31/5/2018

    Күйеу таңдаудағы басты қағидалар

    Әрбір бойжеткен үшін бала сүйіп, күйеуге шығу – өмірдегі басты мақсаттардың бірі. Ерте кезеңдердегі қызына ата-ана жұбай таңдап, кіммен құда болатынын шешіп қоятын дәстүрлер түбегейлі жоғалған. Әр ару өз тағдырын өзі таңдай алады. Сезімге беріліп, ғашықтықтың көзсіз соқырлығымен таңдау жасауда қателесіп кететін құрбыларымыз да аз емес. Махаббат – ғажайып сезім, алайда, неке – алдағы тіршілігің мен өміріңнің кепілі.

    24/5/2018

    Ырғызда ауыл тұрғынын футбол қақпасы басып қалды

    Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 34 жастағы ер адам футбол қақпасының астында қалды. Қазір жарақат алған науқас ауруханада ем алып жатыр.

    24/5/2018

    Ақтөбеліктер автобусқа наразы

    Ақтөбедегі Заречный-3 ауылының тұрғындары №5 автобустың бұрынғы схемасымен қайта жүруін қалайды. Осыған дейін ЖШС «Автопарк» директоры мен қала әкіміне де арыздарын түсірді. Дегенмен қоғамдық көліктің жүру сызбасы әлі күнге дейін өзгертілмеген.

    24/5/2018

    Ақтөбеде тегін нан таратылып жатыр

    Ақтөбе мешіттері «Тегін нан тарату» акциясын ұйымдастырды. Діни басқарманың тапсырмасына сәйкес, Қасиетті Рамазан айының құрметіне орайластырылған шараға кәсіпкерлер де қуана ат салысып жатыр дейді ұйымдастырушылар.

    23/5/2018

    Психикалық науқас палатадағы көршісін ұйқы бермегені үшін өлтіріп тастады

    Ақтөбеде 28 жастағы әйел адам өзімен бірге тұратын науқасты орамалмен буындырып өлтірген. Қазір бұл қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

    17/5/2018

    Ақтөбеде былтыр суға кеткен отбасы тағы да үйсіз қалды

    Қурайлы ауылында бүтіндей бір отбасы далада қалды. Айтып келмейтін апат олардың жиған-тергенін былтырдан бері осымен екінші рет тас-талқан етті. Көктемгі су тасқынынан қираған үйлері енді өрттен зардап шекті.

    17/5/2018

    Ақ лайнерге үміт артқан қос ғашық

    2005 жылы Болат пен Айнұр туралы БАҚ-та жазды, ақындар да жырлады, халық та тебіренді. Жүрегі қатты адамның өзін езіп жіберетін 13 жыл бұрынғы оқиға ата-ананы естерінен тандырып, күллі қазақ халқының қабырғасын қайыстырды. Шынашақтай қыз бен батыр тұлғалы жігіттің есімдері тарихта алтын әріптермен жазылды. Сол ма еді керегі?...

    17/5/2018

    Қасиетті Рамазан айы басталды

    Адамдар үшiн тура жолды түсiндiрiп, ақ пен қараны, сауап пен күнәні, ақиқат пен жалғанды, жақсы мен жаманды айырушы, жаман қылықтан сақтандырушы, Құран Кәрiм түсiрiлген қасиеттi Рамазан айы да келіп жетті. Бұл қасиетті айда күллi мұсылман үмбеті Алла Тағала алдындағы парызы саналған Рамазан оразасын ұстайды.

    17/5/2018

    Ембіліктер салат ұрлағаны үшін істі болды

    Ақтөбе облысында Ембі қаласының екі тұрғыны тұздалған салаттарды ұрлағаны үшін сот алдына келді. Олар жабылған банкілерді ішімдікке ауыстырмақ болыпты.

    11/5/2018

    Ақтөбеліктер үш айда 74,3 млдрд теңге несие алған

    Облысымызда екінші деңгейлі банктердің 20 филиалы жұмыс жасайды. Қала тұрғындары екінші деңгейлі банктерге 305,4 млрд теңге қарыз екен. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалы хабарлады.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге