Барлаушының туыстары табылды!

    Барлаушының  туыстары табылды!

    “Керек.info” тілшісі арада 73 жыл өткен соң сүйегі ұрыс даласынан табылған қандыағаштық барлаушының туыстарын анықтады. Барлаушының жиені, танымал әнші Гүлсім Юсупова қазір Ақтөбе қаласында тұрады.

    Нағашы ағасы Қуатбай Игіліков туралы хабарға Гүлсім Юсупова әлі де сене алар емес. Гүлсімнің анасы Әлпия апай осыдан екі жыл бұрын дүние салған. Бірақ, өле өлгенше ағасы Қуатбайдың (әкесінің жалғыз інісі) есімін аузынан тастамай кетіпті.
    Қазір Гүлсім Юсупованың қолында анасынан қалған ескі дәптер бар. Соны парақтап, деректерді қайта-қайта тексерген әнші бар күмән-күдігін сейілтті. Шымкенттегі, Шалқардағы туыстарына хабарласқанда олар да Қуатбай Игіліковтің 1917 жылы туып, 1941 жылы Қандыағаштан майданға аттанғанын растаған.
    -Менің нағашы атам Медетбай Игіліков те соғысқа қатысқан адам. Атам жалғыз інісі Қуатбай екеуі 1941 жылы Қандыағаштан кетеді. Нағашым ауыр жарақат алып, елге оралған. Ал оның бауыры Қуатбайдың із-түссіз кеткендігін мен анамның әңгімелерінен ғана білетінмін. Қызмет бабымен Ресейге бара жатқанымда анам марқұм “Қуатбай туралы сұрай жүрші?” деп өтінетін,-дейді Гүлсім Юсупова.
    Барлаушылар бөлімінің командирі, сержант Қуатбай Игіліков биыл 13 тамыз күні Белый қаласының маңында батырларға лайық қошеметпен қайта жерленді. Отандасымызды қайта жерлеу рәсіміне қатысқан Мәскеу қазақтары диаспорасы жетекшілерінің бірі Асылбек Төлешов әнші Гүлсім Юсуповамен бұрыннан таныс. Бірақ, күні кешеге дейін Қуатбай Игіліковтің әншінің нағашысы екенін білмеген.

    -Қуатбай Игіліков Гүлсімнің нағашысы екенін естігенде таң қалдым. Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етушілер тобымен бірге әнші Гүлсім Юсупова РФ Псков облысындағы Новосокольники ауданына бірнеше мәрте келген еді. Мәскеудегі Әлияның мектебінде де болды. Енді әншінің Тверь облысында да тағзым етер орны бар,-дейді Асылбек Төлешов.
    Мәскеу мен Мәскеу түбіндегі қазақтардың қауымдастығы 13 тамыз күні Тверь облысы Белый қаласына барып, 300 совет солдатын қайта жерлеу рәсіміне қатысып келді. Қайта жерленген 300 жауынгердің үшеуінің ғана кім екендігі белгілі. Солардың бірі - біздің жерлесіміз, барлаушы Қуатбай Игіліков .

    -Қуатбай Игіліков 1942 жылғы 4 желтоқсан күні “Марс” деп аталған маңызды операцияның кезінде қаза болған. Ол және оның қаруластары біздің бейбіт өміріміз үшін, Ұлы Жеңіс үшін өмірлерін құрбан етті. Оның үстіне биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр. Сондықтан Мәскеудегі қазақ диаспорасы атынан Қуатбай Игіліковтің туған жері Қандыағаш қаласында естелік тақта орнатып, ол ҰОС дейін тұрған Қазақ көшесін барлаушының есімімен атауды сұраймыз,-деді Асылбек Төлешов.

    Сүйегі 73 жылдан соң табылған барлаушы Қуатбай Игіліковтің артында ұрпақ қалмаған.
    –Егер ағасының балалары болса, анам міндетті түрде көзі тірісінде араласқан болар еді. Анам ол кісі туралы ешқашан “үйленіп еді” деп айтқан емес. Ал Қуатбай Игіліковтің ағасы яғни, менің нағашы атам Медетбайдың екінші некесінен Амангелді есімді ұлы бар. Амангелді Игіліков қазір Шалқар қаласында тұрады,- дейді Гүлсім Юсупова.

    Ағайындарымен ақылдасқан соң Гүлсім Юсупованың РФ Тверь облысына барып келмек ойы бар. Осылайша әнші ана аманатын орындап, сүйегі 73 жылдан соң табылған нағашысының рухына тағзым етпек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қандыағаштық барлаушының сүйегі 73 жылдан соң табылды
  • Ақтөбеде кішкентай Димаш дүниеге келді
  • Қобдадағы той
  • Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл
  • Сейітжан Төлемісов туралы естелік
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге