Хлебодардың мал-жаны бруцеллезбен ауырып жатыр

    Мәртөк ауданының Хлебодар (қазіргі-Сарыжар ауылы) ауылындағы ірі қара жаппай сарып ауруына (бруцеллез) шалдығып жатыр. Малдың ауруы адамдарға да жұға бастаған. Соған қарамастан тұрғындар мал дәрігерін қораларына кіргізбей, ауру сиырларын етке өткізуге қарсылық білдіруде.
    Хлебодар- Ақтөбеден 30 шақырым жердегі ауыл. Ауыл әйелдері күн сайын сиырдың сүт-айраны мен қаймақ-майын Ақтөбеге әкеп сатады.

    Хлебодар ауылында биыл 39 бас сиыр бруцеллез жұқтырған.Ал былтыр 76 сиырдың көзі жойылды. Мұның бәрі жекенің малы. Қорасы босап қалған ауыл тұрғындары жабыраңқы. Кейбіреулер лажсыздан ірі қараларын “Тандем” ЖШС ет комбинатына өткізсе, енді біреулері өздері сойып алып жатыр.

    - Қорада тұрған 4 бірдей семіз сиырымызды су тегінге сатып қайттық.Үшеуі буаз еді.Ауылдың мал дәрігері бруцеллез ауруын анықтау үшін бір айда екі рет келіп қан алады.Емдеп жатқан ештеңесі де жоқ. Қан алғызбасаң, милициясын ертіп келіп, 20 мың теңге айыппұл саламыз деп қорқытады. Өзіміз сойып аламыз деп едік, оған да рұқсат етпеді. Ол етті бәрібір халық жеп жатыр емес пе?! Малға да обал болды. Қайта қайта қан ала бергесін үркіп бітті. Балам малды семіртіп, сатқан ақшасына жаңадан үй саламын деп отыр еді. Қыруар қаржыға алған шөбіміз де босқа қалды,-дейді зейнеткер Ақзер Қосжанова.
    Осы ауылдың тағы 1 тұрғыны Сара Қадырханова мал дәрігерінің қан алатын инелері мен құтыларына күмәнмен қарап отыр. Айтуынша, бруцеллез ауруын анықтауға арналған құрал-жабдықтар зарарсыздандырылмаған.

    Сара Қадырханова, ауыл тұрғыны:

    – Сиырымның етін келісін 400 теңгеден сатып қайттым. Буаз, әрі семіз мал бар болғаны 47 мың 500 теңгені құрады. Бұдан бұрын тексергенінде сиырымнан ауру табылмаған еді. Мал дәрігерінің инесінен жұққан болар деп отырмын. Бруцеллез малдан қан алған шприцті неге лақтырмайды?! Қан алған құтылары да тазартылмаған. Шұжық цехындағылардың айтуынша, малымның еті таза. Мал дәрігері бүгін-ертең бұзаулағалы тұрған сиырдан қан алма дегеніме де құлақ аспады. Қыстай баққан еңбегім еш кетті.

    Хлебодар ауылында әзір карантин енгізілген жоқ.Бірақ,азаматтардың малды сатып және өз бетінше союына тыйым салынған.Ветеринар мамандардың айтуынша, бруцеллезбен ауырған мал емделмейді. Індеттен құтылудың бірден-бір жолы- ірі қара малдың көзін жою. Алайда, тұрғындар мал дәрігерлерін қораға жолатпай, қарсы шығып жатыр. Тіпті кейбірі ақ адал малын арзанға саудалағаннан гөрі өздері сойып алғанды жөн көреді. Соңғы дерек бойынша, 20-ға жуық ауру малды тұрғындардың өздері сойып алған.
    - Хлебодар ауылында тұратын халықтың көпшілігі-сырттан келгендер. Бруцеллез малдан қан алған кезде ғана анықталатындығын түсінбейді. Өзі жазылып кетеді деп ойлайды. Бізді әдейі істеп отырғандай көреді. Оқшауланған мал 15 күн ішінде арнайы орында сойылуы керек. Мал соятын орында санитарлық талаптарға сәйкес сойылған ет 12 сағаттан кейін ғана жеуге жарамды болады. Дегенмен жасырын өздері сойып жатқандар да бар. Оларға 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ауыл тұрғындары мал дәрігерлерін тіпті аулаларына кіргізбейді. Алайда біз ауру таралмау үшін барлық малдан қан алуға тиіспіз –дейді Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы Киікбай Өтешов.
    Төрт түлік малдан шыққан қауіпті кесел адамдарға да жұғып үлгеріпті. Өйткені мал ауру иелеріне жем-шөп бергенде, не болмаса сойған кезде қан арқылы жұғуы мүмкін. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, 4 бірдей адам ауру жұқтырыпты-мыс. Алайда, ауыл әкімі 1 деректің нақты анықталғандығын жеткізді. Халық ақылға келмесе, науқастардың саны бұдан да көбеюі мүмкін-дейді ол.

    Рысбақ Ілиясова, Хлебодар ауылдық округінің әкімі:

    -Халықтың қорасындағы 3-4 бас сиырының сүтін сатып, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғанын мен де түсінемін. Үй шаруасындағы әйелдер аптасына 2 рет Ақтөбеге базарға апарып сүттерін сатады. Сатқан ақшасына азық-түліктерін ала қайтады. Алайда, арнайы рұқсат қағазы жоқ сүттерден ауру тарамайтындығына кім кепіл?! Қаладағылар оны “қолдың сүті” деп сатып алады. Халық түсінбейді, газетке барамыз, телевизия шақырамыз дейді. Қазір 64 жастағы әйел сарыппен ауырып жатыр. Өзім білемге салып, ауруханаға қаралмай отыр. Халық бұлай шу шығаруын тоқтатпаса, ауру адамның да, малдың да саны көбейіп кетуі мүмкін.
    Шенеуніктердің айтуынша, сауықтыру шараларының нәтижесінде Хлебодарда ауру мал азайып келеді. Дегенмен аудандық ветеринарлық инспекция мен жергілікті әкімдіктің берген сандары бір-біріне сәйкес келмейді. Ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы Киікбай Өтешовтың айтуынша, 12 наурызда жүргізілген соңғы үшінші зерттеу барысында 4 сиырдан сарып ауруы анықталса, ауыл әкімі 8 ірі қараның ауырғандығын айтады. Алғашқысы жыл басталғалы 39 мал ауырды десе, кейінгісі 35 сиырдың індет жұқтырғанын жеткізді.
    Бүгінге дейін ауырған малдан 500-дей сынама алынған. Бруцеллезге бейім малдардың қаны аудандық және облыстық зертханаларға арнайы сараптамадан өткізу үшін жіберіліпті. Мамандардың сөзіне қарағанда, жануарлар қанының талдамасы екі мәрте теріс нәтиже бергенше сынама алу тоқтаусыз жүргізіле береді.Індеттің жаппай таралуынан қауіптеніп отырған мамандар мал өріске шыққанша үлгеріп қалуға тырысуда.
    Әзірге шенеуніктер қолындағы малынан айырылған жұртқа өтемақы төлейміз деп уәдені үйіп төгуде. Облыстық бюджеттен алғашқы болып санитариялық союға тапсырылған 13 ірі қараға қаражат қарастырылыпты. Қалғандарына да өтемақы төленуі тиіс. Алайда, күн сайын қорасы бос қалып жатқан жұртта үміттен гөрі күдік басым.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қандыағаш сотының қызметкері “өзін-өзі өлтірген”
  • штабқа жалған қоңыраулар жиі түсіп жатыр
  • Әскерден қашатындарға жаза күшейді
  • Жайсаңбай ауылы ауыз судан қиналып отыр
  • Қазақ-орыс кәсіпорны канадалықтардың 630 мың долларын иемденген
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге