Емтиханнан сүрінген студент өз-өзіне қол жұмсады

    Cурет Азамат Жомартовтың “Мой мир” желісіндегі жеке парақшасынан алынды

    Ақтөбеде емтиханнан сүрінген медицина университетінің 2-курс студенті асылып өлді. Азамат Жомартовтың мәйіті 20 маусым күні таңертең оқу жатақханадағы бөлмесінен табылды.

    19 жастағы студентті өз-өзіне қол жұмсауға не итермелегені әзір белгісіз. Суицидтің себебін оқу орны қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссия мен полиция анықтап жатыр.
    М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті жалпы медицина факультетінің деканы Талғар Әбіловтің айтуынша, марқұм Орал өңірінің тумасы. Ата-анасы мен екі бауыры бар. Отбасындағы тұңғыш бала. Болашақ дәрігер мемлекеттік грант иегері болғандықтан медицина университетінде ақысыз білім алып жүрген.
    Оқиға болатын күні студент микробиология пәнінен емтихан тапсыра алмапты. Емтихандағы сәтсіздіктің суицидке қаншалықты әсер еткенін Азамат Жомартовтың оқытушылары білмейді. Білетіндері- студенттің әкесі жұмыссыз, ал анасы мұғалім. Яғни, ол өз күшімен оқып жүрген қарапайым отбасының баласы.
    -Төрт пәннен емтиханды сәтті тапсырған еді. Микробиологиядан сынақ тапсыра алмады. Білім беру министрлігінің бұйрығына сәйкес, мұндай жағдайда студент сол курсты қайтадан өтуі және әр сағаты үшін 645 теңге төлеуі тиіс. Азамат 93 мың теңге төлеуі тиіс болатын-дейді Талғат Әбілов.
    Өз-өзіне қол жұмсаған студенттің денесі Оралға жөнелтілді.Қазір оқу орнының басшылығы марқұмның ата-анасына қаржылай көмек жинап жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жалған жауап берген студент жазаланды
  • SOS! Суицид көбейіп барады!
  • Соңғы 2 аптада үш оқушы өзін-өзі өлтірді
  • Мұғалім мектеп шеберханасында асылып қалды
  • ҰБТ-ның басты төрт жаңалығы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге