Қымбатшылық қыспағы

    Қымбатшылық қыспағы

    Ақтөбеде жанар-жағар май бағасы 128 теңгеге көтерілді. Мұны кәсіпкерлік бөлімінің басшылығы Атырау зауытының жөнделуіне байланысты, бензиннің Павлодар зауытынан тасымалдана бастағанымен байланыстырып отыр.

    4 қыркүйек күні Ақтөбеде бензин күрт 20 теңгеге қымбаттады. Аспандап кеткен баға туралы естіп, жүргізушілерден де маза кетті. Сол күні май құю бекеттерінде көлік кезегі көбейді. Жұрт көліктеріне мейлінше молырақ май құюға жанталасып жатты.

    Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Анар Даржанова мұны “нарық заңы” деп отыр. Даржанованың айтуынша, халық көп тұтынатын АИ-92/93 бензиннің бағасы шарықтау шегінен шықты. Еркін саудада литрі 119-129 теңгеден. АИ-95 маркілі бензин құны - 136-152 теңге аралығында. АИ-80 бензині және дизельдік отынның бағасы 19 мамырдағы шектеу бағасымен қалған.

    -Бензин қымбаттаса да негізгі азық-түлік қоржынына кіретін
    33 түрлі тағамның тоғызы немесе 27 пайызының бағасы өзгеріссіз. Мұндай баға Қазақстанның бізден өзге бірде бір қаласында жоқ. Ақтөбеде бірінші сұрыпты ұн, жұмыртқа, манка жармасы, арпа жармасы, тұз, тауықтың сан еті, қой еті мен тары қымбаттаған жоқ. Өңірге дизель отыны Атыраудан жеткізілетін. Ондағы зауыт жөнделуіне байланысты қазір Павлодардан тасымалданып жатыр,-деді Анар Даржанова.

    “Керек.info” тілшісі жанар-жағар май бағасының қымбаттауына орай жолаушы тасымалымен айналысатын “Автопарк” ЖШС ресми өкілі Руслан Жылқамановқа хабарласқан болатын. Оның сөзінше, әзірге дизель отынының бағасы өзгеріссіз.Егер ол да қымбаттайтын болса, біз де автобустарда жол жүру ақысын көтереміз,-деді Руслан Жылқаманов.

    Осы аптада мемлекет басшысы Н.Назарбаев бензиннің қымбаттауына байланысты пікірін білдірді.

    "АИ-92-95 бензинінің 30 пайызын біз Ресейден сатып аламыз. Егер біз олай істемегенде бізде бір айдан кейін бензин мүлде болмайтын еді. Бұл экономика заңдары, оған ештеңе істей алмайсың, теңестіру қажет (жағдайды), ал біз ортақ (экономикалық) кеңістіктеміз: кеден жоқ, шекара ашық. Сондықтан шара қолданып, барлығына түсіністікпен қарауға тура келеді. Егер адам
    100 мың долларға жол талғамайтын көлік сатып ала алса, онда жанармайды да дұрыс құйсын",-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Облыстық статистика депар-таменті осы аптада бензин мен қатар қант бағасының да қымбаттап кеткенін айтты. Бірақ, нақты қанша пайызға өскені туралы сауалға жауап бермеді.
    “Керек.info” газетінің өткен санында коммуналдық қызмет бағасы қымбаттай бастағаны туралы да жазған болатынбыз.

    Осы аптада “Ақтөбе жылу электр орталығы” мекемесі өкілетті органға жылу энергиясын өндіру тарифін көтеруді ұсынды. Мекеме қызметкері Гүлнұр Керееваның айтуынша, оған себеп - газ тасымалдау құнының өзгеруі. 1 қыркүйектен бастап жергілікті магистральды құбырлау бойынша газ тасымалдау құны 1182 теңгеден 6974 теңгеге өскен.Осыған орай қаладағы жалғыз жылу энергиясын өндіруші мекеме тарифті 74 пайызға өсірмек. Қазір мекеменің ұсынысын тиісті орындар қарап жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қант тағы да қымбаттады
  • Азық-түлік қымбаттайды
  • Ақтөбеде халық тұтынатын өнімдер қымбаттап жатыр
  • Нан қымбаттады
  • Бензин қымбаттайды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге