Төрежан МӘНДІБАЙ: Шығармаларымның қазақ сатирасындағы орны бөлек

    Ол ортақол ақын болғысы келмей, өлең жазудан бас тартқан. Бірақ, әдебиеттен бәрібір алшақ кеткен жоқ. Оның есімі Шалқардың шалғай ауылдарының бірінде жатып-ақ елге танылды. Әдебиетке кеш келсе де, тырнақалды шығармалары жұртты таң қалдырды. Ол Шымкентте бастаған педогогикалық білімін Ақтөбеде жалғастырып, Қызылордада аяқтаған. Ол- Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, сатирик Төрежан Мәндібай.

    Төрежан аға, сіздің шығармашылық жолыңыз қалай басталды? Әдебиетті бала кезден сүйдіңіз бе?
    Мен әдебиетке өте кеш келдім. Пединститутта физика-математика факультетін бітірдім. Мектепте де қазақ әдебиетіне жарымап едік. 1950 жылдары жоғары білімді ұстаздар жоқ болатын. Қазақ әдебиетін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері берді. Оның үстіне әдебиет пен өнер қайраткерлерінің көбі 1920-1937 жылдардан бастап ұсталды ғой. Олар атылып кеткеннен кейін кілең бір талантсыз адамдар қалды. Біздер Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің сықақ жазғанын білген жоқпыз. Біздің заманымызда жалғыз сықақшы болды. Ол Асқар Тоқмағамбетов болатын. Институтта жүргенде өлең жазуды бастадым. Кейін өлеңдерім баспасөзге де, кітаптарға да шығып жүрді. Бірақ мен өзімде ақындықтың қоры жоқ екенін мойындап, өлең жазуды доғардым. Біраз уақыт өтті. Бір күні ойда жоқта “Гипертония” деген сықақ әңгіме көз алдыма келіп тұрып алды. “Мұнысы несі? Қой, өлең жазып келістірмедім. Қойып кеттім. Бұл маған неменеге керек?” деп көңіл аудармай жүре бердім. Бірақ жазбасыма болмады. Әңгіме өзінен өзі шығып тұр. Қаламды қолға алуым мұң екен, шығарма бірден дөңгеленіп түсе қалды. “Жалын” журналына жіберіп көрдім. Олар бірден басып шығарды.

    Ауылда жүрген жазушы үшін бұл үлкен жетістік қой. Шабытыңыз артқан болар?!
    Сол кездегі сатираға көңілім толыңқырамайтын. Ол кезде үкімет тек екі тақырыпқа рұқсат етті. Ол маскүнемдер мен саудагерлер. Қалған адамдарды сықақтауға рұқсат жоқ. “Гипертония” осы тығырықтан жол тауып жазылған шығарма болды. Бұл әңгімем респуб-ликада таңданыс туғызды. Академик Тұрсынбек Кәкішев пен жазушы Оразбек Сәрсенбаевтар пікір білдірді. Оразбек Сәрсенбаев: “Жалын” журналының сол жылғы ең жақсы әңгімесі” деді. Тұрсынбек Кәкішев: “Бұрын соңды болмаған жақсы сатира” деп баға берді. Менің әңгімелерім бұрынғы сықақшылардан басқаша болды. Мықты болмасам, ауылда жүрген менің шығармам ана жақта басылмас еді. Себебі ол жақта ортақол жазушылар бар. Ол кезде қаламақы төленеді. Сондықтан көптеген ортақол жазушылар мұны табыс көзі қып алды. Редакциядағы таныстары арқылы солардікі өтіп кетеді. Сөйтіп ортақол шығармалар белең алып кетті. Бірақ ауылда жүріп ортақол шығармалармен ол жақта көріне алмайсың. Олардан артық жазу керек болды. Менің жоспарым да солай болды. Артық жазбасам, көріне алмас едім. Құдайға шүкір, Республикаға белгілі тұлға шығармын. Жалпы, халық мені жақсы көреді. Оны халқымның менімен кездескендегі амандасуынан байқаймын. Ортасында тұрып қалсам, жұрттың бәрі мені қаумалап алып, әңгімеге тарта бастайды. Халық мені оқиды. Шығармаларымды жақсы бағалайды.

    Әңгімелеріңіздің ұзын саны қаншаға жетті?
    Жүз сықақ әңгіме, жүз публицистикалық әңгімем бар. Публицистиканы әлі тоқтатқам жоқ. Олар тек мемлекеттік емес газеттерге шығып жүр. Осыдан 3-4 жыл бұрын “Үшқоңыр” деген газет шықты. Бір жарым жыл ішінде 40 әңгімемді басып шығарды. Маған тіпті жақсы болды. Бұрын әр жерде анда-санда басылып, онша көрінбей жүретін едік. Публицистикалық шығармаларымның 60-70 пайызы “Дат” газетінде басылды. “Алтын ғасыр” бүгінге дейін шығарып келеді.

    Публицистика мен сатира жанрын қатар алып келеді екенсіз. Дегенмен, жаныңызға жақыны қайсы?
    Өзіңнен туған баланың жаманы болмайды. Әрине, сатираның орны бөлек қой. Публицистикаға кейін келдім. Оны бірақ ештеңеге теңестірмеймін.

    Әзіл-сықақтарыңыз бір кездері “Тамаша”, “Екі Езу” театрларында сахналанып жүрді. Ойыңыздағыдай шықты ма?
    “Қыз алғанбыз Аралдың ар жағынан” деген әңгімемді Құдайберген Сұлтанбаев жатқа оқыды. Сол ғана көңілімнен шықты. Менің шығармаларымды жатқа айтпаса болмайды. Өйткені, жазушының шығармасына басқа біреу өз жанынан сөз қосса, ол шығарма өледі. Әртіс сатирик емес қой. Жазушы өз шығармасын тоғыз толғанып, он ойланып жазады. Көп уақытын жұмсайды. Әртіс келіп бір минутта өзгерте салады. Кейін “Ата аналар жиналысы” дегенді Құдайберген Сұлтанбаев, Мейірман Нұрекеев, Лидия Каденова орындады. Ойымдағыдай шықпады. Оны да телевизордан берді. Өздеріне қоңырау шалып айттым: “Шығара алмадыңдар” деп. Қазір сатираны тоқтатқаныма 2-3 жыл болды.

    Жауынгер жанрдан неге қол үздіңіз?
    Сатираны да жазатын өз уақыты болады. Мысалы, қазіргі шалдарды айтайыншы - Үмбетбай Уайдин, Ғаббас Қабышевтардың сатираны жазбағанына 5-6 жыл болды. Сатира да таусылады. Таусылатын кезіне тап боласың. Осы жүргенде ойымда ешқандай сатира жоқ. Тек публицистика жазсам деймін.

    Қазір қандай шығарма жазып жатырсыз?
    “Әншінің бәрі композитор” деген шығарма жазып жатырмын. Әншінің ән шығаруына бола ма? Ол деген композиторды мазақ қылу ғой. Кез-келген әнші ән шығару керек болса, Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Майра Мұхамедқызы бар, солар неге ән шығармайды? Өйткені, олар ән жазудың өз маманы бар екенін біледі.

    Неше кітабыңыз жарық көрді?
    Бес кітабым шықты. 1982 жылы “Сыпыртқы командасы”, 1987 жылы “Оңай деймісің” атты екінші кітабым шықты. 1997 жылы “Махаббат минөті”, 2004 жылы “Қазығұрт-Қорасан” жинағы басылды. 2013 жылы осы кітабым қайта басылып шықты. Екінші кітабымды басқанда былай болды. Баспаның директоры ол кезде Қалдарбек Найманбаев еді. Мен “Екінші кітабымды алып келдім” дедім. “Атыңды айтшы, кімсің?” деді. “Төрежан Мәндібай” дедім. “Ойбай, сіздің кітабыңызды шығарып келе жатырмыз ғой. Шығарайық” деді. Редактор Болат Қанатбаев деген жазушы бар еді. Соны шақырды. “Болат, мына кісінің шығармасын басамыз. Бірақ, анау-мынау сөз кетіп қалмасын. Өткір болмасын” деп тапсырып жатты. Мен : Қалеке, енді сатира өткір болмаса, шығарма болмай қалады ғой. Бұл қалай болғаны? дедім. Содан Қайта құру кезіне тұспа-тұс келді де, бір сөзі өзгерместен басылып шықты. Ал мұның алдындағы бірінші кітабымды жүнін жұлған торғайдай қылды. Ол кезде цензура мықты болды. Төбемізден қарады да отырды.

    Елімізде сатириктердің саны қанша? Аз сияқты ма, қалай өзі?
    Сатира сыншылары осы тұрғанда 120 сатирик бар дейді. Солардың 15-і ғана Жазушылар Одағының мүшесі. Сондықтан біз тек сол 15 сатирикті мойындаймыз. Оның да тек үш-төртеуі ғана алда жүр. Сатира -қиын жанр. Жұрттың барлығы бірдей жаза бермейді. Сатириктер әңгіме қылып, қысқа-қысқа береді. Сатириктердің кітабы том-том болып шықпайтыны да содан. Бір томды жақсы қылып шығарсаң, сол да жеткілікті.

    Қазір жұрттың бәрі іздегенін интернеттен тауып алып жатады. Сатириктердің арасынан Көпен Әмірбек, Толымбек Әлімбекұлының есімі мен шығармаларын Гугл еш қиындықсыз тауып береді. Сіздің есіміңіз онша ұшыраспайды. Неге?
    75 жасқа дейін бірде бір рет мақтанып сөйлемеп едім. Сөйтсем, бұл дұрыс емес екен. Мақтанып сөйлемеген адам мақтаусыз қалады екен. Алматыда жүргендердің көбі мақтанып, өз терісіне өзі сыймай жүреді. Өздерін бір біріне мақтатады. Менде ондай болған жоқ. Содан да көрінбей қалдым. Бірде-бір кітабымды бірде-бір сықақшы өз аузымен мақтаған емес. Себебі, мені мақтаса өздері сықақшы болмай қалады. Мысалы, қазақ елінің классигі Өтежан Нұрғалиевті көзі тірісінде ешкім мақтамады. Кітаптарын шығармады. Бірақ Мұқағали Мақатаев айтқан: “Өтежан өзінің алтынын көшеде тас қылып ойнап жүр. Менің өлеңдеріме Өтежан баға берсе, мен бақытты болар едім” деп. Өмірде бір жазушы бағаланып, біреуі бағаланбай жатады. Ол аса маңызды емес! Шығармаларымның қазақ сатирасындағы орны бөлек. Орталықтағы әріптестерім пікір айтпады деп өкпелемеймін. Айтпай-ақ қойсын. Шығармаларымның әдебиет тарихында ойып тұрып орын алатынына көзім анық жетеді. Алла енді екі жыл ғұмыр берсе деп жүрмін.

    Туған ауылыңызға барып тұрасыз ба?
    Егер маған Ақтөбеден үй берілмесе, Шалқарға кетемін. Сол жақтан бір үй табылса, сонда кетпек ойым бар. Үй беремін дегесін, осында көшіп келіп едім. Бірақ, менің ғана емес, маған жақсылық жасағысы келетіндердің де ойы жүзеге аспай қалды. Жалпы, өзім жолы болмайтын адаммын. Мектепте медальге ұсынып, ала алмағанмын. Үш институтта оқып, қызыл дипломға қол жеткізе алмай кеттім. Өмірде үш қызға ғашық болып, біреуіне де қосыла алмай жолы болмаған пендемін. Менің дөкейлерге айтқан өтінішім еш уақытта орындалған емес. Сондықтан ешкімге өтініш айтпаймын.

    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақ жігіті велосипедпен әлемді аралап шықты
  • 40 санының қасиеті туралы
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Біздің сүйікті кондуктор
  • Ақтөбенің қыршын кеткен әртістері
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге