Ақтөбедегі жағымсыз иістің үш себебі

    Ақтөбедегі  жағымсыз иістің үш себебі

    Қолқаны қабатын жағымсыз иіспен ақтөбеліктер әлі де бір-екі жыл тыныстай тұрады. Өйткені, әбден ескіріп кеткен Ақтөбенің кәріз жүйелерін жөндеуге тап қазір бюджетте қаржы жоқ. Одан бөлек ауаны күкіртті сутегімен ластап жатқан ірі өндіріс орындары да қала іргесінде қоныс тепкен.

    Соңғы кездері облыс орталығының тұрғындары бір жұтым таза ауа таппай әбден қиналып жүр. Өткен дүйсенбі, яғни тамыздың 10-ы күні таңғы сағат 9-дар шамасында шіріген жұмыртқаға ұқсас сасық иіс ауаны жайлап кетті. Сейсенбі, сәрсенбі күні де тап осы жағдай қайталанды. Бұл иіс әсіресе, Ақтөбенің 11-ші, 12-ші ықшамаудандары мен Шанхай, сүт зауыты, тұрғындар қалашығы аудандарында қатты сезілді.
    Жүрек айнытар жағымсыз иістің жайы 7 тамыз күнгі облыстық мәслихаттың сессиясында да көтерілді. Депутат Тәттігүл Талаева жолдаған сауалға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жауап берді.
    Облыс әкімінің сөзінен ұққанымыз- Ақтөбе ауасының ластануына басты екі себеп бар. Оның бастысы - кәріз жүйелерінің ескіріп кеткендігі. 1950-1960 жылдары салынған кәріз жүйелері мен коллекторлар жиі істен шығып қалады. Ал оларды ауыстыру үшін 679 миллион теңге қажет. Қаржы дағдарысына орай шығындарды мейлінше қысқартып жатқан тұста жергілікті бюджет мұндай қаржыны бөле алмайды. Архимед Мұхамбетов бұл мәселенің келер жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің есебінен шешілетінін айтты.
    -Ауаға таралатын лас заттардың алдын алу үшін келер жылы қаланың үш жерінде ағынды суларды төгетін станция салынбақ. Олар Шанхай ауданында, Кірпішті ауылы мен 41 разьезд ауданында орналасатын болады,-деді Архимед Мұхамбетов.

    Қаржымен шешілуі екіталай тағы бір мәселе бар. Ол – Ақтөбенің іргесіндегі ірі өндіріс орындарының ауаны күкіртті сутегімен ластап жатқандығы.

    Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, о баста жобалаушылар қаланы Жаңа Әлжан элеваторы жақтан жел соғатындай етіп салған. Соңғы кездері құрылыс жобалау саласында өзгерістер көп. Сондықтан жел Шанхай жақтан соққан кезде өндірістік аймақтан жағымсыз иіс сеземіз. Күкіртті сутектің шамадан тыс мөлшері де осы өндірістік аймақта байқалады. Өндірістік аймақта хром қоспалары зауыты мен ферроқорытпа зауыты орналасқан. Солардың бірі - Ақтөбе хром қоспалары зауыты хром оксидін шығарады.

    “Керек.info” тілшісіне осыған дейін берген сұқбатында қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айсауле Оралбаева: “Атмосфералық ауаның ластануына автомобиль түтіні себеп. Өйткені, Ақтөбеде жыл сайын көлік саны артып келеді. Соңғы үш жылда автокөлік саны 49 пайызға көбейген. Автомобиль түтінінен қоршаған ортаға 200 түрлі канцерогенді ластаушы зат бөлінеді. Жағымсыз иістің шығуы - ауаға бөлінген зиянды заттардың салдарынан”,-деген болатын.
    Осылайша бізге ауадағы жағымсыз иістің негізгі үш себебі белгілі болды. Алайда, тұрғындар үшін себеп-салдардан бұрын ауаның тазалығы маңызды. “Уланып қалмаймыз ба?” деп алаңдайтын тұрғындар “Керек.info” редакциясына күн құрғатпай телефон шалып жатады.

    -Бізде бірнеше жоспар бар. Сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Және бұл жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Халықтың жаппай улануына жол бермейміз және қатаң бақылап, жазалаймыз,-деді Архимед Мұхамбетов облыстық мәслихаттың отыз төртінші сессиясында сөйлеген сөзінде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Күлімсі иіс жұртты зәрезап қылды
  • Архимед Мұхамбетов ауызашар берді
  • Кеңқияқтың тұрғындары түсініксіз ауруға шалдықты
  • Архимед Мұхамбетов Ақтөбе облысының әкімі боп қайта сайланды
  • Архимед Мұхамбетов 11- орында
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге