11/5/2018

    Ақтөбеде тегін жер алғандардың құрылысы жүрмей жатыр

    Ақтөбеде мемлекеттен 10 сотық жер телімін алып, баспана салғандар үйлеріне қоныстана алмай отыр. Өйткені әлі күнге дейін инженерлік желілер жүргізілмеген көрінеді. Тұрғындар құрылыс материалдарының ұрлануынан қауіптеніп, күндіз-түні үйлерін торуылдап жүр.

    11/5/2018

    Ржевте қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш ашылды

    Тверь облысының Ржев қаласында Жеңіс күні қарсаңында қайта жөндеуден кейін қазақстандық жауынгерлердің 100-ші және 101-ші атқыштар бөлек бригадасының мемориалдық кешені ашылды. Іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған Ақтөбе облысының делегациясы қатысты. Оның құрамына Ауған соғысының жауынгер-интернационалистері қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ржев шайқасының қатысушысы Балқасын Кенжеғариннің немересі Аслан Балқасынов, Ржев шайқасының қатысушысы Ермак Кужиевтің қызы Әлима Кужиева, Әлия мен Мәншүк атындағы «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Байдербес, жазушы Мейірхан Ақдәулетұлы болды.

    11/5/2018

    Соғыс жалмаған балалық

    ...Біз соғысты көрген жоқпыз, естідік, Соғыстан соң туғандармыз, Етек жауып, ес біліп. Соғыс үні жетім болып, жесір боп, Тұратындай әлі бізге естіліп…

    3/5/2018

    Ақтөбеде құрылыстан адамның бас сүйегі табылды

    Ақтөбе қаласында Болашақ ауданындағы құрылыс алаңдарының бірінен адамның бас сүйегі табылды. Оны ойын балалары көріп қалған.

    3/5/2018

    Ақтөбелік келіншек жаңа туған нәрестесінен айрылып қалды

    Ақтөбе қаласының тұрғыны Мейрамгүл Өтепбергенованың сәбиі перзентханада шетінеп кеткен. Ол нәрестенің өліміне денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған ережені кінәлап отыр. Жас келіншек дәрігерлер оны жатыр суы ағып кеткеніне қарамастан, босандыруға асықпағанын айтады. Алайда бұған ақхалаттылардың айтар өз уәжі бар.

    3/5/2018

    Ақтөбеде жоғалған азамат бір жылға жуық құлдықта болғанын айтты

    Ақтөбе қаласының тұрғыны Жанкелді Мыржақыпов шаруа қожалығында «еркінен тыс жұмыс істеген». Бір жылға жуық құлдықта болған ол өзін ұрып-соғып, қабырғасын сындырғанын айтады. Алайда бұл айыптауды кәсіпкер жоққа шығарып отыр.

    3/5/2018

    “Өлеміз” деп жылайды...

    “Керек.info” газетінің редакциясына хабарласқан келіншек аты-жөнін көрсетпеуді өтінді. Қ. А. – Ақтөбе қаласының тұрғыны. Бұрын жеке кәсібіне байланысты бірнеше рет онлайн несие алып, соңғысын денсаулығына байланысты төлей алмайды. Барлығы осыдан басталған. Оның бастамасымен ашылған ватцап желісіндегі 300 адамнан тұратын топқа өзі сияқты онлайн несие алып, төлей алмай, басар тауы, барар жері қалмаған қарыз алушылар жиналған. Олардың барлығы онлайн несие рәсімдеп, өте жоғары пайызынан қарыздары бірнеше есеге өсіп кеткендер.

    26/4/2018

    Құтырма ауруы көбейді

    Ақтөбе облысында жан-жануарлар арасында құтырма ауруы өршіп тұр. Жыл басынан бері жұқпалы аурудың 5 қолайсыз ошағы анықталды.

    26/4/2018

    Ақтөбелік әйел дәрігерлерді сотқа берді

    Ақтөбе қаласының тұрғыны Эльмира Кульманова 10 айлық баласының сал болып қалуына дәрігерлерді кінәлап отыр. Ол сау баласын мүгедек еткен медицина қызметкерлерінің үстінен сотқа шағым түсірді.

    26/4/2018

    “Халықтың алдында ұяттымыз!”

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбев Ақтөбені қоқыс полигонына айналдырған кінәлілерді атап, халықтан ұят болғанын айтты.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге