтары құнарсыз. Біз 4 бірдей мәселені шешіп беруді талап етіп отырмыз.Ең біріншісі-жалақыны көтеру.Кәсіподақ, жатақхананың жағдайы да бар. Кәсіподақ жұмысшылардың құқығын қорғамайды. Өз талабымызды қойғанымыз үшін басшылық тарапынан қысым көріп келеміз. Ұнамаса, жұмыстан шығуымызды сұрайды. Талабымыз орындалмаса, аштық жариялаймыз,-дейді мұнайшы.
    Жұмысшылардың талабынан соң Көкжидедегі кенішке "КМК Мұнай" компаниясы мен облыс, аудан әкімдігінен өкілдер келіп, наразы топпен келіссөз жүргізді. Мұнайшылардың ұжымдық үндеуінен соң комиссия құрылды. Алайда әзірге нақты шешім қабылданған жоқ.
    -Ақтөбе облысының Еңбек инспекциясына «КМК Мұнай» жұмысшыларының атынан еңбекақыларын 100%-ға көтеру, тамақтандыру жағын жақсарту, жатақханадағы жағдайларға қанағаттанбау, кәсіпорынның кәсіподақ комитеті жұмысының нашарлығы және жұмысшыларға қысым көрсетілу сұрақтарына байланысты ұжымдық үндеу түсті. Аталмыш арызда еңбекақыны көтеру талабы орындалмаған жағдайда жұысшылардың 2021 жылдың 25 қаңтарынан бастап жұмысты тоқтату туралы шешім қабылдайтындықтары көрсетілген.Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бақбергеновтің төрағалығымен комиссия құрылды. Комиссия құрамында еңбек инспекциясы, индустриялық-инновациялық даму басқармаларының басшылары, Темір ауданы (кен орны Темір ауданында орналасқан) әкімдігінің өкілдері мен аудан прокурорлары бар.Қазіргі таңда «КМК Мұнай» АҚ жұмысшыларымен ұжымдық арызда көрсетілген талаптарды түсіндіру бойынша кездесу өтуде. Кездесудің нәтижесі қосымша хабарланатын болады,- делінген Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.
    Жұмысшылар ереуілі әлі жалғасып жатыр. Алайда кеніштің жұмысы тоқтамаған. Ереуілшілердің сөзінше, қазір мұнай өндірумен басқа мердігер ұйымның жұмысшылары айналысып жатыр. Айта кетелік, “КМК Мұнай" компаниясы 2004 жылы құрылған. Ақтөбе облысындағы Көкжиде, Құмсай кеніштерінде мұнай өндіретін мекемеде 350-ден астам адам адам еңбек етеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Қазақойл Ақтөбе” компаниясында мұнай өндіру азайған
  • Ақтөбелік мұнайшылардың жалақысы 3 жылдан бері көтерілмеген
  • Мұнай компаниялары ақтөбеліктерге 26 млн теңге қарыз

  • Екі жүз мұнайшы жұмыссыз қалды
  • Мұнайшылар қаржылық дағдарыстың зардабын тарта бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге