“Ақтөбе” оқу-жаттығу жиынында “СКА Хабаровск” командасын жеңді

    “Ақтөбе” футбол клубы Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында ресейлік “СКА Хабаровск” командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті

    Негізгі құрам: “Ақтөбе”: Отарбаев, Дәуітов (Жұмағали), Айтбаев (Жұмашев), Аслан, Жуниньо (Розыбакиев), Шестаков (Оңғарбаев), Митошевич (Шурыгин), Қожамберді (Кәкімов), Витор Жуниор (Абдукаримов), Кассиано (Бойчук), Зенькович (Сәулет);
    “СКА Хабаровск”: Довбня, Купчин, Микуцкис, Удалый, Черевко, Карасев, Друзин, Никифоров, Казанков, Корян, Лескано;
    Ойынның алғашқы бөлігінде ресейлік команда ширақ өнер көрсетті. Отарбаев қорғаған қақпаны біраз мазалаған СКА ойыншылары алғашқы таймда допқа иелік ету жағынан да, қақпаға соққы бағыттау жағынан да алда болды. Корянның айып добынан тепкен добы қақпа маңдайшасына тисе, Лескано мен Никофоров үш мәрте Отарбаевпен бірге-бір шығып, ақтөбелік қақпашыдан айлаларын асыра алмады.
    Екінші таймда “Ақтөбе” ойынды өз қолына алды. Ойынның 61-ші минутында қарсыластың қателігін оңтайлы пайдалана білген бразилиялық жаңа ойыншы Витор Жуниор қос қорғаушыны алдап өтіп, допты қарсылас қақпасына топ ете салды. Гол соққаннан кейін де “Ақтөбе” алаңда шабуылдаумен болды. Сондай шабуылдың бірін жас ойыншы Игорь Бойчук сәтті пайдалана білді. Әріптесінен пас алған Бойчук қарсылас қақпашысымен бетпе-бет шығып, есепті 2:0 қылып ұлғайтты.
    “Ақтөбе” кезекті жолдастық ойынын 31 қаңтар күні венгриялық “МТК” командасына қарсы өткізеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе” жолдастық кездесуде “Анжи” клубын жеңді
  • “Ақтөбе” ФК: Алғашқы ойындағы жеңіліс
  • ‘‘Ақтөбе’’ ФК өз аланыңда жеңіске жете алмады
  • Негізгі құрам ойыншылары әкелген жеңіс
  • “Ақтөбе” өз алаңында “Қайсарға” есе жіберді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге