Pfizer вакцинасын балаларға егуге ойыңыз қандай?

    Үйінде кілемге оралған мәйітті сақтаған

    Ақтөбеде азаматтық некедегі әйелін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты. Сотталушы марқұмның мәйітін пәтерінде кілемге орап, бір ай бойы сақтаған. Көршілері жағымсыз иістен сезіктенбеу үшін бөлменің есік-терезесін ашып, желдетіп отырған көрінеді.
    Үйінде кілемге оралған мәйітті сақтаған
    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 50 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты. Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, Хромтау ауданының тумасы былтыр тамыз айында азаматтық некедегі әйелін өлтірген. Қанды оқиға болатын күні 55 жастағы әйел сотталушының үйіне мас күйінде келіп, ішімдік сұраған. Ер адам алғашында оған сұрағанын алып береді. Соңыра әйел ұйықтап қалады. Келесі күні ұйқыдан оянған марқұм тағы да ішімдік сұраған. Ер адам бұл жолы да оның айтқанымен келіседі. Бірақ әйел шектен тыс ішімдік іше бастағандықтан екеуінің арасында жанжал туындайды. Сол кезде ер адам ашуланып, марқұмды кеудесінен жұдырығымен бірнеше рет ұрып жібереді. Әйел екі қолымен ішімдік бөтелкесін жібермей, оны беруін сұрайды. Осы кезде сотталушы оны кеудесінен аяқпен екі рет теуіп жібереді. Соққы салдарынан марқұм әлсіреп, төсегіне жатып қалады. Ал ер адам пәтердің есігін жауып, кетіп қалады. Тек келесі күні үйіне оралғанда азаматтық некедегі әйелінің өліп қалғанын көріп, қылмысын жасырмақ болады. Ол бір ай бойы марқұмның мүрдесін кілеммен жауып, үйінде сақтаған. Тіпті көршілеріне бұзыла бастаған мәйіттің иісін сездірмеу үшін есік-терезелерді ашып, бөлмені желдетіп отырады. Қылмыс көп ұзамай ашылған. Бұған дейін бұл оқиға жөнінде облыстық полиция департаменті хабарлаған болатын. Полицейлердің мәліметінше, марқұмның күйеу баласы енесінің жоғалып кеткенін айтып, полицияға арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әйелдің спирттік ішімдіктерді тұтынатыны және үйден жиі кететіні анықталған. Полицейлер Нұр-Сити ауданындағы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табады. Күдікті пәтерде жалғыз тұрады, көршілерімен араласпайтын болып шықты. Ер адам бір ай бойы жұмысқа шықпаған екен. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындаған. Сотталушыға Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша айып тағылды.
    -Сот мәжілісінде прокурор 12 жыл, ал жәбірленуші қатаң жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы мен оның қорғаушысы ақтауды сұрады.Сот қылмыстық жаза тағайындау кезінде сотталушының қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін ішінара мойындағанын ескерді. Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық Кодекстің 99- бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді,-деп хабарлады облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
    Сондай-ақ сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 7 миллион теңге моральдық зиян өндірді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде әріптесін атып өлтірген банк қызметкері сотталды
  • Ақтөбеде анасын өлтірген келіншек сотталып кетті
  • Ер адам танысын “әйелін зорлаймын” деп әзілдегені үшін өлтірді
  • Ақтөбеде ер адам өз танысын “әйелін зорлаймын” деп әзілдегені үшін өлтірді
  • Әйелін қызғанып, адам өлтірді
  • Күйеуін балталап өлтірген әйел сотталды
  • Пікір

    ^ Үстіге