27/7/2018

    Қазақтың тойы қанша тұрады?

    Қазақтың тойы қанша тұрады? Бар жинағанын тойда ғана шашатын қазақ шығынды есептейді ме? Өмірде бір-ақ рет болатын той үшін қалтаңызды қағуға дайынсыз ба?

    27/7/2018

    Тойдан қашқан қалыңдық жағдайды түсіндірді

    Ақтөбелік қыз күйеуге шыққалы отырған жігітінен тойына бес күн қалғанда қашып кетті. Интернетте ду ете қалған бұл хабарды оқыған халықтың пікірі екіге жарылды. Бірі қызды кінәласа, екіншісі жігітінен күдіктеніп жатыр. Біз сол келіншекпен сұхбаттастық. Оның да өз айтары бар екен.

    27/7/2018

    “Нұр Ақтөбе” мектебіне оқушы сыймай жатыр

    “Нұр Ақтөбе” ауданындағы жалғыз мектеп биыл оқушыға өткен жылдан да лық толғалы тұр. Әкімшілік оқу ғимаратындағы кейбір бөлмелерді көшіріп, қосымша кабинеттер дайындаудың қамын қарастырып жатыр. Ал оқушылары екі мектепке сыймай отырған “Батыс 2” ауданының 400-ден астам баласы жеке мектепке барады.

    20/7/2018

    Жағажайлардың жағдайы қалай?

    Биыл Ақтөбеде ауа-райы ерекше ыстық. Өткен жылға қарағанда қалалық жағажайларға асығатындар саны да көбейген. Бүгінгі жағажайлардың жағдайы қалай екенін арнайы көріп келдік.

    12/7/2018

    Ақтөбеде өткен аптада 4 адам суға кетті

    Ақтөбеде 23 жастағы қыз суға кетті. Оқиға 9 шілде күні кешке қарай болған. “Керек.info” тілшісіне бұл туралы Ақтөбе облыстық жедел құтқару жасағының мейіргер құтқарушысы Қайрат Аманшев мәлімдеді.

    12/7/2018

    Ескі үйдің мәселесі қашан шешіледі?

    Ақтөбедегі 80 жылдары гео-физиктерге арналып салынған екіқабатты үйде қазір адамдар тұрып жатыр. Салынғанына 40 жылға жуық уақыт болған үйдің әбден тозығы жеткен. Тұрғындар ағаштан салынған үй өртеніп кете ме деп қорқады.

    12/7/2018

    Айналайын, “Ақбұлақ”, су сұраймыз шапқылап...

    Ақтөбедегі Ақжар-2 ауданында екі аптадан бері ауыз су тоқтап қалған. Он мың адамды сусыз қалдырған АҚ «Ақбұлақ» кәсіподақ ұйымы аудан тұрғындарының наразылығын тудырды. Осымен екінші рет жиналып реніштерін білдірген тұрғындар ауыз су 4 күн ішінде берілмесе басқаша әрекетке көшеміз деп отыр.

    12/7/2018

    “Күйеуім тоқал алды...”

    Менi 21 жасымда ауылдың баласы алып қашты. Үйдегiлер “барған жерiңде қал” деген соң қалдым. Өзім қаланың қызы болған соң ауылға үйрену оңай болмады,"уақыт емшi" дейдi ғой бәрiнеде үйрендiк,таңертең бесте тұрып сиыр сауу,қазан-ошақ бәрi менің мойнымда болды,сол шаңырақтың жалғыз келiнi болдым, себебi жолдасым жалғыз ұлдары. Бір жылдан кейiн қызыма жүктi болдым. Қызымды кесір тілігімен босанған едiм,ота кезiнде жатырыма қатты зақым келiп, алып тастапты. Қызым айнымаған өзім. Енді сәби көтере алмайтыныма қатты қиналдым, жолдасым,енем барынша менi жұбатты. Қызым 2 жасқа толған соң қалаға көшіп келдiк.

    5/7/2018

    Ақтөбеде ер адам кәуапқа қақалып өлді

    Қайғылы оқиға Қарғалы ауданындағы Велиховка ауылында болған. Марқұмның артында жары мен екі баласы қалды.

    5/7/2018

    Жұбановтан шу шықты

    Ақтөбедегі Қ.Жұбанов университетіне жөндеу жұмысын жасаған 20 жұмысшы бір жыл бойы жасаған еңбек ақыларын ала алмай жүр. Жаз басталғалы университет алдын торуылдаған жұмыскерлер “ректор ақшамызды бермей отыр” деп шағымдануда. Келісім шартсыз жөндеу жұмыстарын жасаған оларға университет ректоры «біз оларға қарыз емеспіз» деп жауап қайтарды. Ақшасын алмаған жалдамалы жұмысшылар шарасыз отыр.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге