Жеке үйдегі өрттен екі адам қайтыс болды

    Ақтөбеде жеке үй өртеніп, екі адам қайтыс болды. Өртеніп кеткендердің бірі - 14 жастағы қыз бала.

    Жергілікті жұрт “Мәскеу” деп атайтын ауданның Уральская көшесіндегі тұрғын үй 14 шілде күні таң алдында өртенген. Тілсіз жау 60 шаршы метр жерді қамтыпты.Өрт салдарынан 65 жастағы үй иесі мен 14 жастағы қыз бала қайтыс болды. Ал 21 жастағы жігіт термикалық күйік алған.

    -Өрт тұрғын үйдің дәлізінен басталған. Бұл жөніндегі ақпарат өрт сөндіру қызметіне таңғы сағат 4-тен 47 минут кеткенде келіп түсті,-дейді жергілікті өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы Айман Күміспаева.

    Қазір өрт сөндірушілер қызыл жалынның шығу себебі мен келген шығынды анықтап жатыр. Ал өртеніп кеткен үйдің көршілері марқұм боп кеткен 65 жастағы әйелдің үнемі темекі шеккендігін айтады.

    -Өрт болған кезде бұл үйде 6 адам болған. Алайда, төртеуі терезеден шығып үлгерді. Тек дәліздегі диванда жатқан кемпір мен қыз ғана қалып қойды. Сәбина бұл үйдің бір бөлмесін шешесімен бірге жалға алып тұрып жатқан еді. Құлағы естімейтін, сөйлей де алмайтын мүгедек бала болатын. Өрт шыққан кезде жанұшырып түпкі бөлмеге қарай қашқан. Сондықтан құтқара алмадық. Өрт сөндірушілер келіп, терезеден алып шыққанда тірі болатын. Денесі де күймеген. Сірә, иіс тиіп қалса керек. Жедел жәрдем де тез жетті. Алайда, қыз бала сыртқа шыққаннан кейін бір рет тыныстады да, демі үзіліп кетті.Ал кемпірдің түгі қалмай өртеніп кетіпті. Диванда жатып, шылым шегетін. Өрт темекінің шоғынан шығуы мүмкін,-дейді Болат есімді көршісі.
    Көршілерінің сөзіне қарағанда, бұл үйге ішімдік ішетін адамдар көп жиналатын болған.

    -Үй иесімен амандасқанымыз болмаса, жақын араласқан емеспіз.Немересімен бірге тұратын. Бір баласы түрмеде, бір қызы арақтан қайтыс болған еді. Айқай-шулары көп отбасы. Күнара төбелеседі. Полиция да жиі кеп тұратын. Өзім таңғы сағат 3-тердің шамасында ғана көз ілген едім. Ал сағат төрт жарымдардың шамасында осындай оқиға болып отыр, -дейді Асыл Тілекқабылова.

    Кейуананың өрттен аман қалған 21 жастағы немересі ауруханаға жатудан бас тартқан. Жігіттің нағашы әжесінен өзге ешкімі жоқ.
    Қазір өртенген үйдің қалқайып қабырғалары ғана тұр. “Керек. info” тілшісі оқиға орнына барған кезде үй иесінің немересі мен сол үйді жалға алған адамдарды кездестірген жоқ. Тек көршілері ғана ойын балаларының үстіне қабырға құлап кетпесін деп сол маңды торуылдап жүрді.
    Биылдыққа Ақтөбеде 65 жеке тұрғын үй өрттеніп кетті. Тілсіз жаудың салдарынан 5 адам қайтыс болып, 13 ақтөбелік жарақат алған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тағы бір сәби терезеден құлап кетті
  • ТЖД: “Ланцелот” электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген
  • ТЖД: Мейрамхана электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген
  • Ескі қойма өртеніп кетті
  • Екі жастағы сәби дәретханаға құлап кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге