Оққа ұшқан жігіттің денесі жер қойнына тапсырылды

    Ақтөбеде қарақшылық шабуылдан қаза болған жігіт жерленді. 19 жастағы Әділбек Молдашевтың жақындары енді қылмыскерлердің тез арада табылғанын қалайды.

    Букмекерлік кеңседе кісі қолынан қаза тапқан жігіттің денесі сәрсенбі, яғни 5 тамыз күні жер қойнына тапсырылды. Он тоғыз жастағы Әділбектің жаназасына оның жақын-жуықтары түгелімен жиналды. Марқұмның нағашы атасы Бейсенбай Нысанбаевтың айтуынша, сол күні ойынханаға екі жігіт қарақшылық шабуыл жасаған.

    - Әділбек букмекерлік кеңседе күзетші болып жұмыс істейтін досына барған. Бетперде киген екеу баса-көктеп кіріп, “қарулы шабуыл” деп айқайлапты. Кірген бойда ойын ойнап отырған біздің баланы аңшы мылтығымен атып жіберген. Іште ойынхананың 4-5 қызметкері болған. Оларға “қозғалмаңдар” деп айқайлап, кассаға жармасыпты. Ақша таппаған. Кейін Әділбектің құлағанын көрсе керек, тұра қашқан. Басқа ешкім жарақат алмапты. Досы жылдам сыртқа шығып қараған екен. Бірақ, қылмыскерлерден көз жазып қалыпты. Оқиға бас-аяғы 1 минут 45 секундтың ішінде болған. Біз оны сол жерде түсірілген бейнежазбадан көрдік. Полиция дер кезінде жеткен. Ал жедел жәрдем жарты сағаттан кейін келген. Уақытында дәрігерлік қызмет көрсетілгенде, Әділбек тірі қалар ма еді, кім білсін?!-дейді ол.
    Нағашысының айтуынша, Әділбек бір әулеттің тұңғышы. Отбасындағы жалғыз ұл. Артынан ерген екі қарындасы бар. Биыл Ақтөбедегі байланыс және электротехника колледжін бітірген.
    Әділбектің жаназасында оқиға болған түні жанында болған досы, букмекерлік кеңсенің күзетшісі Темірлан да болды. Басы салбырап отырған бозбаланың әбден шошып қалғаны байқалады.Темірлан “Керек.info” тілшісінің сауалдарына жауап берген жоқ. Жанындағы достарының айтуынша, Темірлан әлі де есеңгіреп жүр.

    - Өзінен болған шығар дейтіндей, тәртіпсіз бала болса екен?! Ешкіммен ашу-араздығы жоқ, момын еді.Болашағынан көп үміт күттіретін. Бір кездері өзі де осы букмекерлік кеңседе жұмыс істеген. Ата-анасына көмектескен. Биыл ғана диплом алып еді. Таяуда Астанаға әкесінің қасына барып жұмыс жасаймын деп отырған. Естігенде, анасы есінен танып қалды. Әкесінің қызметі Астанада еді. Ол да ең бірінші рейспен жетті. Полиция қазір күдіктілерді іздеп жатыр. Бізге тергеу құпиясына байланысты әзірге ештеңе айтып отырған жоқ. Жиенімнің бостан-бос оққа ұшқаны анық. Қарақшылар тез арада табылып, жазасын алуы керек,-дейді марқұмның нағашысы Бейсенбай Нысанбаев.

    “Керек.info” тілшісі осыған орай жедел жәрдем қызметіне де хабарласқан болатын. Ондағылардың айтуынша, жас жігіттің оққа ұшқандығы туралы хабар дәрігерлерге 3 тамыз күні таңғы 3:36-да түседі. Арнайы бригада оқиға орнына 9 минутта жеткен.

    -Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жүрді. Бригада жеткен кезде жүрегіне оқ тиген жігіт жан тапсырып үлгерген,-дейді жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Гүлжанат Көшетова.

    Естеріңізге сала кетелік, қайғылы оқиға дүйсенбі күні Әбілқайыр хан даңғылының бойында болған. “Керек.info” тілшісі 4 тамыз күні “жас жігіт оққа ұшты” делінген букмекерлік кеңсеге барған болатын. Есік-терезесі темірмен торланған “Олимп” ойынханасы жабық тұрды. Полиция букмекерлік кеңседе жас жігіттің кісі қолынан қаза тапқанын растады. Бірақ, әлі толыққанды ақпарат берген жоқ. Белгілісі, дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіру" бабымен іс қозғалыпты. Марқұм Әділбек Молдашев тірі болғанда биыл 25 қазанда 20 жасқа толар еді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Букмекерлік кеңседе бір адамды атып кетті
  • Дәнекерлеуші өндірісте қаза тапты
  • Жеке үйдегі өрттен екі адам қайтыс болды
  • Жол апатынан 8 адам зардап шекті
  • Іздеуде жүрген жігіт тал түсте кісі тонады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге