Егінді шегірткеден сақтауға 61,7 млн. теңге бөлінді

    Ақтөбеде биыл егіс науқанын жүргізуге 7,4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Ал, зиякестермен күресуге облыстық бюджеттен 61,7 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсалмақ. Бұл туралы баспасөз маслихатында Құсайын Сәрсембай мәлімдеді.

    Негізгі үлес 4 ауданға тиесілі
    Биылғы көктемгі далалық жұмыстарына дайындық басталып кетті. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жұмыстарын, өткен жылғы деңгейінде яғни 791,0 мың га алқапта жүргізу жоспарлануда. Жалпы егіс алқабының 55,1% дәнді дақылдар, 35,9% мал азығы дақылдары, 7,5% майлы дақылдар, 0,8% картоп, 0,7% көкөніс-бақша дақылдары құрайды.
    - Егіс құрылымын әртараптандыру жұмыстарын жүргізу барысында майлы дақылдар алқабын 24,0 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, бұл май өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін жергілікті шикізатпен арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тарының алқабын 1,4 мың га, дәнді бұршақ дақылдарын 1,0 мың га, құмай алқабын 0,9 мың га-ға ұлғайту жоспарлануда. Дәстүрлі түрде, егістіктердің 78,2% негізгі үлесі облыстың 4 ауданына орналастырылады. Оның ішінде Әйтеке би 27,7%, Қарғалы 20,3%, Мәртөк 16,2% және Хромтау аудандарында 14%,-дейді Ақтөбе облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

    Ақтөбе облысы бойынша биылғы жылдың егісіне жалпы тұқымның қажеттілігі 48,9 мың тоннаны құрап отыр. Оның 46,1 мың тонна тұқым шаруашылықтармен құйылды, қажеттіліктің 94,2%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдары бөлінісінде жағдай келесідей: дәнді дақылдар 40,3 мың тонна немесе қажеттіліктен 97,6%, мал азығы дақылдары 1,3 мың тонна майлы дақылдар 1,4 мың тонна және картоп 3,1 мың тонна тұқым құйылған.
    - Тұқымның жетіспейтін көлемін толықтыру үшін шаруашылықтар облыс ішінде де, облыстан тыс жерлерден де тұқым өсіруші шаруашылықтардан тұқым әкелуді жалғастыруда. Ол үшін барлық аудан әкімдіктеріне, сондай-ақ «WhatsApp Messenger» (облыстағы өсімдік шаруашылығымен айналысушылардан тұратын) топтары арқылы біз Қазақстанның тұқым шаруашылығы субъектілерінің, сондай-ақ Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының коммерциялық ұсыныстарын жолдадық,-дейді басқарма басшысы.
    Қазіргі уақытта облыстың тұқым өсіруші шаруашылықтары 5144 тонна жоғары репродукциялы тұқым сату мүмкіндіктері бар. Оның ішінде 3375 тонна бидай, 300 тонна арпа, 58 тонна тары 73 тонна судан шөбі, 150 тонна құмай, 8 тонна еркекшөп және 1180 тонна картоп. Жалпы, егіс науқаны басталғанға дейін тұқымның жетіспейтін көлемін толықтыру үшін барлық мүмкіндіктер бар.

    Жақсы нәтиже күтіледі
    «ҚазГидроМет» РМК ұзақ мерзімді болжамдары бойынша, көктемгі кезеңде жауын-шашынның түсуі көп жылдық мөлшерінде деңгейінде күтіледі. Яғни, егіс науқаны уақытылы жүргізілгенде ауыл шаруашылығы дақылдарының жақсы шығуына негіз бар.
    - Алдағы жылдың егісіне 270,1 мың га жер, оның ішінде 167,1 мың га сүр және 103,1 мың га сүдігер дайындалды. Ауыл шаруашылығы министрлігімен егіс науқанын жүргізуге 7,4 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлінді, бұл облыстың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне дизель отынын жеткізуші оператор - «Батыс Жер» ЖШС. Көктемгі далалық жұмыстарына шаруашылықтар үшін дизель отынын жіберу бағасы наурыз айында 1 литріне 154,0 теңге. Бұл нарықтағы бағадан 15%-ға арзан және Республика бойынша ең төмен баға.Қалыптасқан дәстүр бойынша, оператор егіс науқаны кезінде дизель отынын күн сайын, яғни демалыс және мереке күндерінде де сататын болады,-деп мәлімдеді спикер.
    Көктемгі далалық жұмыстарына барлығы 7953 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылмақ. Оның ішінде 1465 бірлік тракторлар, 97 бірлік егіс кешендерін, 4856 бірлік топырақ өңдеу техникаларын және 1535 бірлік сепкіштерді тарту жоспарлануда. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 97 % - ды құрайды.

    Жаңа бағдарлама іске қосылды
    Биыл облыс әкімі О.Оразалиннің және облыстық мәслихат депутаттарының қолдауының арқасында жергілікті бюджеттен республикалық бюджетке қосымша 0,7 млрд. теңге бөлініп, оның есебінен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде шығындарды өтеу үлесі 25% - дан 35% - ға дейін ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы кәдеге жарату алымының бағдарламасы іске қосылды. Бұл дегеніміз пайдалануға жарамсыз ескі ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату алымына қабылдап, отандық өндірістік жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін сертификаттар беруді көздейді. Жеңілдік сертификатының мөлшері кәдеге жаратуға тапсырылатын көлік құралының санатына байланысты 560 мың теңгеден 2,0 млн теңгеге дейін өзгереді. Көрсетілген қолдауды ескере отырып, техниканы жаңарту үлесін 3-4% - дан 9-10% - ға дейін арттыру күтілуде.

    - «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниялары арқылы көктемгі далалық жұмыстарды жүргізу үшін бағдарламаға сәйкес 1,7 млрд. теңге сомасында жеңілдетілген несие беру көзделген, оның 1,5 млрд. теңгесі рәсімделді. Көктемгі далалық жұмыстарға несие беру қызметін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және 14 несие серіктестігі көрсетеді. Шағын шаруа қожалықтары үшін қолайлы шарттарды, яғни бір өтініш берушіге 6% - бен 3 жылға дейін 6,0 млн.теңгеге дейін, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ұсынуда. Қазіргі уақытта шаруашылықтармен 539,0 млн.теңге рәсімделді. Сондай-ақ, 257,0 млн.теңгеге сұраныстар түсіп қаралуда,-дейді Құсайын Сәрсембай.
    Ақтөбе облысы бойынша биыл өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 1,3 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде 480,0 млн. теңге тұқым шаруашылығын дамытуға, 323,7 млн. теңге минералды тыңайтқыштардың құнын арзандату, 452,2 млн. теңге пестицидтердің құнын арзандатуға және 3,5 млн. теңге суармалы судың құнын арзандатуға жұмсалмақ.
    Егіннің басты жауы – шегіртке. Осы орайда фитосанитариялық жағдайды жақсарту мақсатында биыл 35,8 мың га алаңда зиянды организмдерге қарсы күрес жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін облыстық бюджеттен 61,7 млн.теңге бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шегіртке дернәсілдері пайда бола бастаған кезде, яғни, мамыр-маусым айларында химиялық өңдеу бойынша қажетті қызметтер толығымен сатып алынатын болады. Сонымен қатар, 50%-ға дейінгі субсидиялау мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 4900 гектарға 4245 тонна минералдық тыңайтқыш енгізу және 202,8 мың га алаңда арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жоспарлануда. Қабылданған шаралар егіс науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 8,5 мың тонна дизель отыны бөлінді
  • Ақтөбе облысы биыл Ресейден 1800-ге жуық сиыр сатып алды
  • Ақтөбеде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды
  • Ақтөбе облысында 505 мың тонна астық жиналды
  • Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге