«Балаларыммен бірге есірткі пайдаландым»

    Ақтөбеде АИТВ жұқпасын анықтаудың жаңа әдісі қолданысқа енді. Экспресс-тест сараптамасымен сілекей арқылы АИТВ жұқпасын 20 минутта анықтауға болады. «Балаларыммен бірге есірткі пайдаландым»«Балаларыммен бірге есірткі пайдаландым»

    Ақтөбе облысы АИТВ жұқпасының таралу деңгейі төмен өңірге жатады. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы АИТВ жұқпасына сараптама жасау 24 пайызға артты. АИТВ-ға 191 мың сараптама жасалды. Тұрғындардың 14 пайызы тексеруден өткен.
    Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Алтынай Есетованың айтуынша әдістеменің көмегімен АИТВ жұқтырғандарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
    - Өңірдегі осал топтар инемен есірткі тұтынушылардың арасында АИТВ жұқпасын анықтау үшін 20 минут жеткілікті. Жедел тест қан арқылы емес, сілекей арқылы жұқпаны анықтай алады. Сілекей жағылған таяқшаны экспресс тесттің контейнеріне салғанда, 20 минуттан соң нәтижесі байқалады. Жаңа әдістің тиімді жағы үй жағдайында да алуға мүмкіндік бар. Медициналық жағдай жасауды қажет етпейді. Экспресс тесттің нәтижесі 99,9 пайыз нақты шығады. Инфекция анықталған жағдайда нәтижесін нақты білу үшін қан тапсыру арқылы тексереміз. АИТВ инфекциясы ине арқылы, жыныстық қарым-қатынас, анадан балаға сүт арқылы жұғатын негізгі үш жолы бар. Сілекей биологиялық сұйықтығында инфекция болады. Сол арқылы сілекейден жұғынды алып инфекцияны анықтауға болады. Бірақ сілекей арқылы адамнан-адамға жұқпайды. Өйткені, сілекеймен жұғуға инфекция қажетті мөлшерде жеткіліксіз,-дейді Алтынай Есетова эпидемиолог дәрігер.
    Орталықта жұмыс жасайтын аутрич-қызметкерлері оқыту семинардан өтті.
    - Аутрич қызметкерлері семинардан өтіп. АИТВ жұқпасына жедел-тексеру жүргізудің әдістері түсіндірілді. Ақпан айынан бастап ЖИТС орталығының 4 аутрич қызметкерлері сілекей арқылы экспресс тестті өздері алып жүр. Арнайы қызметтік көлікпен мобильді топтармен өздеріне бөлінген аймақтарға барып сол жерде анықтай алады. Ерікті аутрич қызметкерлеріне бас дәрігер бекіткен жалақы төленеді. Аутрич қызметкерлері есірткі тұтынушыларды анықтап, оларды диспансерлік есепке алып орталыққа ем қабылдауға алып келсе ондай жағдайда қосымша үстем ақы беріледі. Қызметкерлермен айына бір рет кездесіп жұмыс барысын талқылаймыз,-дейді эпидемиолог дәрігер.
    Орталықта 16 жыл аутрич қызметкер болып жұмыс жасайтын Катя бұрын есірткі қолданғанын айтты.
    - Келеңсіз жайт менің отбасымнан да айналып кетпеді. Кезінде жолдасым есірткі қолданған. Менде, балаларымда солай есірткі қолдандық. Бірақ дер кезінде тоқтатып емделдік. АИТВ инфекциясы көбіне ине арқылы жұғады. Сондықтан жастар болашақтарын ойлап, зиянды әдетке бармаса екен деймін. Біз есірткі қолдануышылармен жұмыс жасаймыз. Көпшілігі түрлі жағдаймен теріс жолға түскендер. Олар медицина қызметкерлерінің оларды көргенін, білгенін қаламайды. Сондықтан біздер олармен тығыз қарым-қатынаста болып барынша түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. АИТВ жұқпасын сілекей арқылы анықтаудың тиімді жағы көп. Есірткі көп қолданған адамдардың тамырларын табу қиын. Олардың қолдары көгерген, жарақат алған болады. Ал, сілекей арқылы АИТВ жұқпасын тез анықтауға болады. Уақыт жағынанда тез әрі тиімді,-дейді Катя аутрич қызметкер.
    2020 жылдың 12 айында облыста ҚР азаматтары арасында 55 АИТВ жұқтырғандар анықталды. Ақтөбеде жүрген шетелдіктер арасында 6 АИТВ анықталды. Анықталған 55 азаматтың 33-і ер адамдар және 22-і әйел адамдар арасында. 49 адам жыныстық жолмен жұқтырғандар. 89% құрайды. Қалғаны есірткіні қолдану арқылы жұқтырғандар. Қазір осы диагнозбен 469 ақтөбеліктер тұр.
    Соңғы 30 жылда Ақтөбе облысында 500-ден астам АИТВ жұқтырғандар анықталды.Олардың барлығы дерлік емделеді. Сонымен қатар, вирусқа қарсы препараттар мен заманауи репродуктивті технологиялардың арқасында АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупі төмендеген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында СПИД жұқтырған 13 адам тіркеуде тұр
  • Ақтөбелік жастар арасында ВИЧ жұқтырғандар көбеюде
  • Ақтөбелік әйел жыныс мүшесіне есірткі жасырып алып өткен
  • Ақтөбеде 6 гей жыныстық жолмен ВИЧ жұқтырған
  • Жастар СПИД-ке қарсы!
  • Эпидемиолог: ВИЧ инфекциясы жеміс-жидек арқылы таралмайды!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге