Базарда жиналмалы төсектің саудасы қызып тұр

    Балалар балабақшаға жолдама ала бастағалы бері базарда жұрт “раскладушка” деп атайтын жиналмалы төсектің саудасы қызып тұр. Сатушының айтуынша, бас-аяғы 1-2 күнде мұндай кереуеттің жиырмасы сатылып кеткен.

    Жылда осы кезде қолына жолдама тиген ата-аналар базар жағалап кетеді. Ондағы ойлары - бақшаға баратын балалары үшін жиналмалы төсек сатып алу. Осы шаруаның қамымен базар аралап жүрген Аружанды (аты-жөні өз өтініші бойынша өзгертілген) “Керек.info” тілшісі “Шығыс” базарында жолықтырды.

    Аружанның сөзіне қарағанда, маусым айында ұлына балабақша жолдамасы берілген. Сол күні алып-ұшып бақшаға жеткен әйелге ондағылар қажет заттардың тізімі бар парақты ұстата қойыпты. Тізімнің ең басында балалардың жиналмалы төсегі тұр.

    - Өзім бала күтіміне орай үйде
    отырмын. Жиналмалы төсекті сол күні сатып алатындай мүмкіндігім болған жоқ. Осы күнге дейін жолдасымның жалақы алуын күтіп қалдым,-дейді жас әйел.

    Аружанмен бірге базар аралап көрген “Керек.info” тілшісі “Шығыс” базарында жиналмалы төсектің тек бір жерде сатылып жатқанына көз жеткізді. Саудада жиналмалы төсектің екі түрі бар. Матрасы бар төсектің құны - 6500, матрассызы - 6000 теңге.
    Тауардың қожайыны әрі сатушысы Төреғали Тұрманов маусымдық затты жылда осы кезде әкелетінін айтты.

    -Тауардан келгеніме небәрі екі күн болды. Осы аралықта 20 раскладушка саттым. Негізі 200 дана әкелген едім. Бәрін баласы бақшаға баратын ата-аналар алып жатыр, -дейді Төреғали Тұрманов.

    Қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева ата-аналардан жиналмалы төсек сұрататындарын жоққа шығармады. Айтуынша, бұл мәжбүрліктен туындап отыр. Мысалы, балабақшаның бір тобы 50 орынға лайықталған делік. Бірақ, бала санының көптігіне орай 60 бала тәрбиеленетін жағдайлар жиі кездеседі. Яғни, 50 орындық топтағы төсек саны да шектеулі. Қалған 10 баланың ата-анасы төсекті өздері сатып алады.

    Ләззат Оразбаеваның айтуынша, қазір балабақша кезегінде 28 мың бала бар. Оның 6 мыңнан астамы 2012 жылы туған. Яғни, 3-ке толып кетті. Ал 3 маусым мен 1 шілде аралығында 5 мың балаға жолдама берілді. Егер бақшада орын жеткілікті болса, ата-ана төсек-орын, ыдыс-аяқ апаруға міндетті емес. Тек баласының тамақтануы үшін күніне 400 теңге төлейді.
    Тағы бір ескерте кететін жайт, Ақтөбедегі бірде бір балабақшада касса жоқ. Касса болмағасын кассир де жоқ. Штаттық кесте бойынша бухгалтер ғана бар. Сондықтан ата-аналардың ай сайынғы төлемді бақшаның кассасына тапсыруына тыйым салынған. Тек банктер арқылы ғана төлейді. Балабақша ұжымы ата-аналардан қолма қол төлем талап еткен жағдайда ақтөбеліктердің 8(7132) 21-15-80 телефонына қоңырау шалуына болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бала еңбегін қанауға болмайды!
  • “Жаз жайнатып, күн күлдіріп...”
  • Балабақшаға жолдама беріліп жатыр
  • 3 маусым күні балабақшаға жолдама беріле бастайды
  • Балабақшадан орын алу құны 30-100 мың теңге ме?
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге