15/3/2018

    Құдайберген Жұбановтың Наурыз туралы өлеңі табылды

    Наурыз мерекесі қарсаңында біртуар тұлға Құдайберген Жұбановтың бұрын еш жерде жарияланбаған хаты бар екен деген сыбысты естіп, «Жұбановтар әлемінің» ғимаратына бардық. Бағытымыз – әулет мұражайы. Ауыздан-ауызға тараған сөздің мәтіні бізге жеткенше өзгеріп кетіпті. Сонда да бос қайтпадық. Қаламгердің «Наурыз құтты болсын» деген өлеңі туралы дерекке тап болдық. Кезінде лақап атпен жариялаған өлеңінде Құдайберген Жұбанов Наурыз мерекесінің өміршең мейрам екенін ашып айтыпты.

    15/3/2018

    Биыл ақтөбеліктер Наурызды бір ай тойлайды

    Ұлыстың ұлы күнін ақтөбеліктер биыл бір ай бойы тойлайтын болады. Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, Наурыз мерекесін қарсы алатын Ақтөбе халқына бір ай бойы түрлі салт-дәстүрлер мен этно-көрмелер ұсынылады. Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева мәлімдеді.

    15/3/2018

    Қалжыңы жарасқан ақтөбеліктер

    Ақтөбелік сазгер Орал Бәйсеңгір мен ақын Талғат Тілеулес - бір-бірін қалжыңмен қағытып жүрген құрдастар. “Орал мен Талғат айтыпты” деген қағытпа қалжыңдар ақтөбеліктердің аузында жүр. Төл мерекеміз қарсаңында қазақи болмыспен біте қайнасқан, құрдас көрсек қалжыңдағымыз келіп тұратын қанымызды бір тулатып алмақ ниетпен жерлес ағаларымызға жолықтық.

    8/3/2018

    Ажырасу ажал емес, бірақ...

    Ақтөбе өңірі ажырасу бойынша бірінші орында. Ерлер балалары үшін нәпақа төлеуден қашса, әйелдер психологиялық көмекке жүгініп жүр.

    8/3/2018

    Ақтөбелік келіншек күйеуінің кесірінен сәбиінен айрылды

    Ақтөбеде 20 жастағы келіншектің шала туған нәрестесі шетінеп кетті. Альбина Нарбекова сәбиінің өліміне күйеуін кінәлап отыр. Айтуынша, жолдасы оны аяғы ауыр болғанына қарамастан, үнемі ұрып-соққан көрінеді.

    8/3/2018

    Ақтөбедегі “Өнер орталығынан” шу шықты

    Ақтөбедегі Өнер орталығының жетекшісі Елубай Кенжалы қызметтен не үшін кетіп жатқанын айтып берді. Ақтөбедегі Өнер орталығының басшысы Елубай Кенжалы өз еркімен қызметінен кету жөнінде арыз жазды. Орталық жетекшісі (ресми түрде облыстық филармония директорының уақытша міндетін атқарушы — ред) мұндай қадамға тек өнер адамдарына аян себептермен барып отырғанын жеткізді.

    8/3/2018

    “Әдемілік бізге көптік етпейді!”

    Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз да келді, міне!

    1/3/2018

    Ақтөбеде оқу орталығының мұғалімі туберкулезге шалдықты

    Ақтөбеде шет тілдерін оқытатын “Дарина” оқу орталығының мұғалімі туберкулездің ашық түрімен ауырған. 20 жастағы мұғаліммен байланыста болған балалар енді толықтай медициналық тексеруден өтеді.

    1/3/2018

    Ақтөбеде жалдамалы жұмысшылар еңбекақыларын ала алмай жүр

    “Нұр Ақтөбе” ауданындағы құрылыс нысандарының жұмысшылары екі айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Оған қалалық құрылыс бөлімі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысының елде болмауы себеп болған секілді.

    1/3/2018

    Ақтөбе су тасқынына дайын ба?

    Биыл да Ақтөбенің бірнеше ауданы мен өзен жағалай орналасқан бау-бақша ұжымдарын су басуы мүмкін. Қазіргі кезде барлығы 43 елдімекенді су басу қаупі бар. Ол жерлерде 12 мыңнан астам адам тұрады. Ауыл әкімдері халықты ақпараттандырып жатыр. Қызыл судың алдын алу шаралары туралы баспасөз мәслихатында жауапты басшылар жеткізді.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге