Қант тағы да қымбаттады

    Қант тағы да қымбаттады

    Ақтөбеде қант бағасы тағы да 6 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне облыстық статистика департаменті хабарлады. Ал, кәсіпкерлік бөлімінің басшылығы болса бұдан мүлде бейхабар.

    Қант бағасы 21 тамызда 141 теңгеден 156 теңгеге қымбаттаған болатын. Араға он күн салып Молдавадан әкелінетін тауардың бағасы тағы да шарықтап кетті. Яғни, қазір Ақтөбеде 1 келі қант 162 теңгеден сатылып жатыр.

    Статистика департаментінің мамандары Ақтөбеде тек қант бағасы ғана емес, балалар киімдері мен коммуналдық қызмет түрлерінің кейбірінің де ақысы өскендігін айтты. Тұрғындар пайдаланған әр текше метрі үшін ыстық суға тамыздан бастап бұрынғыдай 131 теңге 71 тиын емес, 155 теңге 41 тиын төлейді.

    “Керек.info” тілшісі бағаға қатысты ахуалды білмек болып қалалық кәсіпкерлік бөліміне хабарласқан еді. Басшының орынбасары Руслан Әжниязов болса, әдеттегідей байсалды. Шенеунік сауда орындарына күніне екі мәрте бақылау жүргізетінін, бағалардың еш өзгеріске ұшырамағанын алға тартты.

    - Кеше ғана сауда нүктелерін аралап шықтық. Қант бағасы 152 теңгеден сатылып жатыр. Ешқандай азық-түлік қымбаттамаған. Тек ірімшіктің бағасы өсуі мүмкін. Өйткені, ол шетелден тасымалданады,-дейді Руслан Әжниязов.

    Жауапты мекеме осылайша бәрі бәз баяғы қалпында деп алаңсыз. Ал сауда нүктелеріндегі баға мен статистика департаментінің мәліметі мүлдем басқа жағдайды көрсетіп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Азық-түлік қымбаттайды
  • Ақтөбеде халық тұтынатын өнімдер қымбаттап жатыр
  • Нан қымбаттады
  • Ақтөбеде көкөніс қымбаттады
  • Ақтөбеде электр энергиясы арзандайды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге