Күлімсі иіс жұртты зәрезап қылды

    Күлімсі иіс жұртты зәрезап қылды

    Ақтөбенің тұрғындары қолқаны қабатын күлімсі иістен әбден зәрезап болған. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жиі жазады. Қаланың Шанхай деп аталатын ауданы жағынан яғни, батыстан жел тұрса, бір жұтым таза ауа таппай қиналасың. Мамандар мұны Ақтөбеде көліктің күрт көбейіп кеткендігінен көреді.

    Шанхай - Ақтөбенің шеткері аудандарының бірі. Өндіріс орындарымен іргелес бұл ауданға “Керек.info” газетінің редакциясы да қашық емес. Дүйсенбі яғни,
    27 шілде күні Шанхай жақтан жел соғып, редакцияны жағымсыз иіс алып кетті. Және бұл иіс жұмыс күні аяқталғанша шығып тұрды.

    Жағымсыз иіс - шанхайлықтар үшін үйреншікті жағдайға айналған. Осы ауданның тұрғыны Асфандияр Қарағойшин әсіресе, кешқұрым есік-терезені ашпауға тырысатындарын айтады.

    -Өзіміздің етіміз өліп кетті. Ал үйімізге келген қонақтардың тыжырынып отыратынын байқаймыз. Амал жоқ “біздің Шанхай осындай” деп ақталамыз келіп. Жаман иісті бұрын тек кешке қарай сезетінбіз. Соңғы кездері күндіз де шығатын болып жүр,- дейді қала тұрғыны.

    Күлімсі иістің Шанхай ғана емес, тұрғындар қалашығы, сүт зауыты ауданы мен 11 ықшамауданнан да жиі сезілетінін қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр. Танымал блогер Дина Бөкенбаева Facebook-тағы жеке парақшасында жариялаған сурет ақтөбеліктердің қолдауына ие болды. Онда блогер мұрнын басып тұрып, сасық иістің әбден діңкелеткендігін жазған.

    “Керек.info” тілшісі 27 шілде күні Сүт зауыты ауданына да барған болатын. Ол жердегі өткір иіс кісіні тұншықтырып жіберердей. Бір сәтке аялдау мүмкін емес. Сүт зауыты ауданында орналасқан қарттар мен мүгедектер үйі директорының міндетін атқарушы Сән Нұрышева осы мәселемен талай жердің табалдырығын тоздырғанын айтады.

    Қарттар үйін паналап отырған жарымжан жандарға тіпті қиын. Кешкі серуен уақытында төрт қабырғада қамалып отыруға мәжбүр.
    – Қарттар үйінің терезесін ашып, бөлмелерді желдетуден де қалдық.Жақында өрт сөндірушілер келіп кеткен болатын. Олар мына иістен сақ болыңыздар деді. Шырпы тұтанса, өртеніп кетуіміз мүмкін екенін ескертті,-дейді Сән Нұрышева.

    Ал мамандардың айтуынша, атмосфералық ауаның ластануына автокөліктер бөлетін улы түтін себеп. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айсауле Оралбаева хабарлады.

    Айсауле Оралбаеваның сөзіне қарағанда, Сәңкібай батыр даңғылы мен Шанхай ауданы, 11 ықшамаудан және тұрғындар қалашығындағы ауа бассейні бірнеше рет тексерілген.
    “2015 жылдың бес айы бойынша барлығы 3240 атмосфералық ауа сынамасы алынып, ішінен 12 сынама талапқа сәйкес келген жоқ, бұл 0,3 пайызды құрады” дейді маман. Сондай-ақ, ол 2014 жылғы қараша айында облыстық мәслихатта Ақтөбе қаласының ауасын жақсарту мәселесі қаралғандығын да айтып отыр.

    -Атмосфералық ауаның ластануына автомобиль түтіні себеп. Өйткені, Ақтөбеде жыл сайын көлік саны артып келеді. Соңғы үш жылда автокөлік саны 49 пайызға көбейген. Автомобиль түтінінен қоршаған ортаға 200 түрлі канцерогенді ластаушы зат бөлінеді. Жағымсыз иістің шығуы - ауаға бөлінген зиянды заттардың салдарынан,-дейді Айсауле Оралбаева.

    Тұрғындар үшін иістің себеп-салдары қызықты емес. Кез келген қала тұрғынының таза ауамен тыныстағысы келеді. Осы проблемаға биліктің назарын аударту үшін ақтөбеліктер бір жерге жиналып, мұрындарын басып тұрмақ. Алайда, әзірше флешмобтың қашан және қай жерде өтетіндігі жарияланған жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Ақтөбеліктер жылуға 100 млн теңге қарыз
  • Заңсыз полигон жұрттың наразылығын тудырды
  • Кеңқияқтың тұрғындары түсініксіз ауруға шалдықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге