Ақтөбеде құжатсыз БТР табылды

    Ақтөбе қаласының тұрғыны БТР техникасын сатпақ болған. Қазіргі таңда бұл дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр.
    Ақтөбеде құжатсыз БТР табылды

    «Ақтөбе облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өрлеу ауылындағы карьердің аумағында қандай да бір белгілері мен құжаттары жоқ «БТР-60» техникасын тапты. Техниканың карьер инженеріне тиесілі екендігі анықталды. Ер адам оны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажет болмаған соң қайта сатпақ болғанын айтты. Нақтыласам, бұл - атуға арналған әскери техника емес, жай қаңқасы ғана. Ресейден алған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Қазір Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, тіркелді. «БТР» Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды. Айта кетейік, бұған дейін де Ақтөбеде бір әскери техника табылды. Онда иесі техниканы металл қабылдау орнына өткізбек болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жезқазғанда мектеп бітіруші түлектің мәйіті табылды
  • Ақтөбеде камаз жүргізушісін белгісіз біреулер атып кеткен
  • Ақтөбеде есірткінің ірі партиясы тәркіленді
  • Өзбекстан азаматынан киік мүйізі табылды
  • Оқушы мәйітінің қаңқасы 2 жылдан соң табылды
  • Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз табылды
  • Пікір

    ^ Үстіге