Азық-түлік қымбаттайды

    Азық-түлік қымбаттайды

    Теңгенің құнсыздануы Ақтөбедегі базар бағасына әзір әсер етпейді. Азық–түлік пен тұрмыстық заттардың құны қоймадағы өнім таусылғаннан кейін қымбаттайды. Бұл жөнінде 21 тамыз күні қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Анар Даржанова хабарлады.

    Қазір баға қала әкімінің тапсырмасымен құрылған штабтың бақылауында. Олар күніне үш рет ірі сауда орындары мен базарларды, жанар-жағар май бекеттерін аралап жүр. Дегенмен 21 тамыз күні Ақтөбедегі тұрмыстық техника сататын “Сулпак” дүкені бағаны отыз пайызға қымбаттатып жіберді. Мұндай өзгеріс “Технодомда” да байқалды. Қалалық кәсіпкерлік бөлімі бағаны негізсіз көтерген сауда нүктелерінің үстінен монополияға қарсы шағым түсірген. Тиісінше шара қолданбақ.

    Жергілікті кәсіпкерлер қоймаларындағы тауарлар қорының тек екі-үш аптаға ғана жететінін айтады. Осы уақыттан кейін сырттан келетін тауарлардың бағасы өзгереді. Ал әзірге баға бірқатар азық-түліктің бағасы өзгермеуі тиіс.
    - Жарма, ет, сүт, көкөніс өнімдері қымбаттамауы керек. Алайда, ірімшік, спред майлар, қант пен тауық етінің бағасы қымбаттайды. Өйткені, бұл өнімдер сырттан әкелінеді.Дегенмен, аталмыш өнімдердің бағасы қор таусылғанша тұрақты болуы тиіс. Ең алдымен қант, шай секілді өнімдер қымбаттайды. Өйткені, бұл өнімдер Қазақстанда өндірілгенмен, шикізат сырттан тасымалданады. Ал астық өнімдері мен көкөніс бағасының қымбаттауы егіннің түсіміне байланысты. Тауар құны доллар мен рубль бағамына қарай өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін. Одан бұрын тауары қымбаттағандарға тиісті жаза қолданылады,- дейді Анар Даржанова

    Десе де жергілікті тауарлардың қымбаттауына ешқандай негіз жоқ.Өйткені, сырттан келетін тауар қымбаттағандықтан кәсіпкерлердің өз өнімін саудалау мүмкіндігі көбейеді.

    - Өткен жылдың желтоқсан айынан рубль құлдырағанда біз шығынға баттық. Ресейдің арзан еті нарықты жайлап алды. Амалсыз етті су тегінге сатуға мәжбүр болдық. Енді тауарымызды өз бағасымен сатуға және экспортқа шығаруға мүмкіндік туды. Қазір біз сатуды тоқтаттық. Енді бұған дейін 807 теңгеден өте арзанға сатылған етті 900 теңгеге бағаламақпыз. Тиісінше жыл соңына дейін 500 тоннаға жуық өнімді экспортқа шығарамыз.Әзірге баға көтерілген жоқ,-дейді “АкТеп” ЖШС директоры Арслан Исманов.
    Қысқасы, қордағы өнім таусылғаннан кейін азық-түлік қымбаттайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде халық тұтынатын өнімдер қымбаттап жатыр
  • Мерекелік жәрмеңкенің өнімдері өте арзанға сатылды
  • Нан қымбаттады
  • Бензин қымбаттайды
  • Ақтөбеде көкөніс қымбаттады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге